Перейти к содержанию

Аспанасты елінің Тұранға көзқарасы

Қытай мемлекетінің Орталық Азияның түркі елдері және олардың кейбіреуімен ортақ шекаралары бар Оңтүстік Кавказбен  геоэкономикалық және экономикалық ынтымақтастығына, жаһандық транспорттық жобасына Қытай медиасы кеңінен қызығушылық танытуда.  Бұған қоса, осы жобаларды жүзеге асыратын аймақтарда тұрақтылықты нығайтуға арналған ҚЖК (КПК) орнату мәселесіне басым назар аударылуда. 

Ақпан айының  алғашқы 15 күнінің өзінде қытайлық баспасөз беттерінде Орталық Азия мемлекеттеріне қатысты, соның ішінде, бір таң қаларлығы, Оңтүстік Кавказдағы Әзірбайжанға қатысты 38 мақала жарияланыпты. Орталық Азия туралы мақалалардың басым бөлігі Қытаймен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін қозғап отыр. Әзірбайжан туралы материалдар, негізінен алғанда, әзірбайжандық мемлекеттік шенеуніктермен, Әзірбайжанның Қытайдағы елшісі Акрам Зейналламен сұхбаттан құралған. Ең басты назар мынадай тақырыптарға аударылғаны байқалады:

  • Пекинде Қысқы Олимпиада ойындарының өткізілуі және елдердің Қытайдағы олимпиаданың ұйымдастырылуына көзқарасы;
  • Қытайдың Орталық Азия халықтарымен сауда-экономикалық ынтымақтастығы;
  • «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының аясындағы серіктестік;
  • Қазақстандағы қаңтар қақтығысы;
  • Қытайдың Орта Азия елдері және Әзірбайжанмен орнатқан дипломатиялық қарым-қатынасының 30-жылдығы;

7 мақаланың авторы Синьцзянь сараптамалық және ақпараттық порталы екендігін атап көрсеткеніміз жөн.

Әр ел бойынша жарияланған материалдар саны:

  • Қазақстан – 14;
  • Әзірбайжан – 10;
  • Түркменстан – 4;
  • ОА барлық мемлекеттері – 4.
  • Өзбекстан – 3;
  • Тәжікстан – 2;
  • Қырғызстан – 1.

Негізгі оқиғалар туралы қысқа дерек  

 

1) Қысқы Олимпиада ойындарының Пекинде ұйымдастырылуының мәні  

Жарияланған мақала мазмұндарына сүйенсек, елдер Қысқы олимпиа ойындарының Қытайда ұйымдастырылуына оң пікір білдірген. Әзірбайжанның елшісі әзірбайжандық спортшылардың Олимпиада ойындарына қатысуы туралы айта келе, қытай тарапынан жасалған жұмыстарды жоғары бағалаған.

«Мен Пекиндегі Қысқы Олимпиада ойындарының нысандарына барып, қысқы олимпиада ойындары инфрақұрылымының құрылысы қытай тарапынан өте жоғары деңгейде жүргізілгеніне көз жеткіздім. Қытайдың Қысқы олимпиада ойындарына дайындығы барлық тараптан жоғары бағалануы тиіс. Аталған халықаралық шара жоғары деңгейдегі спорттық оқиға болатынына сенімім мол, Қытай елі тағы бір жылын сәтті бастады» — деді Әзірбайжанның Қытайдағы елшісі Акрам Зейналлы.

 

2) Қазақстандағы қаңтар оқиғасы тақырыбына көп мақала жазылған  

Орта Азия елдерінің ішінде Қытайды өзінің географиялық орналасуына қарай аса қызықтыратын мемлекет – Қазақстан. Қытайлық ақпараттық порталдардың Қазақстанда болған оқиғаларға басым назар аударуының мәні осында жатыр. Қаңтар оқиғасы да назардан тыс қалмады. Бұл тақырыпқа көп мақала жазылды. Аталған мерзім ішінде Қазақстан бойынша барлық материалдарда осы тақырып қозғалды. Фудан университетінің құрметті профессоры, Қытай институтының директоры және Чунцю даму стратегиясы институтының ғылыми қызметкері Чжан Вэйвэй мен Фудан университетінің Қытайтану институтының қонақ қызметкері, Дінтану департаментінің директоры Цю Вэньпиннің сөздері GuangCha News порталында жарияланған Шанхай әлеуметтік ғылымдар академиясының зерттеулері назар аудартады.

«Бір қарағанда, Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздік газ бағасының шамадан тыс көтерілуімен, сонымен бірге байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтық, шенеуніктердің жемқорлығы, жұмыссыздық, инфляция және Қазақстанда тағы басқа қордаланған мәселелердің салдарынан болып отыр, осының салдарынан «түрлі-түсті революцияның» бірнеше белгілері пайда болды. Екі миллионға жуық тұрғыны бар Алматы қаласының өзінде ғана 20 000 қарулы қатысушылардың болуы, шет елдерден келген террорлардың қатысуы — бұл қақтығыстың алдын ала ойластырылған, дайындалған диверсиялық операция екендігінің айқын дәлелі».

 

3) Қытайдың ОА елдері және Әзірбайжанмен сауда-экономикалық ынтымақтастық ынтымақтастықты тереңдету жоспары

Бірнеше мақалада Қытайдың Әзірбайжан және Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасты дамытуы туралы жазылған. «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясында ынтымақтастық орнатуға басымдық берілген. Сондай-ақ, биыл Қытайдың аталған мемлекеттермен ынтымақтастық орнатқанына 30 жыл толуы атап өтілетіндігі айтылған, бұл түрлі салалар бойынша елдер арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға негіз болады.

«Сауда министрлігінің ғылыми-зерттеу институтының Еуразиялық институтының директоры Лю Хуацинь үш ұсынысын ортаға салды:

  • Ынтымақтастыққа арналған берік құқықтық негіз қалыптастыру, екі есе салық салу туралы келісімге жол бермеу,
  • Қытай-Еуропа пойыздары қозғалысының ықшамдалуын реттеу, порттық өзгерістердің әлеуетін арттыру және кедендік ресімдеу жұмыстарын жеңілдету,
  • Ауыл шаруашылығы саласын, медицина және оңалту, көгалдандыру, электрондық коммерция және жергілікті ынтымақтастықты одан әрі дамыту».

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *