Перейти к содержанию

Тоқаевтың қайта құруы. Қазақстан сыртқы және ішкі өзгерістер алдында

 

Автор: Войчех Гурецки

5 маусымда Қазақстанда конституциялық референдум өтті. Сайлаушылардың 80% (68%-ы қатысты) Конституция баптарының үштен бірін қамтитын түзетулер пакетінің (барлығы 56 түзету енгізілді) қабылдануын қолдады. Реформаның мәлімделген мақсаты «суперпрезиденттік» жүйеден президенттік республикаға көшу, мұнда мемлекет басшысының басымдығы қуатты парламентпен шектеледі. Бұл елді басқаруды жақсартады, және стратегиялық көзқарас тұрғысынан қазақстандық мемлекеттілікті нығайтады. Жаңа конституция емес, қолданыстағы конституцияны өзгерту фактісі, өзгерістер ауқымы қаншалықты кең болуына қарамастан, оны жасаушы – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың – жаңа жүйе құруға емес, кезекті реконструкциялауға («қайта құру»)ұмтылысын білдіреді.  

Қазақстан тарихындағы ең күрделі – 2022 жылдың басында орын алған ауыр дағдарыс реформалар жасауға түрткі болды. Жаппай тәртіпсіздікке ұласқан әлеуметтік наразылықтар мемлекеттік құрылымдардың әлсіздігін көрсетті, олар көпшілік арасындағы қысымды, шешім қабылдау процестерінің қолын байлайтын бейресми келісімдердің күшін, сонымен бірге қос биліктің (көшбасшының өкілеттігі бұрынғы – «бірінші» президент Нұрсұлтан Назарбаевтың айрықша құзіретіне тәуелді болатын, ол билікті бергенмен, тәжірибе жүзінде өзі басқарып, ағымдағы саясатқа ықпал ету міндетін атқарды) іс жүзіндегі жойқын әлеуетін жүйелеуге қабілетсіз екенін айқындады. Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) көмегіне сүйеніп, жағдайды қалпына келтірді, аталған ұйым Қазақстанға әскер әлеуетін жіберді – сондай-ақ президент аса қажетсіз кадрларды орнынан босатты. Соның нәтижесінде ол бәсекелес билік ортасын қалыптастырып үлгерген бұрынғы мемлекет басшысымен тығыз байланысты топтардың ықпалын шектеуге мүмкіндік алды, осылайша өз дербес ұстанымын нығайтты.  Келешекте мұндай дағдарысқа жол бермеу үшін ол конституциялық реформа жасап, халыққа наурыз айының ортасында таныстырды. Украинадағы соғыс оны жүзеге асырудың маңызды мәнмәтініне айналды. Дегенмен Қазақстан Ресеймен одақтас байланысқа ие, ол шиеленіске араласқысы келмейді, сол себепті Украинаның шекаралық тұтастығын қолдайтынын мәлімдеді. Осы тұрғыда «қос билік ережелерін» шартты түрде жою (мысалы, Конституциядан бірінші президент туралы баптарды алып тастау) Қазақстанның ішкі қысымын айқындауда Мәскеуді тығырыққа тіреуі мүмкін.

Елді күйзелткен төрт күн

Сұйытылған газ бағасының 100 пайызға өсуі ел ішінде наразылық туғызды. Дағдарыс тәртіпсіздіктен басталды. Наразылықтың алғашқы акциялары үстіміздегі жылдың 2 қаңтарында елдің батыс өңіріндегі Жаңаөзен қаласында өтті. Бастапқыда аяқ астынан, шектеулі деңгейде басталған наразылық барысында Қазақстанның алдында тұрған әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелердің көп қыры мен тамыры терең тартқан жағдайлар туралы қозғалды. Көп жылдар бойы қордаланған мәселеден бағаның өсуі, жемқорлықтың тамыр жаюы, шенеуніктердің біліксіздігі мен немқұрайлылығы, зиялы қауымға жатпайтын қарапайым адамдардың келешегінің жоқтығы, жылдар бойы ұрандап, уәде еткен үмітпен салыстырғанда өмір сүру деңгейінің төмендігі наразылықты өршітті. Оппозициялық қозғалыс жаңа көшбасшысын тағайындамады, бірақ наразылық білдірушілер бағаны көтермеуді талап етуден басқа, бүкіл басқарушы жүйенің жекелеген тұлғаларының және оның басында тұрған, бұрынғы Президент Назарбаевтың отставкаға кетуін талап етті. Назарбаев 2019 жылдың наурызында биліктен кеткен соң бүкіл лауазымымен қатар, Қауіпсіздік кеңесінің басшысы қызметінен кетпеген болатын. Наразылық білдірушілердің пікірі бойынша, ол елді отыз жыл басқарғанымен қоймай, бірнеше басымдық міндетін сақтап қалды, қалыптасқан жағдайда бәрінен бұрын сол жауапты.

