Перейти к содержанию

Өзбекстан ирандық портқа қызығушылық танытуда

Ресей-Украина соғысы, Ресейге қарсы жаппай батыстық санкциялар салынуы және еуропалық мемлекеттердің Еуропаға Ресей аумағы арқылы өтетін шығыс-батыс транзиттік дәліздерін жабу ықтималдығының артуы Орталық Азия мемлекеттерінің теңіз арқылы шығатын жолы жоқ елдеріне өз салқынын тигізуі ықтимал. Себебі бұл мемлекеттер ел ішіне және оның шекарасынан тыс елдерге Ресей арқылы автокөлік және теміржол дәліздерімен өтеді.

Соғысқа дейін Ресей, Украина, Польша мен Беларусь Еуропаны Шығыс Азиямен біріктіретін «Жаңа еуразиялық құрлық көпірінің» бір бөлігі боламыз деп үміттенді. Алайда 24 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путин Украинаға кең ауқымда басып кіруді қайта жаңғыртуға бұйрық берген кезде олардың бұл мақсатының күлі көкке ұшты. Бұл мәселе Қытайдың басын ауыртты, сондай-ақ Ресей, қара Теңіз бен Орталық Азияны кесіп өтетін «Белбеу мен жол» (BRI) бастамасының солтүстік бағытына қауіп төндірді.
Теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ Орталық Азия мемлекеттерінің иек артқан бір әдісі – халықаралық сауда барысында осынау аяқ астынан туындаған шиеленістің алдын алғысы келеді, яғни Каспий теңізі арқылы Баку-Тбилиси-Карс (БТК) темір жол тізбегіне шығу, бұл жол арқылы олар Еуропаға бағытталған тауарлар тасымалдай алады. Дегенмен солтүстіктен оңтүстікке Иран арқылы өтетін жолдың да маңыздылығы артуы мүмкін, себебі Иранның құрлықтағы транзиттік торабы Түркия және Еуропамен, сондай-ақ Парсы және Оман шығанақтарында ирандық порттармен байланысты қамтамасыз етеді. Бірақ ең маңызды жол Чабахар болмақ, бұл — Иранның Үнді мұхитына тікелей шығатын әрі Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде оған ең жақын орналасқан жалғыз теңіз порты.

Өзбекстан Чабахар портының транзиттік жобасына үлкен қызығушылық танытты, осының нәтижесінде үстіміздегі жылдың қаңтар айында, қазіргі Ресейлік-Украина соғысының басталуына бірнеше апта қалған кезде портқа кіру туралы келісімге қол қойды. Өзбекстанның экспорты мен импортының 80 пайызға жуығы Ресей арқылы өтеді. Сол себепті Ташкенттің екі аймақтан да жаңа транзиттік бағыт іздеуінің мәні бар. Чабахар порты Ташкенттің мүддесінен шығатын қолайлы өңір. Өзбекстанның Солтүстік Ауғанстанмен темір жол байланысы бар және де ол Чабахар портына кедергісіз өту мақсатында Герат арқылы ирандық темір жол торабына қосылуды жоспарлап отыр. Бұл әсіресе 2020 жылдың соңында Иранның Чаф-Херат трансшекаралық теміржол тізбегінің құрылысын аяқтап, салтанатты түрде Ауғанстанға жол ашуынан айқын аңғарылады, бұл екі ел мен Үндістан арасындағы мультимодальды (теңіз және теміржол) транзиттік байланысты одан әрі нығайтады.

Иран да Өзбекстан сияқты, талибтер билікке оралғаннан кейін Ауғанстан ислам Әмірлігімен тығыз байланыс орнатты, және де екі ел арасындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығының басым бөлігі дәл бұрынғыдай қайта жалғасып жатыр. Чабахар порты жобасына Өзбекстан қатысқан жағдайда Үндістан Орталық Азияның 80-миллиондық рыногына тікелей жол ашады, Орталық Азия аймағында Үндістанның дәстүрлі бәсекелесі – Қытай бес посткеңестік елдің негізгі сауда және экономикалық серіктесі болып табылады. Жалпы алғанда, Украинадағы соғыс пен Ресейдің Еуропаға транзиттік бағытына қойылған шектеулер есебінен Өзбекстанның Чабахар порты транзиттік жобасына қызығушылығы одан сайын артады, сондай-ақ бұл Орталық Азияның өзге мемлекеттерінің назарын өзіне аударады. Алайда бұл Орталық Азия елдері мен Ауғанстан тәліптерімен бақыланатын ел үкіметтері арасындағы қатынастардың одан әрі дамуын талап етеді.

Дереккөз: Kierunek Kaukaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *