Қытай баспасөзінің «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасына қатысушы елдер туралы мақалаларына шолу
Соңғы бірнеше жыл ішінде Қытай әлемдік аренада өзін жоғары деңгейде көрсетуді әдетке айналдырды. Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, Қытай «Белдеу және жол» бастамасының көмегімен Еуразияны қайта құруды қолға алған. Осылайша азиялық алыптың мүдделік шеңбері осы бағдарламаға қатысушы елдердің мүддесімен түйіндеседі. Қытайлық БАҚ өкілдерінің төменде аталатын елдерге қатысты көзқарасы осы жайтқа негізделіп отыр. 2022 жылдың 15 ақпанынан бастап 5 наурызға дейінгі аралықта қытайлық баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар саны жөнінен, ОА мен Иран елдеріне арналған мақала — көп, ал Әзірбайжан бойынша — аз.