2022 жылдың шілде айында Орталық Азияда көптеген саяси оқиғалар болды: сараптамалық материалдарда Ресей мен Батыс арасындағы елдердің теңгерілу, қауіпсіздік және адам құқығы мәселелері, жаппай наразылық және Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі туралы тақырыптар қамтылды.
Қазақстан: Ресей мен Батыс арасында құрықта
Гарвард университетінің Дэвис атындағы Орталық Азия бағдарламасының ресейлік және еуразиялық зерттеулер орталығының директоры Наргис Касенова Еуразия кеңістігінде тереңдеп бара жатқан геосаяси бөліну аясында Ресейге де, Батысқа да дос, кәсіпкерлікке ашық ұлт ретіндегі Қазақстан позициясы үшін ашық үндеулердің артып келе жатқанын талқылады. Оның Politico басылымында жарияланған мақаласы Қазақстан Ресейдің ашуына тимей, өзге мемлекеттермен байланысты сақтауға және дамытуға ұмтылған сәтте жуырда болған қазақстандық-ресейлік қатынастарға баға берді.
4 шілдеде президент Тоқаев Еуропалық одақ көшбасшыларын қазіргі энергетикалық дағдарысты жоюға мұның көмегіне жүгінуге болатындығына сендірді. Келесі күні Новороссийск — Ресейдің қаратеңіздік портының соты — Еуропаға тасымалданатын, Қазақстан арқылы жүргізілген мұнай құбырын бір айға жабуға шешім қабылдады. Тоқтату туралы бұйрық мұнай құюды тарату ережелерін бұзғанына жауап ретінде шығарылды. Алайда, Тоқаев министрлер кабинетінің шұғыл отырысында Ресейді айналып өтетін Транскаспий дәлізін дамытуға бірінші кезекте көңіл бөлу керектігін үкіметке тапсырған кезде, сот өз шешімін қайта қарастырып, тоқтатудың орнына айыппұл тағайындады. Бұл шұғыл өзгеріс соттың әрекеті, сонымен бірге бұған дейін де наурыз айындағы дауыл кезінде жүктеу құрылғыларының бұзылуын желеу еткен алдыңғы тоқтатулар мен маусым айында акваторияда Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған миналарды іздеуі саяси мақсатқа құрылғаны және Украина соғысының салдарынан Ресей мен Батыс арасындағы санкциялық арақашықтықтың бір бөлігі болып саналғандығы деген күмән туғызады.
Маусымда өткен Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы екі елдің арақатынасындағы шиеленісті көрсетті. Тоқаев өзін анықтау принципінің аумақтық тұтастық принципінің пайдасына негізделуіне қатысты Қазақстанның ұстанымын растап, Донецк мен Луганск облыстарының квазимемлекеттік аумағын мойындамайтындығын мәлімдеді. Ол өздігінен анықтау қағидасын ұстану жүздеген жаңа мемлекеттердің пайда болуына әкеп соқтыратынын, бұдан хаос орнайтынын атап өтті, мұны ресейлік элитаға көпұлтты елдің бұлай дамуының салдары болатыны туралы сыпайы түрде ескерту деп қабылдау керек. Бұған қоса, Тоқаев халықаралық ынтымақтастықты және Қазақстанға инвестиция тартуды арттыратынын айтты. Ол Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) азиялық және таяушығыстық нарыққа қатысты аса белсенді әрі икемді сауда саясатын жүргізу керектігін, және де Қазақстан осындай жаңа жағдайда буферлік нарық рөлін атқара алатынын мәлімдеді. Ол сонымен бірге ЕАЭО пен «Бір белдеу, бір жол» қытайлық бастама арасында тығыз байланыс орнатқысы келетінін айтты.
Наргис Касенова Қазақстан қазіргі уақытта өзінің сыртқы саясатын қайта қарастыру жолымен шығынды азайтуды көздеп отырғанын мәлімдеді. Дегенмен Қазақстан Ресейде пайда түсіру үшін сауда жолдарын қайта бағыттаудан пайда табуға ұмтылғысы келетінін айтты. Қазақстан өзін әрекетшіл сауда ұлты, мейірбан көрші әрі пайдалы серіктес ретінде көрсетеді. Бірақ теңгерімді қалып іске асу үшін оған негізгі тараптардың қолдауы қажет, мұны барлығы тату ерік көрсеткенмен, мүмкін емес деп кесіп айтуға болмайды.
Тоқаевтың Сауд Арабияға сапары
Caspian News Тоқаевтың 23 шілдеде Сауд арабиясына алғашқы ресми сапары туралы жазды, бұл сапардың мақсаты Корольдік және Парсы шығанағының өзге де мемлекеттерімен қатынасты нығайту болып табылады. Сапар барысында бірнеше сала бойынша ынтымақтастық туралы 13 құжатқа қол қойылды, ол салалардың ішінде энергетика, сауда, қор биржасы, инвестиция, БАҚ, мәдениет, спорт және ауыл шаруашылығы бар. Екі ел басшылары мұнайхимиялық өнеркәсіп, атом энергетикасы, жасыл сутегі және басқа да бағыттар, соның ішінде ғарышты игеруді дамыту жоспарларын талқылады.
Тоқаев Сауд Арабиясын «Қазақстанның ең озық стратегиялық серіктесі» дей келе, оның елі өзара мүддені қамтитын түрлі болашағы бар салаларға саудиялық инвесторлар үшін ерекше жағдайлар және көптеген артықшылық спектрін ұсынуға дайын екенін мәлімдеді. Өз кезегінде Мұхаммед бин Салман екі ел арасындағы қатынас деңгейіне көңілі толатынын айтып, осы қатынастарды одан әрі дамыту әрі нығайтудың әлеуеті зор екенін атап өтті. Саудиялық компаниялардың қазақстандық аграрлық секторға инвестиция құюға қызығушылық арттырып отырғанын айтты. Тақ мұрагерінің айтуынша, азық-түлік дағдарысы жағдайында бұл саланың жаһандық маңызы зор.
Президент Тоқаев Қытай, Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия мен Түркияны біріктіретін Транскаспий дәлізін қосқанда, транзиттік-транспорттық және логистикалық мүмкіндіктерді әртараптандыру әрі кеңейтуді екінші маңызды мәселе деп атады. Ол сонымен бірге өз елінің Сауд арабиясына жоғары сапалы бидай, ұн және май өнімдерін тасымалдауда ірі әрі тұрақты, ұзақмерзімді тасымалдаушы болуға дайын екенін мәлімдеді.
Тәжікстан қауіпсіздік мәселелерін шешуде серіктестермен ынтымақтастықты нығайтуда
Халықаралық істер жөніндегі Үнді кеңесі (ICWA) қазіргі уақытта Тәжікстан басынан өткеріп жатқан ішкі және сыртқы мәселелерді, сонымен бірге үкіметтің өз әлеуетін нығайту мақсатында серіктес-мемлекеттермен екіжақты ынтымақтастық арқылы қабылдаған шаралары туралы талқылады.
Соңғы айларда Тәжікстан Таулы Бадахшан автономиялы облысындағы (ТБАО) наразылық пен озбырлыққа тап болды. Аймақты қадағалау бойынша ұйымдастырылған арнайы операциялардан бөлек, Тәжікстан үкіметі наразылықтың экономикалық себептерінің алдын алуға ұмтылып отырғаны туралы мақалада нақты айтылған. Тәжікстан билігінің министрліктеріне аймақтағы қосымша жұмыс орындарын ашуды мен жұмысбастылықты арттыруды тыпсырды. Сондай-ақ аймаққа инвестиция тарту қарастырылуда. Қытай компаниясы ТБАО Қытайдың Шыңжаңымен қосатын жолды қайта жөндеуді қолға алады.
Бір жағынан, бұл ел шекарада Қырғыз республикасымен шиеленісті жағдайға түсті. Күрделі шиеленіс салдарынан екі тараптан да кісі өлімі орын алып, мүлкі талқандалуда. Хабарландырулар бойынша, сәуір айында екі мемлекет шекарадан әскерінің бір бөлігін алып кетуге келіскен, ең соңғы қақтығыс 2022 жылдың маусым айының басында болған. Қақтығыс себептері – су ресурстарына қолжетімділік пен шекара маңындағы аудандарда аумақты қиып өтетін жолдарды пайдалану.
Бұған қоса, 2021 жылы тамызда Ауғанстандағы Гани билігінің күйреуі және Кабулды талибтердің басып алуы салдарынан Тәжікстанның алдына жаңа міндеттер қойылды. Кабулды басып алғаннан кейін президент Эмомали Рахмон Душанбе Ауғанстанның барлық этникалық топтары министрлер кабинетінде тәжіктердің «құрметті рөлімен» қатар таныстырылғысы келетінін мәлімдеді. Ол ауғандардың, сонымен қатар жергілікті тәжіктер мен өзбектердің мүддесін қорғамайтын билікті Душанбе мойындағысы келмейтінін айтты. Сонымен бірге, талибтер өз позициясын нығайтуда және көптеген елдер олармен байланыс орнатуда, Тәжікстанның Кабулдағы жүйемен арақатынасын әлі де зерттеу керек.
Мақалада Иран, Ресей және Өзбекстан сияқты стратегиялық серіктестерімен қатынасы қарастырылады, және де Тәжікстан мен Ресей, сондай-ақ Өзбекстан аралығындағы кезекті сапарлар бұл елдердің Тәжікстанмен қауіпсіздік әлеуетін арттыру үшін ынтымақтасуға дайын екенін білдіреді деген тұжырым жасалған. Ауған мәселесін шешуде өз мүмкіндіктерін одан әрі нығайту үшін Душанбе өзінің Оңтүстік Азиядағы серіктестерімен байланысуы ықтимал.
Түркменстан Сердардың ықпалында ма: не өзгерді?
Diplomat мақаласында Түркменстанда Сердар Бердымұхамедов президенттікке келген төрт ай ішінде аздаған өзгерістер болғанымен, барлығы бәз баяғы қалпында қалған деген тұжырымға келген. Саяси еркіндік пен адам құқығы көзқарасы тұрғысынан алғанда Сердардың басшылығында ешқандай өзгеріс болмаған. Қауіпсіздік қызметі бұрынғыдай елдегі ең қуатты агенттік болып, режимді сынаққа алып, бәрін қадағалап, цензура сүзгісінен өткізеді. Бұған қоса, Сердар министрлер кабинетіне өз командасын әкелген жоқ, және де инаугурациядан кейін жоғары лауазымды мемлекеттік шенеуніктердің бәрін өз орнында қалдырды. Ақыр соңында, түркмен елшілігі бүкіл әлем бойынша өз шетелдерде тұратын түркмендердің төлқұжатын ұзартпайтын саясатына еш өзгеріс енгізбеді.
Сердар президенттікке келгелі не нашарлады десек, мақалада әйелдер құқығы мен интернетке қолжетімділік туралы айтылады. 2022 жылдың сәйір айының басында әйелдерге арналған сұлулық салондарының басым бөлігіне санитарлық талаптар бойынша жабылуға бұйрық берілді. Бұған қоса, мемлекеттік секторда жұмыс істейтін әйелдерге кірпік салуға, тырнақ жалғатуға, еріндерін үлкейтуге немесе ботокс жасатуға тыйым салынды. Сондай-ақ мемлекеттік секторда жұмыс істейтін әйелдерге «тиісті деңгейде» дәстүрлі түркмен көйлегін киюге және джинс немесе қысқа юбка кимеуге бұйрық берілді. Мұның арасында, адамдар жылдамдық төмендігінен бұғатталмаған сайттарды қолдана алмай жүргеннің өзінде сәуір айында интернет толық өшірілді.
Мақалада Сердар елді жаулап алғаннан кейінгі бір-екі ай ішінде Сердардың президент болмысының жағымды сапасы ретінде инфляцияның төмендегені айтылған. Сонымен қатар, мақалада Сердардың елге кіретін және елден шығатын Түркменстан азаматтары үшін халықаралық сапарларды қайта жаңартқаны туралы жазылған.
Өзбекстандағы наразылық: Қытай көрермен бола ма?
Италияның халықаралық саяси зерттеулер жөніндегі институты (ISPI), Қарақалпақстанда болған наразылыққа байланысты Қытайдың ресми ұстанымын талдаған, бұл наразылық шілде айының басында автономиялық облысты референдум құқығынан және тәуелсіздігінен ажыратуы ықтимал конституциялық реформа жобасына жауап ретінде орын алған еді.
Мақалада Өзбекстандағы наразылық туралы қытайлық ресми дискурс әзірше мардымсыз күйде, ол Қытайдың Орталық Азияда әркез туындайтын наразылықпен, — сыртқы араласу мен жалған ақпарат таратумен күресуде қолданатын дәстүрлі жаңалықтарды ғана қамтиды. Қытайдың көзқарасын білдіретін дауыстар да біршама шектелген. Қытайдың Сырты Істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзянь 4 шілдеде өткен дәстүрлі министрлік баспасөз конференциясының соңында БАҚ өкілдерінің өтініші бойынша наразылыққа қысқаша пікір білдірген жалғыз дипломат ретінде танылды. Мақала жарияланған кезде, 12 шілдеде, Өзбекстандағы Қытай елшісі Цзян Яннің ресми пікірінен соң елшілік сайтында наразылық туралы қандай да бір ескертулер айтылмаған.
Авторлар Өзбекстандағы наразылық туралы қолжетімді пікір білдірген қытайлық басылым мен орталық топос БАҚ Қытайдың наразылық туындауына жауапты ретінде сыртқы акторлардың араласуы туралы шоғырландырылған тұжырымдамасына тиесілі екенін атап өткен. Бұл элемент сондай-ақ Украиндағы шиеленіс туралы қытайлық нарративтен пайда болған. Хуанцюдің қысқа мақаласын зерттегеннің өзінде «арам пиғылды шетелдік күштер» тіркесін қолдануы наразылықты сыртқы субьектілердің қатысуымен байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл нарратив де-факто билік пен қоғам арасындағы проблемалық қатынастан туындайтын саяси тұрақсыздық идеясын жоққа шығарады.
Чжаоның бірнеше сөйлемінде Мирзиёевтің президенттігі ұлттық «тыныштық пен бірлікті» сақтаудың көрінісі болып табылатыны туралы тұжырымы, нарратив сияқты, қытайдың саяси элитасы бұған өз қолдауын білдіреді. Қытай бұл наразылықты Мирзиёевтің Қарақалпақстанның автономиясы мен Конституцияға өзгеріс енгізу туралы ұсынысын әлеуметтік желілерде кеңінен тараған шетелдік жалған ақпаратқа сүйене отырып сипатаған. Осылайша, Қытайдың ұстанымы Мирзиёев билігінің сыртқы жақтасы позициясына келіңкірейді, және де елдің ешқандай белсенді рөлі қарастырылмаған. Наразылық бұрынғыдай ұлттық билік басқаруындағы «инцидент» ретінде қарастырылуда. Қытай да, басқа аймақтық акторлар да — мейлі мемлекеттік немесе көпжақты ұйым болсын — аталмайды. Ақыр соңында, авторлар Өзбекстандағы наразылықты жазуға және пікір білдіруге тартылған журналистер мен сарапшылардың Ресей базасынан алынғаны атап көрсетілген. Бұл шешім Қытайдың көзқарасы тарапынан, Орталық Азияның қауіпсіздік мәселелерін талқылау барысында Мәскеу басты назарда екендігінен хабар береді.
Дереккөз: Central Asian Bureau for Analytical Reporting