Перейти к содержанию

Орталық Азия елдерінің саммиті: жаңа альянс құру мақсатында өтті ме?

Қырғыз қаласы Шолпан-Атада 20-21 шілдеде өтетін Орталық Азия мемлекет басшыларының төртінші Консультативтік кездесуінде  достықты, тату көршілікті және аймақтағы бес мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі келісімге қол қою жоспарлануда.   

Ресейлік өкілдердің қатысуынсыз өтетін іс-шарада үнемі бейтарап ұстанымды қолдайтын Түрікменстан басшылары, және де қандай да бір ұйымға қосылудан қалыс қалатын Өзкбекстан басшылары қатысады.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін және Орталық Азия елдерінің басым бөлігінде орын алған қанда қақтығыстардан кейін бұл аймақта мұндай кездесу алғаш рет өткізіледі.

Шолпан-Атадағы саммит: мәні

Бес елдің көшбасшылары аймақтық қауіпсіздікке төнген қауіп пен үрейге бірлесіп әрекет ететін Орталық Азия елдерінің өзара әрекеттерін нығайту мәселелері бойынша пікір алмасады, аймақтың тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз етудегі ынтымақтастықты кеңейту келешегін, сонымен қатар Орталық Азия елдерінің мәдени-гуманитарлық өзара әрекеттестігін нығайтатын сұрақтарды талқылайды.

Қаазақстан Республикасының Сыртқы Істер министрлігінің ресми сайтында Қазақстан президентінің «Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан республикалары арасындағы ХХІ ғасырда Орталық Азияны дамыту мақсатындағы достық, тату көршілік және ынтымақтастығы туралы шартқа қол қою туралы» жарлығы жарық көрді.

Құжаттың түсіндірме жазбасында «геосаяси күйзелістер, халықаралық аренадағы шиеленістер,  Орталық Азия елдерімен өзара әрекетті тереңдетуде жаһандық қауіпсіздік барысында қауіптің күшеюі Қазақстан үшін аса маңызды» делінген.

Құжатта «Аймақтық ынтымақтастықты дамыту мақсатында сенімге негізделген қарым-қатынас орнату, аймақты тұрақты дамытуды қамтамасыз ету,  аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайту, сондай-ақ аймақ елдерінің мүддесін қозғайтын мәселелерді түрлі халықаралық алаңдарға шығару жөніндегі шаралар қабылданады. Үш консультативтік кездесудің нәтижесінде мемлекет басшылары аймақтық жақындасу процестері тұрақты сипатқа ие болды. Аймақтағы конструктивті көпқырлы саяси диалог реттелді», — делінеді.

Уағдаластықтың мәні «тараптар бір-біріне қатысты күш қолдану немесе қауіп төндіруді жақтамайтынын, жаһандық және аймақтық деңгейде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуда бірлесіп жұмыс жасайтынын, қазіргі үндеулер мен қатерге қарсы әрекет ету ұмтылысын үйлестіретінін мақұлдады». Сонымен бірге «бұл келісім Орталық Азия елдері арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, дүниежүзілік қауымдастықпен қарым-қатынатың оңтайлы үлгісін құруға және қазіргі үндеулер мен  қатерлерге қатысты жаңа бағыт жасауға, сонымен бірге аймақта мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етуге  негіз болады».

Тұрақсыздық алдындағы бірлік

Орталық Азия мемлекетінің көшбасшылары аймақ мүддесін қорғау үшін бірігуге ұмтылуда. Бұл үлкен ағасы – Ресейдің қатысуынсыз, осы мемлекеттердің басшылары дербес кездескен сирек жағдай болып саналады.  Осындай жағдай Кавказда да байқалады. Армения Түркия және Әзірбайжанмен қарым-қатынасын реттеп, сыртқы саясатын толық өзгертті, ал енді Грузиямен аймақта бірігуге және тығыз араласуға мүдделі. Бұл екі аймақ үшін де өте қауіпті сәт. Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту идеясы жаңалық емес, дегенмен бұл бастама бұрыннан айтылып жүр.

Осы мақсатта көшбасшылар алдымен Нұр-Сұлтанда, одан кейін Ташкентте бас қосты. Кейінірек саммит Бішкекте өтуі тиіс еді, бірақ елдегі ішкі жағдайларға орай әрі одан кейін орын алған президенттік және парламенттік сайлау шараларының салдарынан бұл шара кейінге ысырылды. Осыған орай өткен жылы Түрікменстанда консультативтік кездесу өтті. Төртінші саммит – бұл тарихи оқиға, егер барлық мемлекеттердің басшылары ортақ келісімге келсе, аймақтың мәселелерін бірігіп шешу шарттары пайда болады. Бұл сауда, экономика, инвестиция және қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықты нығайту үшін аса тиімді.

Шолпан-Ата қаласында өтетін саммит аймақтағы бірнеше мемлекеттегі қанды қақтығыстардан кейін, Түрікменстан билігі ауысқаннан кейін және Украинаға Ресей соғыс ашқаннан соң Орталық Азияның мемлекет басшыларының алғашқы кездесуі болмақ. Өткен жылы мұндай кездесу 2021 жылдың 6 тамызында Түрікменстанда болған. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бірінші Консультативтік кездесуі Нұр-Сұлтанда (2018), екіншісі – Ташкентте (2019) өтті. 2020 жылы Қырғызстанда өтетін саммит  короновирус пандемиясы салдарынан бір жылға кейін шегерілді, ал 2021 жылдың тамызында аймақтас көршілерін Түрікменстан қарсы алды.

Дереккөз: Kierunek Kaukaz

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *