Перейти к содержанию

Иранның көршілес мемлекеттердегі ахуалға көзқарасы

Иранның бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) Орталық Азия мен көршілес мемлекеттерде болып жатқан оқиғалар туралы мақалаларын үздіксіз жариялап отыр. Мұның басты себебі – Иранның аймаққа қатысты мүддесі. Иран бұл аймақтардағы ұсақ және орта бизнесті дамытуға қызығушылық танытып отырғанын атап айтқан жөн.

Түркия, Әзірбайджан, Қырғызстанның жекеше сектордағы ЖІӨ (ВВП) 75%-дан, ал Қазақстанның ЖІӨ-і 65%-дан артты. Өз кезегінде, Түркменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік компанияларының әлеуеті өте жоғары.
Иран мұсылман мемлекеттері арасында да, өзге де әлемдік алпауыт мемлекеттердің арасында да көшбасшы орынды иеленуді көздейді. Бұған 2000 жылдың орта тұсында сол кездегі лидер Хаменеи қол қойған елдің даму жоспары айқын дәлел болады.

Осының бәрі ирандық ақпарат порталдарының аталған мемлекеттердегі ахуалға назарын аударды. Ақпанның бірінші жартысында ирандық медиа беттерінде Орталық Азия, Түркия, Әзірбайжан мемлекеттеріне арналған 106 материал жарияланыпты.

ИРАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ ТУРАЛЫ

Орталық Азия елдерінің табиғи ресурсы өте бай, осы жайт Иранның бұл аймақтарға қатысты экономикалық қызығушылығын туғызып отыр. Мұнда мұнайдың әлемдік қорының 4%-ы және табиғи газдың әлемдік қорының 7%-ы қамтылған. Қазақстан темір кені қорына өте бай, Орталық Азия елдері түрлі-түсті және бағалы металдарға бай, елдің сыртқы оқшаулануы мен алтын қорын толықтыру үшін Иран бұл елдерге аса мүдделі екені жасырын емес. Осыған орай Иран Орталық Азияда өз мүддесін жылжыту үшін белсенді түрде күрес жүргізуде.

Орталық Азия тақырыбы жоғарыда аталған мемлекеттермен салыстырғанда, ирандық басылым беттерінде аса көп талқыланбайды. Көрсетілген мерзім ішінде Орталық Азия бойынша 21 мақала жарыққа шыққан.
Мақалалардың басым бөлігі (12) Қазақстандағы қаңтар қырғыны туралы әңгімелейді. 2 мақаланы сараптамалық орталық жариялаған.

Ирандық БАҚ Қазақстандағы болып жатқан жағдайды АҚШ «қаржыландырып отыр» деген пікірге сүйенеді. Бұл оқиғалар бірауыздан «түрлі-түсті революция» деп аталады.

«АҚШ көзқарасы тұрғысынан, Қазақстанда түрлі-түсті революцияның болуы заңдылық, себебі қазіргі билік Ресейдің одақтасы, ал АҚШ қазір Мәскеуге қарсы суық соғыс жүргізіп, Ресей кеңістігіне жақын мемлекеттерге енуге ұмтылуда. Ресейді Қазақстанның істеріне араласқаны үшін кінәлаған вашингтондық лидерлердің кейбір мәлімдемелері — АҚШ-тың Қазақстанға қатысы бар екендігінің басты айғағы. Сонымен қатар 2020 жылы Америка Құрама Штаттарының Демократия ұлттық көмегі (NED) арқылы Қазақстанның азаматтық қоғам топтарына 1 миллион доллардан аса қаражатты қайырымдылыққа бөлуі дәлел болады (2021 жылғы деректер қоғамға қолжетімсіз)».

 

Дегенмен, авторлардың пікіріне сүйенсек,Қазақстандағы наразылықтардың сәтсіз аяқталуынан кейін шетелдік элеменеттер әлі де тәртіпсіздіктерді жоспарлау үстінде жұмыстарын жалғастырып отыр.Каспий аймағы ол үшін қауіпсіздік көзқарасы тұрғысынан да, экономикалық әлеует тұрғысынан да үлкен мәнге ие екенін ескере отырып, Қазақстанның, тұтастай алғанда, бүкіл аймақтың берік тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қатысты Иранның мүдделілігіне назар аударылады.

ИРАН ТҮРКИЯ ТУРАЛЫ

Ирандық медиа Түркияның ішкі де, сыртқы да саясатына қатысты оқиғаларды жариялайды. Бұл Түркия мен Иранның энергетика, сауда және тағы басқа салалардағы ортақ мүдделері болуына негізделген. Түркияның Иранмен байланысы Ресеймен қарым-қатынасқа ұқсас, бір жағынан – мемлекеттер өзара ынтымақтастықта, екінші жағынан – ықпал ету тұрғысынан бәсекелес.

Бұл жағдайлар Ирандық БАҚ-ның Түркияға үлкен қызығушылық танытуына септігін тигізеді. Ақпанның алғашқы екі аптасында Иранның ірі медиа-платформаларында Түркия туралы 31 мақала жарияланған. Мақалалардың басым бөлігінде мына тақырыптар қозғалады:

  • РФ мен Украина арасындағы шиеленісті реттеуге қатысты Түркияның делдалдық рөлі;
  • Әлем бойынша болып жатқан қақтығыстардағы түркиялық ҰҰА (БПЛА) рөлі;
  • Түркия мен Израиль арасындағы қарым-қатынасты қайта қалпына келтіру;
  • Түркиядағы энергетикалық дағдарыс;
  • Түркия мен Ресей арасындағы күрделі қарым-қатынас;
  • Эрдоган мен оның партиясының рейтингінің әлсіреуі.

4 материалды İranian Diplomacy ақылшы тресі жариялағанын айта кетуіміз маңызды. Бұл порталда Түркия туралы жағымсыз негізде жарияланған мақала ерекше назар аудартады. Жалпы алғанда, аталған мерзім ішінде жағымсыз мазмұнда жазылған 5 материалдың 4-уін осы портал жариялаған.

НЕГІЗГІ ТҮЙІН

1) Иранның Түркия мен Израиль арасындағы қарым-қатынастың реттелуіне қатысты теріс көзқарасы

Мақалалардың мазмұнында Израиль мен Түркия арасындағы қарым-қатынастың қайта қалпына келуіне ирандық тараптың қарсы екендігі байқалады. Осы екі ел арасындағы дауды ескерсек, ирандық тараптың қарсылық білдіруі орынды.
Түркияда мамандандырылған ғалым әрі жазушы Мойна Наима The National Gazette берген сұхбатында екі ел арасындағы қарым-қатынастың қалпына келуіне қатысты өз ойын мәлімдеді:

«Біздің үмітіміз көп. Түркия – аймақта үлкен жауапкершілікке ие мемлекет екенін айқын сезінуі тиіс. Түркия қазіргі таңда Палестинаға қолдау көрсетуде, бірақ оның әлеуеті одан да зор».

 

Мойн Наим сионизмдік режимдегі елдердің қарым-қатынасының қалыпқа келгенімен бұл мемлекеттердің тұрғындары Израильге деген көзқарасын өзгертіп, жақсы қарым-қатынас орнатып кете қоймайды деп есептейді. Сондай-ақ ол аймақтық мемлекеттердің Израильмен байланысы жақсы жағына қарай қаншалықты өзгерсе де, халық бұл қарым-қатынастардың қалыпқа келуіне қарсы болады деген ойда.

2) Ресей-Украина арасындағы қарым-қатынасты реттеуге қатысты Түркияның делдалдық рөлі

Ирандық БАҚ бұл тақырыпты кеңінен насихаттауда. Украиналық дағдарыс Түркияның энергетикалық дағдарысына әсер етуі ықтимал деген болжам бар. Түркияға газ тасымалдайтын ірі мемлекет — Ресей, одан кейін Әзірбайжан мен Иран. Сарапшылар энергетикалық дағдарыстың салдарынан Түркияның ауыл шаруашылығы мен туризм саласы зардап шегуі мүмкін екенін ескертеді. Мысалы, Ресей ғылыми-зертету институтының директоры Салех Йылмаз Suzko ұлттық оппозициялық басылымына берген сұхбатында былай мәлімдеді:

«Соғыс болған жағдайда, Ресейдің табысының негізгі көзі болып саналатын «Түрік ағыны» және «Көк ағын» газ құбырларына шабуыл жасалуы мүмкін».

Сондай-ақ әлемдік шиеленістерде, әсіресе украиналық дағдарыста түрік ұшқышсыз ұшу аппараттарына (ҰҰА) басым назар аударылуда. Ресей түркиялық ұшқышсыз ұшу аппараттарының украиналық тарапқа сатылуына реніш білдіруде.

«Өткен жылы қазан айында украиналық әскерилер түрік ұшқышсыз ұшу аппаратының ресейлік сепаратистерге тиесілі әскери техниканы (гаубица Д-30) талқандаған видеосын жариялады. Бұл жағдай Ресей тарапынан сынға ұшырап, Кремль Түркияға ұшқышсыз ұшу аппараттарының «аймақты қауіпті жерге айналдырып отырғанын» ескерткен болатын.

