Перейти к содержанию

Жаңа Өзбекстан босағасында – ортаазиялық мемлекеттегі кезекті конституциялық реформа

Қазақстандағы конституциялық референдум маңайындағы толқыныстар енді басыла бергенде, Орталық Азияның келесі мемлекеті өзінің мемлекеттік жүйесін реформалауды ұйғарды. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев маусым айының соңында конституцияға өзгеріс енгізетіні туралы мәлімдеді.  

Өзбекстан Конституциясына түзетулер жобасы 25 маусымда «Бұл менің Конституциям»  (өзбек және орыс тілдерінде) және «Халк сузи» мен «Народное слово» газеттерінде жарияланды. Жария кеңестер 5 шілдеде аяқталуы тиіс.

Бұл жоба негізінде 64 бапқа 200 түзету енгізу, сондай-ақ тағы да алты ереже қосу мәселесі қарастырылады. Аса маңызды өзгерістің бірі президент өкілеттігінің мерзімін 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартуға негізделген, Өзбекстан тек қана тәуелсіз мемлекет қана емес, ол құқықтық, әлеуметтік, зайырлы және демократиялық мемлекет деген тұжырым қосылады. Сыртқы саясат ережелерінің тізімі кеңейеді, оған мемлекеттің аумақтық тұтастығын құрметтеу және адам құқығы мен еркіндігін сақтау қажеттілігі қосылады. Негізгі заңға жаңа ереже енгізіледі, сол ережеге сәйкес Өзбекстанның азаматы мемлекеттен қуылмайды немесе басқа мемлекетке берілмейді. Сонымен бірге, Өзбекстан шетелдерде тұратын өз азаматтары және отандастарымен байланысты қолдауға әрі дамытуға қамқорлық жасайтыны көрсетілген. Қазақстанның Конституциясына енгізілген өзгерістей, өлім жазасынан Өзбекстан мемлекетінің де бас тартуы тиіс. Қарақалпақ автономиясына шектеу қойылады, ол аймақтағы тұрғындар арасында өткізілген референдум негізінде, Өзбекстанның құрамынан шығу құқығынан айрылады. Қарақалпақ Республикасының тәуелсіздігін жоюға қатысты түзетулер енгізілуі тиіс.

Үкімет бұл түзетулерді Конституциялық комиссияның нәтижесі деп атап өтті. Жоба алғашқы оқылымда қабылданып, содан кейін жалпыхалықтық талқылауға берілді. Кез келген азамат өз пікірін білдіруге құқылы. Пікірлер мемлекеттік тілде немесе ұсыныс білдіруші тұлғаның меңгерген тілінде айтылады.

Президент Шавкат Мирзиёев өткен жылдың 6 қарашасында қабылданған кезекті президенттік мерзімнің инаугурация салтанатына конституциялық реформа жүргізу қажеттілігі туралы мәлімдеді. Мамырда Конституциялық комиссия құрылды, оның негізгі міндеті – Ата заңды өзгерту жөніндегі ұсыныстарды жинау.

Қарақалпақ Республикасы мен оның президентінің өкілеттігінің мерзімі туралы ереже — әлі де талас тудырып отырған мәселенің бірі. Сарапшылардың пікірінше, Шавкат Мирзиёевтың өкілеттігінің мерзімінің ұзақтығы «жойылуы» мүмкін деп есептейді, осылайша ол мемлекет басшысының орнына қайта сайлауға түсе алады. Мұны ол Ата заңға өзгеріс енгізбей жүзеге асырмайды.

Түзетулер жобасы жарияланған бірінші күннен бастап қарақалпақтар әлеуметтік желілерде наразылық білдіре бастады, олар республиканы Өзбекстанның құрамынан шығару мүмкіндігін қарастыратын ережелерді өз күшінде қалдыруды талап етті. 2014 жылғы Қырым басқындығынан кейін Қарақалпақстанның сепаратистік тенденциялары күшейгенін айта кеткен жөн. Тұрғындардың пайымдауынша, екі миллион ұлыс өз келешегі мен автономия формасын шешу құқығынан айрылады, себебі ол үшін Өзбекстан азаматтарының отыз миллионнан асатын басым бөлігі дауыс береді.

Ата заңға қатысты ұсынылған түзетулер Қазақстанда өткен референдумде дауыс берген түзетулермен салыстырғанда аса ауқымды емес, алайда Өзбекстанның саяси жүйесін жалпыхалықтық талқылай бастағаны билік пен қоғамды басқарып отырған элитаның ара-қатынасына қатысты өте ауқымды өзгерістердің болатынын білдіреді.

Дереккөз: Габриэл Шершеневич атындағы шығыс құқығы институтының қоры   

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *