Перейти к содержанию

Тоқаевтың қайта құруы. Қазақстан сыртқы және ішкі өзгерістер алдында

5 маусымда Қазақстанда конституциялық референдум өтті. Сайлаушылардың 80%-ы (68%-ы қатысты) Конституция баптарының үштен бірін қамтитын түзетулер пакетінің (барлығы 56 түзету енгізілді) қабылдануын қолдады. Реформаның мәлімделген мақсаты «суперпрезиденттік» жүйеден президенттік республикаға көшу, мұнда мемлекет басшысының басымдығы қуатты парламентпен шектеледі. Бұл елді басқаруды жақсартады, және стратегиялық көзқарас тұрғысынан қазақстандық мемлекеттілікті нығайтады. Жаңа конституция емес, қолданыстағы конституцияны өзгерту фактісі, өзгерістер ауқымы қаншалықты кең болуына қарамастан, оны жасаушы – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың – жаңа жүйе құруға емес, кезекті реконструкциялауға («қайта құру»)ұмтылысын білдіреді.  

Орталық Азия, Түркия және Әзірбайжандағы «өткір бәсекелестік» кезеңіндегі Қытайдың стратегиясы

ОА, Түркия мен Әзірбайжан елдерінде болып жатқан оқиғалар қытайлық БАҚ беттерінде жарияланып жатады, ақылмандар сарабының талдау нысанына айналады.   2022 жылдың наурызынан бастап қарастырылатын елдер жөнінде мамыр айының соңына дейін қытайлық масс-медианың (соның ішінде сараптамалық орталықтар) жариялаған материалдарының саны төмендегідей: Орталық Азия -48, Әзірбайжан- 57, Түркия — 61.

Орталық Азия елдерінің валютасы Ресей рубліне қалай ілесуде?

Ресей рублі шетелдік валюталарға қатысты қалыпқа түсті. Қазақ теңгесі, өзбек сомы, тәжік сомониы мен түрікмен манаты да нығайып келеді. Батыстың Ресейге қарсы  санкцияларынан кейін рубльден кейін Орталық Азия мемлекеттерінің валюталары да құнын жоғалта бастап еді.

Пикеттер мен қамауға алу – 2022 жылғы мамыр айы қалай өтті

Ағымдағы жылдың мамыр айында наразылық толқыны бірқатар елдерді шарпып өтті. Бұл қатарда Орталық Азия елдері, Иран ислам мемлекеті, бауырлас Түркия мен Әзірбайжан мемлекеттері де бар. Жалпы алғанда, наразылық 90 елді мекенде болған. Саны жағынан ерекшеленген Түркияның Стамбулы (100 мың адам) және Иранның Абаданы (500 адамнан аса).  Қақтығысты басу қатыгездігі – Түркиядағы наразылық акциялары барысында туындады (5 жиналыста наразылық білдірушілерді жаппай ұстау әрекетімен аяқталды).  

Париж Орталық Азия, Түркия мен Әзірбайжандағы оқиғаларды жіті бақылауда

Ағымдағы жылдың көктем айларында француз жаңалықтар порталында 44 материал –Орталық Азия елдеріне, 373 мақала — Түркия, 207-сі – Әзірбайжан еліне арналды. Көпшілік жағдайда бұл материалдар ірі жаңалық порталдарында бейтарап сипатта жарияланды.    

Өзбекстан ирандық портқа қызығушылық танытуда

Ресей-Украина соғысы, Ресейге қарсы жаппай батыстық санкциялар салынуы және еуропалық мемлекеттердің Еуропаға Ресей аумағы арқылы өтетін шығыс-батыс транзиттік дәліздерін жабу ықтималдығының артуы Орталық Азия мемлекеттерінің теңіз арқылы шығатын жолы жоқ елдеріне өз салқынын тигізуі ықтимал. Себебі бұл мемлекеттер ел ішіне және оның шекарасынан тыс елдерге Ресей арқылы автокөлік және теміржол дәліздерімен өтеді.

Қытай баспасөзінің «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасына қатысушы елдер туралы мақалаларына шолу 

Соңғы бірнеше жыл ішінде Қытай әлемдік аренада өзін жоғары деңгейде көрсетуді әдетке айналдырды. Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, Қытай «Белдеу және жол» бастамасының көмегімен Еуразияны қайта құруды қолға алған. Осылайша азиялық алыптың мүдделік шеңбері осы бағдарламаға қатысушы елдердің мүддесімен түйіндеседі. Қытайлық БАҚ өкілдерінің төменде аталатын елдерге қатысты көзқарасы осы жайтқа негізделіп отыр.  2022 жылдың 15 ақпанынан бастап 5 наурызға дейінгі аралықта қытайлық баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар саны жөнінен, ОА мен Иран елдеріне арналған мақала — көп, ал Әзірбайжан бойынша — аз.

Орталық Азия елдері және Әзірбайжан француз БАҚ назарында

Ағымдағы жылдың 01-15 ақпан аралығында француз баспасөз беттерінде Орталық Азия мемлекеттеріне арналған — 25, Әзірбайжан мемлекетіне арналған 45 материал жарық көрді. Орталық Азия туралы мақалалардың мазмұны, негізінен, бейтарап ақпараттық сипатқа ие болса, Әзірбайжан туралы мақалалардың 5%-ы жағымсыз мазмұнда жарияланған.