 

Украина Түркия үшін тікелей екіжақты мүддені қолдайтын үйлестіру орталығы ғана емес екендігін атап өткен жөн. Ол — маңызды өзгеріс пункті әрі орталығы, егер ол Батыс пен Ресей арасындағы шиеленіс пен қақтығыстың алаңына айналса, Түркия бірнеше себепке қарай зардап шегуі ықтимал. Tasnimnews ақпарат порталы бұл шиеленістің Түркияға қандай кері әсері болатыны туралы қызықты теориясын ұсынды:

«Түркия мына себептерге сәйкес зардап шегеді:

  •  Украинамен сауда саласы бойынша ауқымды экономикалық табысынан айрылады;
  • Қара Теңіздегі газ өндірісі бойынша Түркияның қызметіне келетін қауіп;
  • Ресейлік газды Еуропаға өткізуге арналған кеңістіктіктің сенімсіздігі және Түркия газ тасымалдаудан түсетін табыс көзінен ажырайды».

 

Қырым татарларының мәселесі Түркия мен Украина арасындағы қарым-қатынастарды нығайтудың әрі дамытудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Түркияның Қырымды Украинаның бір бөлігі деп хабарлауы және татар халқының Ресеймен саяси, экономикалық және қорғаныс қатынастарының дамуына қарамастан қолдауы Ресейге соңғы жылдардағы жасаған ең батыл қадамдары екенін зор сеніммен айтуға болады.

ИРАН ӘЗІРБАЙЖАН ТУРАЛЫ

Иранда (халқының саны 82 миллион) әзірбайжандық қауым 15 миллион адамнан тұрады. Бұл, шамамен, Ирас Ислам республикасы халқының 16%-н құрайды. Әлеуметтік жоспар жағынан ислам дінін ұстанатын және Иранның маңызды этникалық әрі ұлттық қауымы болып есептелетін әзірбайжандардың ирандық қоғамда елеулі тобы бар. Бұл Иранның Әзірбайжанмен түрлі салалар бойынша ынтымақтастық орнатуға қатысты қызығушылығына негізделген.

1-15 ақпан аралығында ирандық басылым беттерінде Әзірбайжан тақырыбына 54 мақала жарияланған. Оның ішінде, 11 мақала мақтау сипатында болса, тек 3 мақала жағымсыз мазмұнда жазылған. 7 материал сараптамалық орталық және/немесе ақылшы трест беттерінде жарық көрген.

Жарияланған тақырыптардың ішінде келесі тақырыптарға басымдық беріліп отыр:

  • Иран мен Әзірбайжан арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейту;
  • Аймақтағы Зангезур дәлізінің рөлі;
  • Екіжақты кездесулер жоғары деңгейде;
  • Соғысалды кезең (Әзірбайжан мен Армения арасындағы 44 күндік соғыс) / Соғыс нәтижесінің көршілес мемлекеттерге тигізген әсері;
  • Иранның Әзірбайжаннан транзиттік бағыныштылығын азайту.

НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫ

1) Әзірбайжанды маңызды аймақтық серіктес санайтын контенттің көптігі

Жарық көрген мақалаларда Иранның аятолла Ибрагим Раиси басқаратын жаңа үкіметі мен Әзірбайжан үкіметінің экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай кеңейтуге қатысты батылдығы кеңінен қозғалған. Тараптардың өзара позитивті ұстанымы байқалады. Екі ел елшілерінің пікірлерін мысалға келтіруге болады.

Әзірбайжанның Ирандағы Елшісі Али Ализаде екіжақты ынтымақтастықты бағалай келе, былай деді:

«Екі ел арасындағы қатынасты тереңдету үшін, сондай-ақ ынтымақтастықты кеңейту үшін ешқандай кедергі жоқ, әсіресе энергетикалық секторда өте жақсы мүмкіндіктер пайда болып келеді».

 

Өз кезегінде, Иранның Әзірбайжандағы Елшісі Сейед Аббас Мусави осы тақырыпты қозғай отырып, Иран мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы қарым-қатынаста оң өзгерістер мен ынтымақтастық қарқындағаны байқалатынын айтты.

Солтүстік және Оңтүстік Халықаралық транспорт дәлізі жобасы Тегеран мен Бакудың экономикалық жобаларының ең маңызды бөлшегі болып саналады және осы дәліз бен Рашт тізбегіндегі Астара темір жол құрылысы аяқталса, екі ел арасындағы тасымалдау мен транзиттік байланыс өсетінін мәлімдеді.

2) Иранның Зангезур дәлізі жобасын жүзеге асыруға қызығушылығы

Зангезур Орталық дәліздің маңызды бөлігі, ол Түркия, Оңтүстік Кавказ бен Орталық Азияны біріктіреді, сонымен бірге Түркі мемлекеттерінің ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді. Иран осы жобаны іске асыруға мүдделі. Жуық арада темір жолды Джульфа қаласы арқылы реконструкциялау мәселесі талқыланады. Осылайша, Иран Оңтүстік Кавказ елдерімен темір жол байланысын қайта жаңғыртады.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *