Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) 2022 жылғы қыркүйек айы бойынша Орталық Азия елдерін шолуы
Самарқандта өткен ШЫҰ саммиті, Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы әскери шиеленіс, Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау, Ресейдің Украинаға басып кіруіне орай шиеленістің өршуі, Иран мен Үндістанның арақатынасы — бұл 2022 жылдың қыркүйегінде шетелдік баспасөз беттерінде қозғалған Орталық Азияға қатысты тақырыптардың бірқатары.