Перейти к содержанию

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) 2022 жылғы қыркүйек айы бойынша Орталық Азия елдерін шолуы

Самарқандта өткен ШЫҰ саммиті, Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы әскери шиеленіс, Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау, Ресейдің Украинаға басып кіруіне орай шиеленістің өршуі, Иран мен Үндістанның арақатынасы  — бұл 2022 жылдың қыркүйегінде шетелдік баспасөз беттерінде қозғалған Орталық Азияға қатысты тақырыптардың бірқатары.  

Қазақстан президенті не себепті кезектен тыс сайлау өткізбекші?  

«Азаттық радиосы сайтында жарияланған мақаладаТоқаевтың 1 қыркүйектегі жалпыұлттық үндеуінде кезектен тыс президентік сайлау өтетінін жариялауы туралы талқыланған.  Тоқаев жаңа мандат «әділ Қазақстан» құруға қажетті  «іргелі және   тұтастай қамтитын реформаларды» жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп санайды — ол осы ұранын қазақстандық парламентте сөйлеген сөздерінде бірнеше мәрте қолданды.  

Бұған қоса, оның бір сағаттық сөзі популистік саяси ұсыныстарға толы болды, соның ішінде жемқорлыққа қарсы тексерулер нәтижесінде алынған құралдарды мектеп құрылысына жұмсауға және байлық құралдарына салық салуға уәде берді. Мемлекет маусымдағы референдум арқылы өз ата заңына бірқатар түзетулер енгізгеннен кейін бірнеше ай өткен соң, Тоқаев президент өкілдігін жеті жылға созу үшін және қызметтегі президентті тек бір ғана мерзімге сайлаумен шектеу үшін жаңа конституциялық өзгерістер енгізуге ұмтылатынын мәлімдеді.   

Vlast.kz ақпарат сайтының негізін қалаушы Вячеслав Абрамовтың айтуынша, «Тоқаев және оның командасы нәтижесінде 230-дан аса адам қаза тапқан жаппай көтеріліс орнаған қанды қаңтар қақтығысынан кейін бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жақтас қарсыластарынан айласын асыруға жол ашқан бар мүмкіндікті мейлінше пайдаланғысы келеді» делінген. Абрамовтың пайымдауынша, Тоқаевтың командасы, ең алдымен, сайлауды өз бағдарламасындағы реформалардың «сенім туралы референдумы» ретінде таныстыруы ықтимал.   

Саясаттанушы Ғазиз Әбішевтің айтуынша, мерзімінен бұрын сайлау өткізудің басты себебі – Тоқаевтың Мәскеуден қауіптенуі және қаңтар оқиғасынан кейін билікті одан әрі нығайтудағы мүддесі. Егер Тоқаев қайта сайлаудан өтсе, оның қазіргі өкілеттігінің мерзімі 2024 жылы аяқталар еді, оның кампаниясы Ресейдегі президенттік сайлаумен тұспа-тұс келуі ықтимал еді дейді Әбішев, және де сараптамашы Украинаға басып кіргеннен кейін «біздің көршіміздің қаншалықты алысқа шабатынын білу қиын» деп түйді. Бұған қоса, Әбішев бұрынғы президент Назарбаевтың туыстары экономиканың елеулі бөлігін бұрынғыдай бақылап отырғанын және олардың белгілі бір келіссөздік күші бар екенін атап өтті. Қазіргі таңда Назарбаевтың айналасындағылардың қатысуымен «қайта  қалыптасу немесе контртөңкеріс» болуы неғайбыл, Әбішев «Азаттық» радиосына берген сұхбатында «дегенмен Тоқаев тәжірибелі саясаткер ретінде қауіп-қатерді мейлінше ескереді» деді.  

Ақыр соңында, Тоқаевтың кезектен тыс сайлау өткізуге шешім қабылдауына экономикалық қиындықтар да түрткі болып отыр. PRISM саяси тәуекелдерді талдау жөніндегі британиялық компанияның негізін қалаушы Кейт Маллинсон, Тоқаев қазіргі уақытта «халық тарапынан зор сенімге ие болып отыр, халқы оның Назарбаевтың отбасын ығыстыру және жемқорлықты азайту туралы жуырда айтқан бастамаларын» қолдайтынын, және де алдыңғы қыс «көптеген шаруашылықтар үшін төтенше жағдайда ауыр болатынын» мәлімдеді. «Кезектен тыс сайлау осы қиындықтар басталмай тұрып, Тоқаев өз мандатын нығайтып алу үшін өткізіледі».  

Жаңа тепе-теңдік іздеу жолындағы Қазақстанның сыртқы саясаты   

The Central Asia-Caucasus Analyst Гарвард университетінің Дэвис атындағы Ресей және Еуразиялық зерттеулер орталығының Орталық Азия бойынша бағдарламасының аға ғылыми қызметкері Наргис Хасенованың қазіргі геосаяси оқиғалар аясында жаңа сыртқы саяси тепе-теңдікті қалыптастыру барысында Қазақстанның басынан өткеріп отырған мәселелері туралы мақаласын жариялады.  Қазақстанның жүйелі әрі жемісті көпвекторлы саясаты Ресейдің Украиндағы соғысына төтеп беруге тура келеді, және де Қазақстанның енді Ресейге де, Батысқа да жағуы қиындайды. 

Мақалада соңғы жылдарда Қазақстанның сыртқы саясатына ықпал еткен негізгі геосаяси акторлармен қатынастарына шолу жасалған. Наргис Касенова толыққанды саяси оппозиция немесе сыртқы саясат бойынша эпистемологиялық қауымдастықтың болмау салдарынан сыртқы саясатта көпшілік дебаттар көп болмаған. Алайда БАҚ басылымдары және әлеуметтік желілердегі пікірталастарда Ресей Қазақстанның қауіпсіздігі мен территориялық тұтастығына қауіп төндіре ме, Ресей мен Батыс арасындағы геосаяси бөліну салдарынан туындаған залалға Қазақстан қалай төтеп бере алады, Түркия, Қытай және Орталық Азияның басқа да мемлекеттерімен тығыз  серіктестік қатынас орнату мүмкіндігі сияқты бірқатар сыни мәселелер мен дилеммалар орын алған. Мақалада аталған мемлекеттің Батыс тарапынан екінші санкцияның алдын алуға және сауда жолдарын диверсификациялауға, соның ішінде Транскаспий дәлізін дамыту жөніндегі еңбек пен Түркия және Иранмен ынтымақтастық жобаларына бағытталған  әрекеті қарастырылған.

Сондай-ақ, мақалада қазақстандық сыртқы саяси бағыттың күшті және осал тұстарына талдау жасалған. Автор сыртқы саяси тұжырымның ұлттық құрылысқа бағытталуы мен қазақстандықтарды қорғау мақсатында қауіпті аймақтарда тұратын өз азаматтарын эвакуациялау бойынша үкіметке көп күш түскені туралы жазған.  Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі мен Астанадағы ЕҚҰЕ саммиті сияқты мансапқұмар жобаларға, Тұңғыш президентті ұлықтауға шектен тыс инвестиция салынуы Назарбаев дәуіріндегі қазақстандық сыртқы саяси бағыттың әлсіз тұсы болып табылады.  

Мақалада Қазақстан жаңа тепе-теңдікке ие болатындығы әлі де белгісіз деп тұжырымдалған. Транскаспий дәлізін дамыту және Оңтүстік Кавказ, Түркия және Иран мемлекеттерімен серіктестік орнатуы жуырдағы бірнеше жыл ішінде зор әлеуетке ие болатыны түсінікті. Түркия Қазақстанға кез келген жағдайда қолдау көрсетуге дайын бауырлас еуропалық мемлекет екені аса маңызды. Парсы шығанағы елдерімен қарым-қатынастың әлеуетін мейлінше қолдануға біраз күш жұмсалады. Олар инвестиция көзі және әлемдік энергетикалық сектордағы ықпалды серіктес ретінде қаралады. Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық күн тәртібінде маңызды орын алады.  

Қазақстан Ресеймен қатынастың әлсіреуі аясында балама транспорттық бағыт іздеуде  

Caspian Policy Analyst Ресейдің Украинаға шабуылы салдарынан туындаған экономикалық және энергетикалық жағдайдың нашарлауына орай, Тоқаевтың Әзірбайжан президенті Ильхам Алиевпен Бакуде кездесуін талқылады.  Екі көшбасшы бірқатар құжаттарға қол қойды, оның ішінде стратегиялық қатынастарды нығайту декларациясы бар, онда сауда-экономикалық серіктестік, 2023-2024 жылдары сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық, мәдени ынтымақтастық бағдарламасы, Шуша мен Түркістан қалалары арасындағы бауырлас қалалар қатынасын орнату және де Орта дәліз деп халық арасына кең таралған Транскаспий халықаралық транспорттық бағытын одан әрі кеңейтуге ықпал ететін байланыстарды нығайтатын жоспарлар қамтылған.  Бұған қоса, қазақстандық QazaqGaz ұлттық компаниясы мен әзірбайжандық мемлекеттік  SOCAR компаниясы бірлескен жаңа газ жобаларына қатысты өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойды.   

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) биылғы жыл ішінде құбырдан төртінші рет қателік кетіп отырғанын хабарлағаннан кейін бірнеше күн өткен соң кездесу өткені туралы айтылған. Бұл келісім Ресеймен қатынастың күрделілігін, сондай-ақ еуропалық және жаһандық энергетикалық қажеттілікті ескере отырып, батысқа газ тасымалдаудың балама жолдарын табудағы Қазақстанның қажетін өтеуге көмектеседі. Алиев пен Тоқаев баспасөзге бірлесіп жасаған мәлімдемесінде баламалы транспорттық бағыт болатынына сенім білдірді, «Орта дәліздің өткізу қабілетін одан әрі үлкейту үшін ынтымақтастықтың келешек бағыттарын анықтағанын» мәлімдеді. Алайда КҚК Қазақстанда мұнай тасымалдаудың дәл бұрынғыдай аса тиімді құралы болып отыр, екі президент те  КҚК жұмысының тоқтауынан орын алатын шығындарды азайту үшін Каспий сауда бағытын пайдалануға мүдделі.  

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы әскери қарама-қайшылық қайта өршуде  

Jamestown Foundation мақаласында 14-17 қыркүйектегі қырғыз-тәжік шиеленісіне талдау жасалды. Оның нәтижесінде екі тараптан шамамен 110 адам қаза тауып, 218 адам жарақат алған. Мақалада атап көрсетілгендей, Қырғызстан мемлекеті Тәжікстан «аймақтық тұтастықты арам пиғылда бұзды» деп, бұл шиеленісті «ойластырылған әскери қысым» деп мәлімдесе, Тәжікстан Қырғызстанды «басқыншылық әрекетін» жасап, шиеленісті күшейтті деп кінәлады. 19 қыркүйекте Қырғызстан мен Тәжікстанның ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшылары шекаралық жағдайды тұрақтандыру және екі ел арасында татулық орнату туралы хаттамаға қол қойды.  

Мақалада Қырғызстан мен Тәжікстан арасында туындаған 150 шекаралық шиеленістің бір де бірін көлемі және қарқыны жағынан соңғы қақтығыспен салыстыруға келмейді. Қырғыз-тәжік шекарасын бойлай қарулы қақтығыс орын алды. Екі тараптың қарулы күштері танктер, дүркіндетіп ату реактивті жүйелерін, соққылы ұшқышсыз ұшу аппараттарын және әскери тікұшақтар қолданды, мұның салдарынан адамдар қаза тауып, материалдық шығын көбейді.  

Бұл екі ел арасындағы шекаралық шиеленістің негізгі себебі Кеңес одағының ыдырауы және шекараны бөлу қажеттілігі болып табылады. Бұрынғы кеңестік республикалар жол, қоршау және қақпа сияқты инфрақұрылымдар арқылы өз шекарасын қамтуды қалады, мұның салдарынан шекаралық аудандардың күнделікті өмірі межесіз жерлерді пайдалануға әкеп соқты. Еркін қозғалысты шектейтін бақылау-өткізу пункті мен басқа да инфрақұрылымдардың таралуы салдарынан адамдар жемқорлық және көршілес мемлекеттердің шекарашыларының басынуына тап келген жағдайлар көбейді. Қырғыз-тәжік шекарасын бойлай қоныстанған жұрт та бұл мәселеден қалыс қалған жоқ, солардың наразылық танытуы билік пен саясаткерлердің осы мәселені шешуіне себеп болды.     

Алайда ұзақмерзімді және аса танымал емес келіссөздерге бейілділік салдарынан даулы аймақтарды реттеуде саяси ерік білдірудің орнына, қырғыз және тәжік саясаткерлері қоғамдық қолдау мен аймақтың бір де бір сантиметрін жоғалтпай шекараны белгілейміз деген сайлаушылардың құрғақ уәделерін жұмылдырып, өршіп келе жатқан ұлттық риториканы пайдаланған. Мысалы, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Ұлттық Қауіпсіздік қызметінің басшысы Қамчыбек Ташиев 2020 жылғы парламенттік сайлау кампаниясында шекараны белгілеу мәселесін Қырғызстанның мүддесіне қарай топшылап, басым назар аударған. Егер шекара межеленбесе, шекаралық қақтығыстар өршиді, содан шекараның саясаттануы жағдайдың кеңінен жайылып, күрделенуіне әкеп соқтырды.

Мақалада атыс аяқталғанымен, негізгі себептер әлі де жойылмағаны туралы айтылған. Екі тарап та болған жайтқа бір-бірін кінәлап отыр, және де келіссөздер жуық арада дұрыс шешімге келмейтін тәрізді. Мұндай жағдай Бішкек пен Душанбенің бұдан былай дипломатиялық шешімді күш қолдану арқылы шешетін қауіпті тенденцияға айналдыруы мүмкін екенін білдіреді. Егер Қырғызстан мен Тәжікстан ортақ шекара туралы тұрақты мәміле орната алса, оның көршілері қауіпсіздік көзқарасы тұрғысынан аса қауіпті жағдайға кеп тірелуі мүмкін.  

Еуропа түркменнің табиғи газын әлі де күтуде   

Брюс Панньенің сыртқы саясатты зерттеу институтына берген сұхбатында Еуропаның ресейлік табиғи газдан бас тарту үшін бетпе-бет келген мәселелері туралы  талқыланады.  Мақалада бұл қадамның геосаяси мағынасы бар болғанымен, ресейлік газды тасымалдауды доғаруы экономикалық залал келтіріп отырғаны туралы айтылған. Соғысқа дейін Еуропа Ресейден газдың 40%-ын алып отырған. Еуропалық Одақ Ресейден энергетикалық тұрғыда 2030 жылға дейін арылуға ұмтылып отыр.  

Мақалада газ қоры жағынан әлемде төртінші орынға ие Түркменстан тасымалдаушы болуы ықтимал екендігі айтылады. Бұл мемлекет жеті жылдан бері экономикалық дағдарысты бастан өткеруде және табиғи газ сатып алушыларға мұқтаж. Алайда Еуропа мен Түркменстанның әлі күнге дейін маңызды тауар тасымалдауға әл-ауқаты жеткіліксіз, ал репрессияланған Түркменстан билігінің адам құқығы тұрғысынан беделі төмен.

Түркменстан еуропалық кез келген әлеуетті нарықтық мүмкіндіктен гөрі Ресей және Иранмен байланысын жоғары қоюды маңызды санайтыны байқалады. Осыған орай Түркменстан жедел арада Еуропаға өз газын экспорттауының еш белгісі жоқ. Сердар Бердымухамедовтың президент ретіндегі алғашқы шетелдік іссапары ретінде Мәскеу мен Тегеранды таңдауы Түркменстанның сыртқы саяси бағытынан хабар береді.   

Мақалада қаншама арақашықтық болса да, Батысқа иек артып, Түркменстан, ең алдымен, Ресеймен байланысын үзбей, Иранмен ынтымақтастығын одан әрі өрбітуге мүдделі делінген. Түркменстан Ресей және Иранмен қатынасын бұзуға тәуекел етпейді, егер ол Транскаспий құбырын салатын болса, жуық арада түркмен газын Еуропаның алуы неғайбыл.   

Президент Мирзиёевтің стратегиялық өзектілігі 

Орталық Азия мен Кавказ институты мақаласында президент Мирзиеевтің Өзбекстан тәуелсіздігінің отыз бір жылдығында, 31 тамыздағы екі баяндамасын талдаған.  

Мирзиёев ең алдымен саяси репрессия құрбандарын еске алуға арналған мемориалдық жиынға қатысты.  Мақалада оның сөзінде Өзбекстанның бір жарым ғасырдан бергі азабының басты себебі Сталин мен коммунизм емес, орыс империализмі болып жарияланғанын мәлімдеген. Президент кеңес үкіметінің алғашқы кезеңінде өлтірілген немесе қамалған жадид деп танылған өзбек реформаторлары туралы айтты. Сонымен бірге ол Мәскеу Өзбекстанды 1980-ші жылдары «мақта дағдарысы» кезінде бөлгеніне ерекше тоқталды. Сөз соңында  Президент бүгінгі әлем аспанында түнерген шиеленіс бұлтын атап өтті.  

Автордың мәлімдеуінше, алғашқы көңілсіз баяндамасынан кейінгі Мирзиёевтің сол күнгі мерекелік баяндамасы көтеріңкі көңіл-күйде, мерекеге сай болғанына тоқталған. Ол жас өзбекстандықтарды Үндістанда өткен Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасынан жеңіспен оралуымен құттықтап, көптеген салада жетістіктер болып жатқанын тілге тиек етті.  Одан соң азаматтарға уәде бергендей етіп, білім, денсаулық сақтау, сот және т.с.с. негізгі салаларды бірінен кейін бірін тізіп, реформа бойынша қазіргі жұмыстардың негізгі бағыттарын атады. Сөз барысында ол жеке кәсіпкерлікке арналған келешек ірі міндеттерге аса мән берілетінін айтты.   

 

Алайда мақалада Мирзиёевтің сөзінің айрықша бөлігіне назар аударылған. «Елдің Қарулы күштерінің қуаты мен әлеуетін арттыру басты міндетіміз болып табылады. Біз соғысу қабілетімізді арттыруға, әскери шеберлікті өсіруге, сарбаздардың да, офицерлердің де патриоттығын өсіруге басым назар аударуымыз керек. Осынау атаулы мерекеде Отанын берік қорғаған батыр жауынгерлерімізді шын жүректен құттықтаймын. Оларға қуат пен табыс тілеймін», – деді Президент.

Бұл мәлімдеменің маңыздылығы, біріншіден, өзбек үкіметінің әлемдік және аймақтық оқиғаларға қатысты айтарлықтай қаупі жоқ екені және олардың Ташкент реформасын бұзу қабілетінің жоқтығын білдіреді; екіншіден, Ташкент ұлттық қауіпсіздіктің әлеуетін және қарулы күштерге бағытталған ресурстарын арттыруға мүдделі; және де үшіншіден, ол көпшілікке аса салмақты сауалдар қоюдың оңтайлы сәті туды деп санайды. Осы стратегиялық әлеует президент Мирзиёев мыңдаған өзбектің өліміне бар кінәні орыс империализміне артқаннан кейін бірнеше сағат өткен соң осы стратегиялық мәлімдемесін хабарлағандықтан, біз оның билігі өзбек қарулы күштерін жаңартудың басты себебі путиндік Мәскеуден шығатын қауіпке қарсы тұруға негізделетінін сенімді түрде айта аламыз. Мирзиёев Ресейден Өзбекстанға  төнетін қауіпті толық түсінді, және де ол елінің дербес ресурстарын қалай жұмылдыруға болатынына, сондай-ақ орталық азиялық көршілес мемлекеттермен осы мақсатта қару байланыстыруға болатынына  толық сенімді. Оның аймаққа байланысы бар көптеген халықаралық күштік ұйымдармен қатынас орнатуға ниеті жоқ, алайда ол шетелден құралдар мен тәжірибе алуға дайын, бірақ оның қояр шарты 31 тамызда өзі хабарлағанындай, «Өзбекстан бірінші орында» деген қағидамен, және де бірнеше жылдар ішіндегі президенттердің 21 шілдедегі кездесуінде мақұлданған «Орталық Азия бірінші орында» идеясымен келісуі тиіс деп тұжырымдайды автор.  

Иранның ШЫҰ мүше болуының аймаққа тигізер әсері қандай?

15-16 қыркүйекте Самарқандта өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының 22-ші саммиті Орталық Азиядағы ең басты саяси оқиғаның біріне айналды. Бұл COVID-19 пандемиясынан кейін өткен алғашқы тікелей жүздесу болды.

Diplomat мақаласында бұл саммиттің маңызды оқиғасының бірі – Иранның ШЫҰ тұрақты мүшесі ретінде ресми түрде қосылуы туралы талқыланған.  Мақалада Иранды ШЫҰ толыққанды мүшесі ретінде қабылдауы көпқырлылықтың жаңа көкжиегін ашады деп айтылған. Бұл тек Иранға ғана емес, сонымен бірге бүкіл аймақтар үшін тиімді. Көптеген сарапшылар егер Иран ШЫҰ-на қосылудан көп  нәтиже көрмеген жағдайда, Иран ұйымның ең ықпалды мүшелері — Қытай және Ресеймен қатынасын нығайтуға дайын екенін айтады.  Енді ШЫҰ-ның қауіпсіздік, байланыс және экономикалық даму сияқты аймақтық мәселелерді шешуге қажетті барлық ойыншысы бар. Иранның ШЫҰ-на қосылуы аймақтық тұтастық туралы хабар береді және аймақтанудың жаңа дәуірінің басталуын білдіреді. Мақалада аймақтық дағдарыстың жалғасып жатқандығына қарамастан, ШЫҰ Самарқанда оның құндылықтары мен бірегей тағдыр принциптерін және де аймаққа қатысты өзара тиімді қатынастарды мақұлдады делінген.  

   

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *