Перейти к содержанию

Орталық Азия елдері және Әзірбайжан француз БАҚ назарында

Ағымдағы жылдың 01-15 ақпан аралығында француз баспасөз беттерінде Орталық Азия мемлекеттеріне арналған — 25, Әзірбайжан мемлекетіне арналған 45 материал жарық көрді. Орталық Азия туралы мақалалардың мазмұны, негізінен, бейтарап ақпараттық сипатқа ие болса, Әзірбайжан туралы мақалалардың 5%-ы жағымсыз мазмұнда жарияланған.   

13 материалдың ішінде негативті сипаттағы 7 мақаланы Lе Figaro газетінің журналистері Твиттерде жариялап отыр.   

Орталық Азия бойынша жарияланған мақалалардың сандық көрсеткіші төмендегідей:  

  • Түркменстан -11;
  • Қазақстан – 7;
  • Тәжікстан — 3;
  • Өзбекстан — 3;
  • Қырғызстан — 1.

Орталық Азия – маңызды стратегиялық аймақ болып саналады.   Әлемдік идеялар ағынына белсенді түрде ықпал етуге ұмтылатын Франция мемлекеті жергілікті кәсіпорындармен ынтымақтастық орнатып, маңызды аймақтардың бірінен орын алуды көздейді. Орталық Азияны дамытудың локомотиві, аймақтың экономикалық және адами әлеуетіне басым назар аударатын мемлекет – Қазақстан.   

Франция осыдан 10 жыл бұрын Қазақстанмен стратегиялық серіктестік орнатқан Еуропаның алғашқы мемлекеті екенін айта кету орынды. Қазіргі таңда бұл — тәуелсіздік алған жылдар ішінде қазақстандық экономикаға инвестиция құю көлемі жағынан үшінші орында тұрған ел. Осыған сәйкес, Франция Қазақстанның негізгі сауда серіктесінің бірі болып табылады.  

Өзге мемлекеттерде, атап айтқанда Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстандағы ахуал мүлде басқа. Ең алдымен, бұлар көлемі жағынан шағын мемлекеттер, оның үстіне, олардың нарығы тым тар, ал қаржылық мүмкіндіктері – шектеулі.   

Әзірбайжанға келсек, Әзірбайжан мен Армения арасындағы соғыс Париж бен Баку арасындағы екіжақты қатынасқа нұқсан келтіргендігі белгілі жайт. Алайда соған қарамастан екі ел арасындағы қарым-қатынастар даму үстінде. Аймақтық және халықаралық мәндегі мәселелер жөніндегі ашық саяси диалогпен қатар, білім беру және мәдениет, экономика, білім және туризм салаларындағы ынтымақтастық жүйелі түрде дамып келеді. Дегенмен француздық медиа кеңістікте жағымсыз пікірлер легі қылаң беріп жатады.   

Ақпан айының алғашқы 15 күнінде төмендегі тақырыптар кеңінен қозғалды:  

Орталық Азия:

  • Қазақстандағы қаңтар қақтығысы;
  • Түркменстандағы Президент сайлауы;

Әзірбайжан:

  • Әзірбайжанның ЕО-пен газ тасымалдау саласындағы ынтымақтастығы;  
  • Армян мұрасын әзірбайжандардың жоюы;
  • Әзірбайжанның 8 әскери тұтқынды босатуы.

 

НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫ

1) Қазақстандық дағдарыс пен аймақты тұтастай алғандағы Ресейдің ықпалына басым назар аудару   

Француздық бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстандағы қаңтар қақтығысы туралы талдауын жалғастыру үстінде. Барлығының пікірі бір арнаға түйіседі: осы оқиғадан кейін жалғыз мынадай түйін бар – Ресей осы аймақтың нағыз және сөзсіз қожайыны. Қазақтың басқарушы элитасына аса қымбат көпқырлы сыртқы саясаттың барлық дискурсы (яғни орыс ықпалынан азат, салмақты сыртқы саясат ұстанымы)  ажырауда. 

Шын мәнінде, Ресей біршама уақыт ішінде қазақстандық билік пен Қазақстанның басқа да серіктестеріне Ресейсіз олардың күні құрдымға кетуі мүмкін екендігін ашық көрсетті. Мәскеудің Орталық Азияның өзге мемлекеттеріне жіберетін нақты сигналы Ресейсіз тұрақтылық болуы мүмкін емес деген ұстанымға негізделеді.

Ресейдің бұл үстемдігі КСРО құлаған сәттен бастап Мәскеумен «таяу шетелдерде» бәсекелесуге ұмтылатын өзге де мемлекеттерге соққы боп тиді.   

Ресей Қазақстан президентінің тәуелсіздікке деген ұмтылысын басу үшін олардың тірлігіне араласты. Репрессиялық операциялар мен Тоқаев режимі күшейген соң ол Мәскеуге бағынышты болады.   Батыстың ықпалындағы бұрынғы республикаларға Ресей өз ықпалын тигізуге ұмтылады: Украинада шиеленіс стратегиясын ұстанса, Кавказда делдал позициясына шығып, Қазақстанда даулы президенттік орынды қорғаушының рөлін иеленген.    

Boulevard Extérieur басылымы журналистерінің пікірі бойынша:  

 

«Өз қуатын кеңейтуді мақсат тұтып, ірі империя құрумен қатар, Ресей барлық аса маңызды кеңістікте өз қауіпсіздігі мен стратегиялық жағдайын жасауға талпынып, шетелдік ықпалды тежеуді көздейді (тек қана америкалық емес, сонымен бірге түрік және қытайлық ықпалды)».

 

Осы жерде мына жайтты ескерген жөн: 

Пекин үшін Ресей — бұл Орталық Азиядағы тұрақтылыққа кепілдік беретін ірі держава. Бұл, өз кезегінде, Қытайға экономикалық жобаларын жүзеге асыруға, ішінара, бүкіл посткеңестік кеңістікті қиып өтетін Жібек жолы жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қытайға халық көтерілістерінің болуы өте қауіпті, болған жағдайда оны тез арада тоқтатпаса, өз аумағында көп салдары болуы ықтимал, әсіресе Орталық Азия халықтарының туыстас ұлыстары шоғырланған Шыңжаң өлкесі сияқты Орталық Азиямен шекаралас аудандарға салқыны тиюі әбден мүмкін.   

Қытаймен салыстырғанда, Түркия Қазақстандағы дағдарысты ұнатпайды. Анкара Орталық Азия елдерімен отыз жыл бойы түрік халқы мен осы мемлекеттердің халқының арасында болған  этникалық және тіл туыстығы тарапындағы байланыстарды қалпына келтіруді мақсат тұтады.    

2) Түркменстандағы мерзімінен бұрынғы сайлау. Биліктің әкеден балаға өтуі   

Түркменстанды 15 жыл басқарған 64 жасар көшбасшы Гурбангулы Бердымұхамедов орнын баласына босатуға емеурін білдіріп, елді «жас лидер»» басқаруы тиіс екенін мәлімдеді.   

«Президент бізге кезектен тыс Президент сайлауын 12 наурызда өткізуді тапсырды»  

 

Бұрынғы кеңестік Орталық Азиядағы осынау ешкіммен араласпайтын елдің сайлау комиссиясының өкілі Безерген Гарраев деп хабарлады. 

Президенттің жалғыз ұлы, 40 жасар Сердар экономика жөніндегі вице-премьер екені белгілі, және де ол әкесінің ақалтеке жүйріктерінің ұлттық қауымдастығындағы орнына отырды.

3) Әзірбайжан газын Еуропаға тасымалдауды арттыру мүмкіндігі   

Украина маңындағы шиеленіске байланысты, Еуропалық Одақ өз елдеріне газ тасымалдауға қауіптеніп отыр. Ресей 27 мемлекет тұтынатын газдың бір бөлшегін жеткізеді, ал Украина осы тасымалдың транзиттік елі болып саналады. Осыған орай, Брюссель және де Вашингтон дипломатиялық келіссөздер жүргізумен қатар Еуропа үшін баламалы мүмкіндіктерді қарастыру үстінде.

04.02.22 Әзірбайжан Президенті Ильхам Алиев Бакуде өтетін Оңтүстік газ дәлізінің аясындағы Консультациялық кеңесінің VIII министрлік мәжілісіне қатысатын Еуропалық Одақтың энергетикалық мәселелер жөніндегі комиссары Кадри Симсон бастаған делегацияны қабылдады. Кездесу барысында энергетика саласы бойынша, соның ішінде «жасыл энергия» саласы бойынша Еуропалық Одақ пен Әзірбайжан арасындағы ынтымақтастықты дамыту туралы пікір алмасты.   

4) Армян тарапының 44-күндік соғыста өзін құрбан санауы  

Жарияланған мақалаларда Әзірбайжанға қатысты теріс пікірлер бары анық. Алайда мұның аса маңызды себебі бар. Шамамен алғанда Франциядағы армяндар саны 500 мың адамға жетеді. Олардың бұл елдің қоғамдық-саяси өміріне ықпал етуінің дәрежесі туралы айтып жатудың қажеті жоқ – ол үшін армян халқының былтырғы соғысты объективті тұрғыда «жариялаған» француздық TF1 телеарнасына өз талаптарын қойып, қорқытып, телеарна сайтынан сюжетті алуға мәжбүр еткенін еске алудың өзі жеткілікті.  

2022 жылдың 7 ақпанында Францияның 2022 жылғы президенттігіне үміткер Кристиан Тобира Франция мемлекетіндегі армян қауымы құрған армян сайтына сұхбат берді. Ол өз сұхбатында былай деген:   

 «Француз дипломатиясы қырық төрт күндік соғыс барысында әзірбайжан тарапын бір де бір рет сөккен емес. Әскери әрекеттерін бастау жауапкершілігінің өзі бұлыңғыр болғаны белгілі, сол себепті Әзірбайжанның кінәлі екендігіне ешкімнің күмәні болмады, оның жалғыз мақсаты өзінің бейтараптығын дәлелдеуге негізделді. Сондай-ақ ол Түркияның бастамасымен әзірбайжандық әскерді қолдау мақсатында жиһадшыларды жібергенін кінәлады, бірақ одан ешқандай қорытынды шығармады».   

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *