Перейти к содержанию

Париж Орталық Азия, Түркия мен Әзірбайжандағы оқиғаларды жіті бақылауда

Орталық Азия елдері ішінде Франция Қазақстанмен өте тығыз қарым-қатынаста. Ол Қазақстан экономикасының ең басты шетелдік инвесторының бірі. Елдер арасындағы тауар айналымы 2,6 миллиард долларды құрайды. Пандемияға қарамастан, бұл ел бұрынғыдай ірі француз кәсіпорындарымен қатар ШОБ үшін де экономикалық тұрғыдан аса тиімді  аймақ болып табылады. Француз компаниялары әсіресе энергетикалық сектор, құрылыс, аэронавтика, теміржол және аграрлық азық-түлік секторларына мықтап дендеді.

Түркияға келсек, елдер арасындағы екіжақты қатынас аса күрделі. 2003 жылы түрік тарапынан билік басына Ердоғанның, содан кейін француз тарапына Николя Саркози келген күннен бастап арақатынас нашарлады. Соңғы он бес жылда талас-тартыс көбейіп барады. Дегенмен соңғы уақытта ел райы тынышталғандай. Екі ел арасындағы экономикалық қатынастар өсіп келеді, алайда ол саяси қатынастардың райына қарай түзіледі. Түркия Францияның 12-ші ірі тасымалдаушысы және 14-ші тұтынушысы болып табылады. Түркияда танылған француз компанияларының саны отыз жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда, қазіргі таңда 20 есе өскен.

Жыл басынан бері Францияның елшісі Әзірбайжанмен алда тұрған ынтымақтастық туралы бірнеше мәлімдеме жасады: Әзірбайжанның босатылған аумақтары – Қарабах пен Шығыс Зангезураны қайта қалпына келтіру саласына; минасыздандыру саласы, бірінші Қарабах соғысы барысында із-түссіз жоғалғандарды анықтауға көмек көрсету және аймақтық дамуға, атап айтқанда Франция су-энергетикалық торабын жөндеуді қаржыландыру мен өз тәжірибесін ұсынған Агдамды дамытуға атсалысады. Сондай-ақ білім мен мәдениет саласындағы ынтымақтастық жалғасуда.

Ағымдағы жылдың көктем айларында француз жаңалықтар порталында 44 материал –Орталық Азия елдеріне, 373 мақала — Түркия, 207-сі – Әзірбайжан еліне арналды. Көпшілік жағдайда бұл материалдар ірі жаңалық порталдарында бейтарап сипатта жарияланды.

Көрсетілген мерзімде қозғалған тақырыптар төмендегідей:

Орталық Азия:

  • Ресей-Украина соғысының Орталық Азия елдеріне әсері;
  • Қазақстандағы жаңа билік;
  • Сердар Бердымухамедовтің президенттігі;
  • Өзбекстанның энергетикалық секторына еуропалық инвестициялар тарту.

Түркия:

  • Түркияның РФ мен Украина арасындағы шиеленісіндегі Түркияның делдалдық рөлі;
  • Ресей-Украина соғысындағы түрік ұшақсыз ұшу аппараттарының рөлі;
  • Түркия мен Израиль/Сауд Арабиясы арасындағы қатынастарды реттеу;
  • Джамаль Хашогги ісін жабу;
  • Осман Кавалыдті өмір бойы қамау;
  • Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруіне Түркияның көзқарасы.

Әзірбайжан:

  • Ресей-Украина соғысына Әзірбайжанның көзқарасы;
  • Әзірбайжандағы соғысалды кезең;
  • Әзірбайжан-армян арақатынасының қалыпқа келуі;
  • Әзірбайжанның Еуропамен газ тасымалдау жөніндегі ынтымақтастығының күшеюі.

НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫ

1) Украиналық дағдарыстың Орталық Азия мемлекеттеріне әсері 

Ресей-Украина соғысы тұрғысынан Орталық Азия алаңдаулы, бұл зиялы қауым мен қоғамдық пікір туғызуда. Аймақтағы екі мемлекет — Қазақстан мен Қырғызстан  ресейлік интервенционизмнен қауіптенеді. Екі елде де қуатты орыс ұлыстары шоғырланған, олардың тетігі жұмсақ күш формасындағы қуатты мәдени ықпалды қолдау үшін пайдаланылуы мүмкін. Ресеймен шамамен 7000 шақырым шекараласатын Қазақстан өзін Путинге «қарыздар» сезінеді. Өзбекстан, Түркменстан және Тәжікстан елдерінде биліктің бейтараптығына сенімсіздік астарлы түрде көрініс табады, ал қоғамдық пікір Украинаны жақтауға мүдделі. Ең тығыз орналасқан Өзбекстан мемлекеті мен аймақтағы геосаяси қорған өзінің тәуелсіз мұраты мен Мәскеуге қатысты қосылмау саясатына қарай күрделі теңдестік іздеуде. Жаппай тұйықталу режиміне ден қойған Түркменстан географиялық тұрғыда шалғай жатқандықтан өзін Ресейден қорғаулымыз деп есептейді.  Ақыр соңында, Тәжікстанға тоқталсақ, Ауғанстанмен шекараны күзететін ресейлік әскери базалар орналасқандықтан Мәскеумен өте тығыз байланыста, сол себепті бұл мемлекеттің Ресей Федерациясының Украинаға әскери шабуылы туралы ашық түрде сынауға мүмкіндігі жоқ.

Осылайша, 17 наурызда ДНР мен ЛНР тараптарын мойындамау туралы мәлімдеген, сондай-ақ украиналық аймақтың тәуелсіздігі мен тұтастығын дәлелдеген Өзбекстанды қоспағанда, Ресейге қатысты аса өткір сыни ескертпелер айтылмады. Билік пен қоғамдық пікір қауіппен, алаңдаулы күйде Украина соғысы барысын бақылап отыр. Дегенмен соғыстың нәтижесі қандай болса да, оның салдары посткеңестік кеңістікке кері ықпалын тигізері сөзсіз. Геосаяси көзқарас тұрғысынан Кавказ бен Орталық Азияның Ресейге қатысты келешегі белгісіздеу, алайда қалыптасып жатқан сценарий Ресейдің ұзақмерзімді келешекте әлсіреуіне әкеп соғуда.

Егер Ресей Украинаны қалай да жеңсе, бұл осы мемлекеттердегі демократияландыру жөніндегі жұтаң күшке нүкте қояды. Жеңіліс қысымды әлсіретеді және соның салдарынан «үлкен ағасынан» құтылу үшін бұл мемлекеттердің диверсификациялаудың сыртқы саясатын жүргізуіне әкеліп соғады.  Ресей жеңілсе де, жеңсе де, Кавказ бен Орталық Азия елдері демократиялық, экономикалық және әлеуметтік даму тұрғысынан көп мүмкіндіктен айрылады.

2) Тоқаевтың саяси реформасы және «Жаңа Қазақстан» құруы 

Мәскеудің бұйрығы бойынша қарулы күштері араласпаса, билікті құлата жаздаған қаңтар қақтығысынан кейін, Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда «Жаңа Қазақстанға» арналған саяси және экономикалық жол картасын жариялады. Бұл бағдарлама отыз түбегейлі өзгерісті қамтитын, «тоқырауға жол бермеуге» әрі бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев құрған билікті тікелей реттеуге» бағытталған.

Мемлекет басшысы, жергілікті әкімшілік төрағалары мен жоғары лауазымды тұлғалар енді саяси партияларды басқара алмайды. Тоқаев ҮЕҰ біріктіретін жалпыхалықтық Құрылтай құру арқылы «билік пен халық арасындағы әлеуметтік диалог пен өзара әрекеттестікті» күшейтуді ұсынды. Бұқаралық ақпарат құралдарына «халық пен билік арасындағы делдал» міндеті жүктелді, бұл үшін олар сөз бостандығын қолдануы тиіс.

3) Ресей-Украина соғысындағы Түркияның делдалдық рөлі  

Ресей мен Украина арасындағы шиеленіс салдарынан Түркия тығырыққа тірелді. Түркия ресейлік шабуылды батыл түрде сынға алды, дегенмен Мәскеуге қандай да бір санкция салудан бас тартты. Түркия кез келген жағдайда Украина мен Ресей және/немесе Батыс пен Ресей арасында стратегиялық таңдау жасамауға үміттенеді. Себебі Түркия НАТО мүшесі болып саналады, сондықтан оған өзінің геосаяси жағдайымен тығыз байланысты,  және де шиеленіскен екі ел арасында бейтарап орынды иелену күннен күнге қиын соғуда. Түркия 85 миллион халқы мен өнеркәсібіне газ бен азық-түлік тасымалдау жағынан Ресейге иек артады.

Еуропалық қауіпсіздік пен халықаралық қатынас мәселелері жөніндегі маман Эммануэль Дюпюидің пікірі бойынша Түркияның делдалдық рөлі дипломатиялық тұрғыдан да, әскери арақатынасы жағынан да қуатты ұстанымға негізделген.

«Түркияға Украина шиеленісінің тез арада реттелгені және онымен шекараласатын Қара Теңіз, сонымен бірге Шығыс Жерорта теңізі, және де стратегиялық тұрғыдан мүдделі Кавказды қамтитын еуропалық қауіпсіздіктің жаңа архитектурасын анықтау ауадай қажет.  Осылайша, Түркия президенті Ердоған Киев пен Мәскеуге бірдей делдал, ол Мәскеумен байланыстың дипломатиялық мүмкіндіктеріне кепілдік беруге ұмтылатын ЕО, НАТО және АҚШ елдері үшін дипломатиялық арна болып табылады. Сондай-ақ ол Украинаға қару-жарақ тасымалдаушы ел, бір жағынан Кремльдің пұрсатты сұхбаттасы болып табылады. Түркия маңызды қызметтегі мемлекет, себебі ол 1936 жылғы Монтрё Конвенциясына сәйкес, Босфор бұғазын ашу немесе жабу мәселесіне төрағалық етеді».

РФ, Түркия мен Украина

Түркия бейтараптық формасын сақтауға ұмтылып, ең алдымен, экономикасы үшін қажетті шикізат бағасының, атап айтқанда, газ, металл және ауылшаруашылық өнімдерінің бағасына қатысты шиеленістің ықпалынан қауіптенді: пайдаланып отырған газының 34%-ын  Газпромнан, сатып алынатын майдың 10%-ы Ресейден түседі, 2021 жылы импортталған 87% бидай мен 79% арпа Черноморск аумағынан, Украина мен Ресейден түседі. Анкара 2020 жылы Қытай, Жапония мен Германияны артқа қалдырып, ресейлік алюминий алуда көш бастаған болатын.

4) НАТО кеңеюіне байланысты Түркияның ұстанымы 

Ресей-Украина соғысы басталғаннан кейін Ресейге жақын немесе шекаралас елдер Мәскеу тарапынан болатын әлеуетті қауіп-қатерден пана іздеді. Өз халқымен ақылдасқаннан кейін Швеция мен Финляндия көршілес мемлекеттерге басып кіруге қабілетті Ресейге қарсы НАТО құрамынан орын алуды қажет деп тапты.

18 мамырда Швеция мен Финляндия НАТО құрамына кіруге ресми өтініш білдірді. Бұған дейін, 16 мамырда, Ердоған Анкара Швеция мен Финляндияның Солтүстік Атлант құрлығына кіру туралы мәлімдемесімен келісе алмайтындығын хабарлады.

23 мамырда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркия аймақтық қызметке тиесілі деп санайтын күрділерді қолдау мәселелері жөніндегі қарама-қайшылықтар шешілген жағдайда, скандинавиялық елдердің НАТО құрамына кіруіне ықпалдасуға Анкара дайын екенін мәлімдеді.

НАТО, Финляндия мен Швеция

25 мамырда Анкарада Түркия, Швеция мен Финляндия өкілдері арасында үшжақты келіссөз жүргізілді. Тараптар Стокгольм мен Хельсинкидің НАТО құрамына кіруі туралы ұсынысын талқылады. Консультация жабық есік күйінде өтті, және де ол шамамен бес сағатқа созылды. Екі ел өкілдерімен келіссөздер қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында Түркия президентінің бас кеңесшісі, ресми өкіл Ибрагим Калын екі ел бұл республиканың талаптарын орындамайынша Швеция мен Финляндия НАТО құрамына кірмейді деп мәлімдеді.

«Біздің қаупіміз толық қанағаттанбайынша ешқандай әрекет туралы сөз қозғалмауы тиіс деген нақты ұстаным айтылды».

5) Әзірбайжан Еуропаға газ тасымалдауды арттырады 

Әзірбайжан — Еуропаға энергия ресурстарын тасымалдайтын сенімді тасымалдаушы, газ дағдарысы аясында Еуропаның осы елге «балама» газ көзі ретіндегі қызығушылығы артып келеді. Украинада орын алған жағдайға дейін ЕО кейбір мүше-мемлекеттері Оңтүстік газ дәлізін Батыс Балқанға дейін кеңейту жөнінде ұсыныс білдірген болатын.  Қазіргі уақытта Әзірбайжан еуропалық нарыққа энергия көздерін үздіксіз тасымалдау үстінде, және де экспортталатын газ бен мұнайдың көлемі одан әрі өседі деп күтілуде. Әзірбайжан газы Грузия, Түркия және Еуропаға ОМК (ЮГК) арқылы экспортталады.

Әзірбайжанның Экономика министрі Микаил Джаббаров Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда сөйлеген сөзінде өз елінің Еуропаға энергия тасымалдаушылардың тасымалын арттыру мәселесін талқылауға дайын әрі ашық екенін, алайда тасымалды арттырудың бірден бір кепілі осы секторға қосымша инвестиция тарту керектігі басты факторлардың бірі екенін айтты.

Қазіргі таңда Әзірбайжан Еуропаға «Шах Дениз» ірі каспилік газ кен орнынан жылына    10 миллиард куб метр газ жөнелтеді. 2022 жылдың алғашқы төрт айында Әзірбайжан Еуропаға 3,5 миллиард куб метр табиғи газ экспорттады.

Тағы оқыңыз: «Орталық Азия елдері мен Әзірбайжан француз БАҚ назарында»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *