Перейти к содержанию

2022 жылдың тамызында бірқатар елдердегі тұрақсыздықты талдау

2022 жылдың 1-31 тамыз аралығында ОА елдерінде, Түркияда, Иран мен Әзірбайжанда, жалпы алғанда, 233 наразылық акциясы өтті. 2022 жылғы шілдемен салыстырғанда, ең көп наразылық танытқан ел — Түркия (87), ал қатысушылар саны жағынан ең ауқымды наразылық акциясы Өзбекстанда өрбіді (шамамен 1000 адам).

Шетелдік БАҚ Орталық Азия туралы – шілде 2022

2022 жылдың шілде айында Орталық Азияда көптеген саяси оқиғалар болды: сараптамалық материалдарда Ресей мен Батыс арасындағы елдердің теңгерілу, қауіпсіздік және адам құқығы мәселелері, жаппай наразылық және Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі туралы тақырыптар қамтылды.

Орталық Азиядағы бұқаралық наразылық акциялары

7 елде бір ай ішінде 210 наразылық акциясы және/немесе жаппай тәртіпсіздіктер орын алды. Наразылық саны бойынша 2022 жылы шілдеде Түркияда 75 наразылық акциясы,  Иранда — 67, Әзірбайджанда — 50, Қазақстанда -31, Қырғызстанда — 13, Өзбекстанда – 2 акция өтті. Ең көп наразылық танытқан қатысушылар саны жағынан Өзбекстан алда тұр. Өзбекстанның конституциясынан Қарақалпақстанның автономиясын алып тастау туралы өзгеріс енгізуі  20-25 мыңға жуық адам қатысқан жаппай наразылық тудырды. 

Орталық Азия елдерінің саммиті: жаңа альянс құру мақсатында өтті ме?

Қырғыз қаласы Шолпан-Атада 20-21 шілдеде өтетін Орталық Азия мемлекет басшыларының төртінші Консультативтік кездесуінде  достықты, тату көршілікті және аймақтағы бес мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі келісімге қол қою жоспарлануда.   

Француз бұқаралық ақпарат құралдарының Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдеріне қатысты маусым айындағы жаңалықтарына шолуы

Алдыңғы айлармен салыстырғанда, Орталық Азия елдерінде маусымда өткен оқиғалар туралы француз БАҚ беттерінде аса кеңінен талқыланбады. Бір айда небары 15 материал жарияланды, оның 11-і Қазақстанға арналған. 

Орталық Азия, Түркия және Әзірбайжандағы «өткір бәсекелестік» кезеңіндегі Қытайдың стратегиясы

ОА, Түркия мен Әзірбайжан елдерінде болып жатқан оқиғалар қытайлық БАҚ беттерінде жарияланып жатады, ақылмандар сарабының талдау нысанына айналады.   2022 жылдың наурызынан бастап қарастырылатын елдер жөнінде мамыр айының соңына дейін қытайлық масс-медианың (соның ішінде сараптамалық орталықтар) жариялаған материалдарының саны төмендегідей: Орталық Азия -48, Әзірбайжан- 57, Түркия — 61.

Орталық Азия елдерінің валютасы Ресей рубліне қалай ілесуде?

Ресей рублі шетелдік валюталарға қатысты қалыпқа түсті. Қазақ теңгесі, өзбек сомы, тәжік сомониы мен түрікмен манаты да нығайып келеді. Батыстың Ресейге қарсы  санкцияларынан кейін рубльден кейін Орталық Азия мемлекеттерінің валюталары да құнын жоғалта бастап еді.

Пикеттер мен қамауға алу – 2022 жылғы мамыр айы қалай өтті

Ағымдағы жылдың мамыр айында наразылық толқыны бірқатар елдерді шарпып өтті. Бұл қатарда Орталық Азия елдері, Иран ислам мемлекеті, бауырлас Түркия мен Әзірбайжан мемлекеттері де бар. Жалпы алғанда, наразылық 90 елді мекенде болған. Саны жағынан ерекшеленген Түркияның Стамбулы (100 мың адам) және Иранның Абаданы (500 адамнан аса).  Қақтығысты басу қатыгездігі – Түркиядағы наразылық акциялары барысында туындады (5 жиналыста наразылық білдірушілерді жаппай ұстау әрекетімен аяқталды).  

Өзбекстан ирандық портқа қызығушылық танытуда

Ресей-Украина соғысы, Ресейге қарсы жаппай батыстық санкциялар салынуы және еуропалық мемлекеттердің Еуропаға Ресей аумағы арқылы өтетін шығыс-батыс транзиттік дәліздерін жабу ықтималдығының артуы Орталық Азия мемлекеттерінің теңіз арқылы шығатын жолы жоқ елдеріне өз салқынын тигізуі ықтимал. Себебі бұл мемлекеттер ел ішіне және оның шекарасынан тыс елдерге Ресей арқылы автокөлік және теміржол дәліздерімен өтеді.