Оңтүстік Кавказ аймағы үш елді, яғни Әзірбайжан, Армения және Грузияны қамтиды. Географиялық және экономикалық факторлардың салдары Қазақстанның сыртқы саяси әлеуетінің екінші деңгейіне жатады. Мұнымен қатар республика аталған елдердің әрқайсысымен өзара тиімді қатынас орнатып, алға жылжуда. Бұған қоса биыл Қазақстан мен Оүстүстік Кавказ елдерінің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнаған уақытқа 30 жыл толады.
Бірқатар фактілерге қарай Қазақстанның Әзірбайжанмен байланысы өте тығыз екенін аңғаруға негіз бар. Ең алдымен, әзірбайжандар мен қазақтардың тілі бір этнотілдік топ – түркітілдес топқа жатады. Екі ел де Түркі мемлекеттері ұйымының (ОГА), Түркітілдес мемлекеттердің парламенттік ассамблеясының (ТүркіПА) жәнке Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымының (ТҮРКСОЙ) мүшесі. Бұған қоса, олар Каспий теңізі жағынан көршілес, осының арқасында екіжақты өзара әрекеттесіп қана қоймай, Каспий аймағын дамыту мәселелерін де бірлесіп шешеді.
Әзірбайжан мен Армения арасындағы шиеленісті бейбіт жолмен шешуге үндеп, Қазақстан бұл жағдайда алғашқы аталған мемлекеттің пайдасына сәйкес аумақтық тұтастықтың халықаралық-мойындалған ұстанымын сақтауды қолдайды. 2020 жылы қыркүйекте екінші Қарабах соғысы басталғанда ол қарсылас елдерді күштік құралдардан бас тартып, келіссөздер жүргізуге шақырды. Оның үстіне ол кезде республика Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңес төрағалығы бойынша (АӨСШК) аталған құрылымның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, осыған ықпалдастық етуді ұсынды. Бұл ұсыныс әлі де өз күшін жойған жоқ.
2021 жылы Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы өзара сауда көлемі $332,2 млн. құрады, бұл 2020 жылғы көрсеткіштен үш есе асып түсті. 80-нен аса қазақстандық компаниялар мұнай және мұнай өнімдері, металл өнімдері, құрылыс материалдары, химиялық шикізат, бидай және т.б. қамтитын өнімдер жеткізетін тұрақты экспортшы болып табылады. 7 маусымда Бакуде өткен ҚР тауар өндірушілерінің сауда-экономикалық миссиясының қорытындысы бойынша, қазақстандық қатысушылар әзірбайжандық серіктестерімен жалпы құны $38 миллионнан аса қаржыны құрайтын 8 экспорттық келісімшартқа қол қойды. Өз кезегінде, Әзірбайжан 1925-2021 жылдар аралығында Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторын $200 млн. шамасында қаржыландырған. Бұл елде сондай-ақ қазақстандық капиталдың қатысуымен құрылыс, сауда, қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы және көлік салаларымен айналысатын 159 компания қызмет етеді.
Екі ел бір-бірімен қарым-қатынас аясында көлік дәліздерінің дамуына үлкен қызығушылық арттыруда. Бұл әсіресе әрқайсысының транзиттік әлеуетімен байланысты. Мысалы, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бағасы бойынша, Қазақстанның теңіз порттарының жалпы өткізу мүмкіндігі жылына 27 млн. тонна жүкті қамтиды. Бір ғана Ақтау арқылы үстіміздегі жылдың төрт айында 1 млн. 200 мың тонна жүк тасымалданған. Былтырдан бастап аталған айлақта «контейнерлік хаб» құру жұмыстары жүргізілуде, бұл 2025 жылға дейін контейнер ағымының көлемін 40 мыңнан 100 мың ДФЭ дейін өсіруге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, Құрық айлағы арқылы өткен жылы 974 мың тонна жүк жөнелтілген. Оның бас директоры Серік Ахметовтың айтуынша, қазіргі уақытта айлақты дамыту мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралар таяу келешекте жүк тасымалының көлемін бес есе арттырады.
2013 жылдан бері Қазақстан, Әзірбайжан және тағы бір Оңтүстік Кавказ республикасы – Грузия Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамытумен айналысып келеді. Ол бойынша теміржол және теңіз жолымен (Каспий теңізі арқылы) Қытайдан Түркия мен Еуропа елдеріне контейнерлік тасымалдар жөнелтіледі. 2014 жылы ақпанда ТХКБ дамыту жөніндегі үйлестіру комитеті құрылды. Оның құрамына үш мемлекеттің ұлттық теміржол және теңіз тасымалдаушылары кірді. Одан кейін 2016 жылдың желтоқсан айында «Транскаспий халықаралық көлік бағыты» Халықаралық қауымдастығын құру туралы шешім қабылданды. Мұның барысында Қытай, Түркия, Польша, Румыния және Украина мемлекеттерінің қызығушылық танытқан коммерциялық компанияларының қосылу есебінен қатысушылардың құрамы көбейді. 2017–2020 жж. ішінде ТХКБ арқылы 3,9 млн. тонна жүк тасымалданған.
Үстіміздегі жылдың наурыз айында Әзірбайжан, Грузия және Қазақстан өтпелі тариф белгілеу мәселелерімен, жүкті декларациялаумен, бірегей ІТ-шешім қолданатын және транзиттік жүктерді шоғырландырумен айналысатын бірлескен кәсіпорын ашу туралы келісім орнатты. Кейінірек оған Түркия қосылды. ТХКБ қауымдастығының бас хатшысы Гайдар Әбдікерімовнің айтуынша, арнайы жоба 2023 жылдың басында немесе соңында ресми тіркеледі. 2022 жылы 4 ай ішінде ТХКБ бойынша тасымалданған жүк көлемі 733 мың тоннаны құрады, бұл 5 мыңнан аса вагон және 10 мың ДФЭ контейнерін қамтиды. «Қазақтан темір жолы» ұлттық компаниясының бағалауы бойынша, жыл соңында тиісті көрсеткіштерді 2021 жылмен салыстырғанда 6 есе – 3,2 млн. тоннаға дейін өсуі күтілуде. Жалпы алғанда, осы бағыт арқылы жылына 200 мың контейнерге дейін қолданып, 10 млн. тоннаға дейін жүк тасымалдау мүмкіндігі бар.
Қазақстан мен Грузияның қатынасы ынтымақтастықтың серіктестік және өзара тиімді ынтымақтастық принциптерімен даму үстінде. Екіжақты ықпалдастықтың келісімшарттық базасы түрлі бағыттар бойынша 70 құжаттан тұрады. Сауда айналымы 2021 жылы $88 миллионнан асты. Грузия қазақстандық мұнай және мұнай өнімдерін, алюминий, ферроқорытпа, бидай және т.б. импорттайды. Қазақстанның грузиялық экономикаға инвестициялық салымы ағымдағы сәтте $495,3 миллионды құрайды. Өз кезегінде, Грузиядан Қазақстанға құйылатын тікелей инвестицияның көлемі $285 миллионға жетті. Елде грузиндік капиталмен қызмет ететін 248 бірлескен кәсіпорын бар. 7 сәуірде Тбилисиде Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің қолдауымен «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығының» ұйымдастыруымен өткен қазақстандық-грузиялық бизнес форумның қорытындысы бойынша, екі елдің мүдделес коммерциялық құрылымдары $11,2 млн сомалық келісімшартқа қол қойды.
Саяси қатынас тұрғысынан Грузия Қазақстанның халықаралық байланысынла өте қызықты орынға ие. Бір жағынан, 2008 жылы Ресеймен болған әскери қақтығыс салдарынан 2009 жылы ТМД құрамынан шыққан Грузия мемлекеті посткеңестік кеңістіктің саси күн тәртібінен біржола түскен болатын. Екінші жағынан, Оңтүстік Кавказдың бұл елі Еуропалық одақпен жақындасуға біртабан жақын тұрған мемлекет. Мысалы, 2014 жылы маусымда Грузияның ЕО-мен қауымдастық туралы келісімге қол қойылды. Ал үстіміздегі жылдың наурызында ол ЕО құрамына кіруге өтініш жазды.
Еуроодақтың шығыс бағытындағы ықпалы елеулі түрде алға жылжып жатқандығы оны мен Орталық Азия елдері, соның ішінде Қазақстанмен арадағы географиялық арақашықтықты едәуір қысқартып отыр. Бұған қоса, ЕО аталған аймақта белсенді саясат жүргізетін озық шетелдік саяси актор болып қала береді. Осыған орай оның 2019 жылы қабылдаған жаңа аймақтық стратегиясы елеулі оқиға болды. Мұның бәрі Қазақстан үшін аса маңызды, себебі ол Еуроодақпен екіжақты ынтымақтастық форматында да, ЕО – Орталық Азия өзара ықпалдастығы тізбегі бойынша да өте жоғары деңгейдегі қарым-қатынаста.
Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 15 маусымында Брюссельде Қазақстан мен ЕО транзиттік және көлік ынтымақтастығы мәселелеріне арналған халықаралық форум өтті. Мұнда Транскаспийлік халықаралық көлік бағытын кеңейту келешегі мен оның логистиканың халықаралық жүйесіне интеграциялануы туралы сұрақтар талқыланды. Ішінара, Қара теңізде Батуми және Поти порттарынан Румынияның Констанца портына дейін тасымалдауды ұйымдастыру белсенді түрде талқылануда. Осының бәрін ескерсек, Қазақстан үшін Грузия Еуроодақ және жекелеген еуропалық мемлекеттермен бірлескен өзара ықпалдастық аясында күрделі серіктес болып табылатынын білдіреді.
Ал Қазақстан мен Арменияны ортақтастыратын мәселе — Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімшарт ұйымына (ҰҚКҰ) және Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕЭО) бірлесіп қатысуы. Қазақстан үкімет басшысының сұрауы бойынша, осы жылдың қаңтарында ҰҚКҰ бітімгершілік операциясын тарихта алғаш рет Қазақстанда өткізді, бұл шараға Арменияның төрағалық етуі Қазақстан үшін аса маңызды. Бұл елдің өзі ұжымдық бітімгершілік күштер құрамына 100 әскери қызметкерін жөнелтті. Мұның барлығы ҰҚКҰ одан әрі дамыту үшін де, екі мемлекеттің өзара қатынасы үшін де позитивті қарқын бергені даусыз.
Үстіміздегі жылдың 25 ақпанында Қазақстанға Ецуразиялық үкіметаралық кеңес мәжілісіне қатысуға келген Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізді. Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың нығаюына ықпалын тигізетін екіжақты өзара ықпалдастықтың келешегі талқыланды. Осылайша бұл мәселенің мемлекет басшылары деңгейінде қарастырылуы Қазақстан мен Армения арасындағы қатынастарды дамытудың маңыздылығына негізделеді. Бұған қоса, биыл Ереванда экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық қазақстандық-армян комиссиясының 9-шы мәжілісі өтеді.
2021 жылы Қазақстанның Армениямен сыртқы сауда айналымы $19,1 миллионды құрады. Мұндай жағдайда қазақстандық экспорттың негізі металл мен металл өнімдері, азық-түлік тауарлары мен химиялық және химиялық өнеркәсіп өнімдерінен тұрады. Республиканың өзінде Арменияның мемлекеттік нөміріндегі автокөліктер үлкен сұранысқа ие. 2021 жылдың тамызында Қазақстанда тіркелген осындай көліктер саны 11 мыңға жеткен. Мұның барысында олардың үкіметке көптеп кіргізіліп жатқандығына қарай тіркеу мерзімі 2023 жылдың 1 наурызына дейін кезекті рет ұзартылды.
ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың айтуынша, Қазақстан мен Арменияның шикізаттық емес тауар айналымының қосымша көлемін $200 миллионнан аса сомада арттыруға мүмкіндік бар. Қазақстанда армян ұлты өкілдерінің 300-ден аса заңды тұлғасы тіркелген. Жуырда қазақстандық тарап бекіткеннен кейін Армения республикасына мұнай өнімдерін тасымалдау саласындағы 2020 жылдың 16 шілдесінде қол қойылған сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім өз күшіне енді. Аталған құжат, ішінара, армян тарапына тиісті өнімді үшінші тарапқа таратуға тыйым салады. Екі елдің қарым-қатынасындағы келесі маңызды мәселе – үстіміздегі жылдың 2 маусымынан бастап Алматы-Ереван-Алматы бағыты бойынша «FlyArystan» әуе компаниясының тікелей жүйелі рейсі ашылды. Бұған қоса, екі ел астаналары арасында қатынайтын әуе рейсін ашу жоспарлануда.
Осылайша, ішкі саясатының негізгі принциптері – көпвекторлығы мен прагматизмінің арқасында, Қазақстан Оүңтүстік Кавказдың үш республикасымен өзара қатынасын белсенді түрде дамытуда. Географиялық және тарихи тұтастығына қарамастан, олардың барлығы саяси және этномәдени қатынастары тұрғысынан бір-біріне ұқсамайды. Әрқайсысының ерекшеліктері қазақстандық дипломатияның қолынан келетін істі тыңғылықты зерттеуді және ұғынуды талап етеді.
Дереккөз: turanpress.kz