Перейти к содержанию

Қазақстан Әскери бюджетті арттыру және жаңа әскери заң

Қазақстан 2022 жылы қорғаныс секторына бір триллион теңге бөлді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда, 303,7 миллиард теңгеге артық. Қорғаныс шығындарының елеулі деңгейде өсуі аясында үкімет әскери заңға өзгеріс енгізуді ұйғарды. Республика бюджетінің 02.12.21 жылғы 2022-2024 жж. арналған алғашқы нұсқасында Қазақстан қорғаныс секторына 858,8 млрд теңге бөлген. Бұл қаражаттың 61%-ы Қорғаныс министрлігіне, қалған бөлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлікке және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне бағытталған. Жалпы бюджеттің жартысы — 494,6 млрд теңге – Қорғаныс министрлігіне бөлінеді. Бірақ 2022 ж. мамырда қорғаныс бюджеті 162,6 млрд теңгеге артты (оның ішінде 56,9 млрд теңге Қорғаныс министрлігіне бөлінді) және ол бір триллион 21 млн теңгеге жетті. Бұл өткен жылғы бюджетпен салыстырғанда, 303,7 миллиард теңгеге көп.

Бюджеттің артуы

24.07.22ж. Wall Street Journal мақала жариялады,  онда Украина соғысына байланысты Қазақстан билігі өз қорғанысын нығайтуда делінген. Автор аноним қазақстандық шенеунікке сілтеме жасап, Қазақстан қорғаныс саласы бюджетін $918 млн теңгеге артырып, АҚШ, Қытай және Түркиямен қорғаныс қатынастарын нығайтуды көздейді деп жазылған.

Баспасөз деректері бойынша, Қазақстан Украиндағы жағдайдан тиісті сабақ алды және қаражаттың бір бөлігі әскерді реформалауға және әскери резервті өсіруге қолданылады делінген. Ең алдымен, олар мемлекет мүддесіне сәйкес әрекет ету тиіс.

Өткен жылы Қазақстанның қорғаныс бюджетін арттыру туралы мәлімдеме жасалды. Егер бюджеттің шығынын қарастырсақ, көлемді қаражат Қорғаныс министрлігіне ғана емес, Ішкі істер министрлігіне де жұмсалған. Бұған екі жағдай әсер еткен: саясаткердің пайымдауынша, бірінші – қаңтар қақтығысы және екіншісі — Украина соғысы. Тоқаев қаңтарда ОДКБ шақыртты, осыған орай ол қазір жұртшылық алдында ақталғысы келеді. Екінші жағынан, ол Қазақстанның билік құрылымы ішінара әрекет етуге қабілетсіз екендігін көрсетті.

Елдің қайта қарастырылған әскери заңына Ресейдің қатысуы 

Министрлік мәліметі бойынша, қазіргі уақытта елде әскери қызмет өтеуге жарамды  220 мың азамат бар деп есептелген. Оның ішінде 35 мың адам әскерге шақырылушылар тізімінде. Осы жағдайлар аясында Қазақстан өзінің әскери заңына өзгеріс енгізіп отыр. Бұл құжатқа соңғы өзгеріс 2017 жылы енгізілген. Қоғам талқылауына ұсынылған құжатта «дағдарыс жағдайы» және «резервтегі әскери қызмет» сияқты жаңа ұғымдар пайда болған. «Мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін, тәртіп сақтау күзетін қамтамасыз етуге және ішкі тұрақтылықты қолдауға, халықты қорғауды қамтамасыз ету және үш жылдық мерзім ішінде дағдарыс жағдайында басқару орнықтылығын қамтамасыз етуге 4,5 трлн теңге қарастырылған, оның ішінде, 2022 жылы  – 1 705 млрд теңге, 2023 жыл – 1 443 млрд теңге,  2024 жылға – 1 369 млрд теңге».

Бұған қоса, жаппай қырып-жою қаруы, кибер шабуыл, ғарыш басымдығы, гибридті және ақпараттық соғыс туралы пікірлерді жиі кездестіруге болады. Жаңа заңда Қазақстанға қауіп төндіретін бірнеше фактор анықталған. Оның бірқатары төмендегідей:

  • Халықаралық қатынастардың жалпы шиеленісуі салдарынан жаһандық және аймақтық деңгейдегі экономикалық және саяси ықпал салаларын кеңейту мақсатында жаһандық және аймақтық державалар арасындағы шиеленістің күшеюі;
  • Халықаралық құқық тиімділігінің және мемлекетаралық қатынастарда әскери күш қолданудың алдын алатын және бұлтартпайтын халықаралық ұйымдардың мүмкіндіктерінің төмендеуі.

Жаңа заң қоғам тарапынан талқылауға түсті, алайда құжат әлі бекітілген жоқ. Қорғаныс министрлігі жаңа заң 2022 жылдың соңына дейін бекітіледі деп хабарлады. Қазақстан өз армиясының әскери дайындығын қолдауды, сонымен бірге мемлекеттің мобилизацияланатын дайындығын қолдауды, мемлекеттік материалдық резерв қорын жинауды және оның сақталуын ұйымдастыруды, және де телекоммуникацияның бірегей желісін мониторингтеуді жоспарлап отыр.  Сондай-ақ Қазақстан халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өзінің байланысын кеңейтуді мақсат тұтады. Құжат мәтінінде: «Елдің әскери заңының қорғаныс сипаты бар«, — делінген.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *