Соңғы бірнеше жыл ішінде Қытай әлемдік аренада өзін жоғары деңгейде көрсетуді әдетке айналдырды. Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, Қытай «Белдеу және жол» бастамасының көмегімен Еуразияны қайта құруды қолға алған. Осылайша азиялық алыптың мүдделік шеңбері осы бағдарламаға қатысушы елдердің мүддесімен түйіндеседі. Қытайлық БАҚ өкілдерінің төменде аталатын елдерге қатысты көзқарасы осы жайтқа негізделіп отыр.
2022 жылдың 15 ақпанынан бастап 5 наурызға дейінгі аралықта қытайлық баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар саны жөнінен, ОА мен Иран елдеріне арналған мақала — көп, ал Әзірбайжан бойынша — аз. Мемлекеттер бойынша жарияланған мақалалар санының көрсеткіші төмендегідей:
- Орталық Азия — 22;
- Иран — 22;
- Түркия – 20;
- Әзірбайжан – 18.
Осы аталған елдер бойынша көбінесе ақылмандар трестінің сараптамалық материалдары жарияланды. Әсіресе Түркия тақырыбын ірі ақпараттық порталдар қозғағанын айта кету керек.
Ақпан айының соңында баспасөз осы мемлекеттердің экономикасы мен/немесе экономикалық мәселелері туралы кеңінен өрбітті. Осы тақырыптарға қоса мына тақырыптарды бөліп көрсетуге болады:
- Украиналық дағдарыс кезінде Орталық азия мемлекеттерін қолдау;
- Қытай мен ОА ынтымақатстығы;
- Иран ядролық мәмілесі туралы келіссөздер;
- Түркия – РФ мен Украина арақатынасын реттеу жолындағы делдал;
- Түркия мен Израиль арасындағы байланыстың қалыпқа келуі;
- Ресей мен Әзірбайжан арасындағы одақтас келісімшартқа қол қою.
1) Орталық Азия мемлекеті басшыларының Ресейдің Украинаға қатысты саясатын қолдауы нақты қадағалауда
Алайда қытайлық басылым беттерінде бұл позиция бірінші дереккөзден емес, Кремль сөзіне қарай сілтеме беріліп, жазылып отырғанын айта кету маңызды.
Мысалы, Кремль Қырғызстан мен Өзбекстан президенттерінің телефонмен байланысуына орай былай мәлімдеген:
«Минск келісімдерін бұзғаны үшін Киев жауапты екенін атай отырып, Садыр Жапаров Ресейдің Донбастың азаматтық халқын қорғау жөніндегі батыл әрекетіне қолдау білдірді».
«Олар Донбастың азаматтық халқын қорғау, Украинаны қарусыздандыру және фашизмнің қалдығын құрту жөніндегі арнайы әскери операция жүргізгеннен кейінгі жағдайды талқылады. Мирзиёев ресейлік тараптың әрекетіне түсіністік білдірді».
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шиеленісуші елдердің президенттерімен телефон келіссөзін жүргізді. Әңгіме барысында Тоқаев Украина мен Ресейдің келіссөз жүргізіп, пәтуаласуға жетуінің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Тоқаев қажет болған жағдайда қазақ елі осы мақсатқа орай ресейлік-украиналық шиеленістің делдалы болып, мәселені шешуге қатысты екі тараптың келіссөз жүргізуіне алаң бөлуге дайын екенін мәлімдеді.
2) Қытай мен Орталық Азияның бес мемлекеті арасындағы екіжақты сауда мен өзара инвестицияларға назар аударылады
Бұл тұста ауыл шаруашылығы, суды үнемдеу, электр қуаты, тоқыма өнеркәсібі, машина құрылысы және қайта өңдеу салалары бойынша бірнеше ірі жобаларды бөліп көрсетуге болады. Сонымен бірге аталған елдер Орталық Азия газ құбыры, Қазақстан-Қытай- мұнай құбыры және Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан жолы сияқты үш ірі жоба, «Бір белдеу, бір жол», ШЫҰ және тағы басқа жобалар аясында ынтымақтасады.
Қытайдың қоғамдық ғылым академиясының мүшесі және Қытай шекаралық институтының директоры Син Гуанчэн былай деді:
«Менің көзқарасым бойынша, екі тарап арасындағы ынтымақтастықтың ең нәтижелі көрінісі келесі үш аспект бойынша көрініс тапқан:
Біріншіден, Қытай және Орталық Азия елдері шекараны достық торабына, өзара сенім мен ынтымақтастық алаңына айналдырып, шекаралық мәселелерді өте жақсы шешті. Мұның өзі Қытай мен Орталық Азияның бес мемлекетін жаңа үлгідегі халықаралық қатынастар құрудың озық моделіне айналдырып отыр.
Екіншіден, экономикалық алаңда екіжақты сауда мен Қытай және Орталық Азия елдерінің өзара инвестициясы 100 есе өсіп, коммуникация саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізілді.
Үшіншіден, екі тарап та терроризмге қарсы ынтымақтастықты жүзеге асырады, сондай-ақ үш күшке және трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтармен бірлесіп күреседі, бұл аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа жол ашады».
3) Ядролық келісім жөніндегі келіссөздер мәре сызығында
Бұл келісімге 2015 жылы қол қойылған, бұл Иранды оның ядролық қызметін қатаң шектеуге алмастыруға қойылған санкциядан босатуға негізделген. Алайда 2018 жылы сол кездегі АҚШ президенті Дональд Трамп келіссөз құрамынан шығып, Тегеранға қатысты көптеген санкцияларды қайта қалпына келтірді. Оған жауап ретінде Иран Бірлескен жалпыға ортақ іс-қимыл жоспарында келіскен көптеген шектеулерді сақтауды біртіндеп доғара бастады. Джо Байденнің кезінде келіссөздер қайта жаңғырды.
14 ақпанда Иранның Сыртқы істер министрі Абдоллахиян егер АҚШ пен Ұлыбритания, Франция мен Германия Иран ядролық мәселесі жөніндегі жалпыға ортақ іс-қимыл жоспары талаптарына жауапкершілікпен қарап, орындаса, веналық келіссөздер қысқа мерзімде ымыраға келуі мүмкіндігін хабарлады.
4) Ресей-украиналық шиеленісіндегі Түркияның делдалдық рөлі
24 ақпанда Ресей Украинада арнайы әскери операциясын бастады. Ресей тарабы мұны «ДНР мен ЛНР қорғау жөніндегі операция» деп атайды.
2020 жылдың соңында Түркия президенті шиеленуші тараптар арасындағы келіссөздер процесінде делдал болуға дайын екенін мәлімдеді. Екі тарап та бұл өтінішке оң көзқарас білдірді. Түркия басшылығының пікірлері мен әрекеттеріне қарай ол Киевті қолдайды деген қорытынды шығаруға болады. Түркия Украинаның аймақтық тұтастығын қолдайды және оны қарумен қамтамасыз етеді, түрік елі Монтре Конвенциясына сәйкес әскери кемелер үшін өз бұғаздарын жабу туралы шешім қабылдады. Бірақ соған қарамастан ол Ресейге қарсы санкция жариялаудан бас тартты.
Операция басталған сәттен Эрдоган бірнеше рет екі елдің президенттерімен телефон арқылы хабарласып, Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің кездесуін ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді.
Президент Эрдоганның бастамасы бойынша 10 наурызда Анталиядағы дипломатиялық форум алаңында Ресей, Украина және Түркияның Сыртқы істер министрлерінің арасында үшжақты кездесу өтеді.
5) РФ мен Әзірбайжан арасындағы даму қатынастарының жаңа кезеңі
22 ақпанда Ресей мен Әзірбайжан одақтастық өзара әрекеттестік декларациясына қол қойды, бұл екі елдің даму арақатынастарының жаңа кезеңіне айналды. Декларация екіжақты ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша 43 кезеңнен тұрады. Құжат сондай-ақ, ішінара, өзара әскери көмек, қару-жарақ тасымалы, терроризммен күрес, парламенттік серіктестік түріндегі ынтымақтастық тармақтарынан тұрады.
Сондай-ақ қараңыз: «Аспанасты елінің Тұранға көзқарасы»