Келесі күні наразылық бүкіл елге тарап, жаппай тәртіпсіздікке ұласты (полициямен төбелес, мемлекеттік билік органдарының ғимаратына басып кіру, сауда орталықтарын тонап, қирату). Осы бастамаларға сәйкес бұрынғы президентпен өте жақын (отбасылық жақыны) адамдар басқаратын Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) түсініксіз қызмет атқарды. Билік жүйесінде жеке автономияға ие өте ықпалды топтың бар ойы Назарбаевтың  мираскерлігін жаулап алуды көздеді. Растау тұрғысынан алғанда өте қиын оқиға нұсқаларына сәйкес, алайда сенім ұялататын ҰҚК офицерлері көп жағдайда қол қусырып отырды. Олардың бар мақсаты билік басындағылар ушыққан шиеленісті баса алмайтынын көрсету болды, бұл аталған топтың ұстанымын одан әрі нығайтып, мемлекетті толық бақылауға алуға мүмкіндік берер еді. Сол себепті Тоқаев бір жағынан радикалды пиғылдағы азаматтарды тоқтатып, екінші жағынан ескі режимнің бөлігіне өзі қарсы тұру қажеттілігін мықтап сезінді.

Президенттің әрекеті үш бағытта болды. Біріншіден, сұйытылған газ бағасын (оған тоқтау салынған еді) қайта қарастыруға бұйрық беріп, наразылық білдірушілердің талабын қанағаттандырды, сонымен бірге билікті отставкаға жіберіп, Назарбаевты Қауіпсіздік кеңесінің төрағалығынан босатты. Екіншіден, ҰҚК басқарушы қызметкерлерін алмастыру әрекетіне көшті. Үшіншіден, өзінің күштік құрылымдарына сенімі болмағандықтан, контртеррористік деп аталатын операция жүргізуге ұмтылған ҰҚШҰ көмек беруін өтінді. Алғашқы әскер (контингент бойынша ресейліктер басым болды) Қазақстанға 6 қаңтарда келген бойда жағдай тынышталды: халыққа Тоқаевтың Мәскеу қолдауын иеленіп отырғанын көрсетіп, жұртшылыққа үрей туғызды (алайда 19 қаңтарда аяқталған миссияның міндеті полиция қызметін атқару емес, стратегиялық нысандарды күзету болатын). Бұл тыныштық орнату жөніндегі операция жүргізуге мүмкіндік берді. Ресми деректер бойынша, жаппай тәртіпсіздік барысында 227 адам қаза тапты, оның ішінде 19 күштік құрылым қызметкері бар.

Осынау шұғыл, тиімді шаралар елдің тұрақсыздану қаупін жоққа шығарып, Тоқаевтың ішкі аренадағы орнын нығайтты. Президент билікте қала білгендігімен қатар, басқарушы биліктегі өзімен бәсекелес топты мейлінше әлсіреткен шебер әдіскер ретінде жаңа қырынан танылды. Осы уақытта дағдарыс жүйенің бұзылғанын, өзгеріс қажеттігін ұқты — «қос билік жүйесінің» мақсаты Назарбаевтың элита ішіндегі теңдіктің болуын қамтамасыз ететін жоғарғы төреші ретінде жүйені басқара алмайтынын көрсетті. Қандай да бір жағдайда мемлекеттің бұрынғы басшысы он жыл бұрынғы жағдайды еске түсірді.  2011 жылы желтоқсанда Жаңаөзендегі жұмысшылардың көп айға созылған ереуілін тоқтатты, оның нәтижесінде 15 адам өлтірілді (Тоқаев бұл жайлы жақсы білгендіктен наразылық білдірушілердің сөзін тыңдап, ескеруді ұйғарды). Сол кездегі Назарбаев басқарған билік халықтың материалдық қажеттілігін қамтамасыз еткен жағдайда әлеуметтік тұрақтылық  орнайды деген жолмен сол мәселені жақсартуға ұмтылды (сұйытылған газ бағасын он жылдан кейін көтеру билік басындағылардың жазылмаған келісімді бұзғанын білдіреді). Оның үстіне Жаңаөзен оқиғасы мемлекетті ретке келтіру, нығайту және модернизациялауға, яғни Назарбаевтың «қайта құру» жүйесіне бағытталған шектеулі реформалардың жасалуына түрткі болды. Бұл бағдарлама – бірізді болмағандықтан, келісілмегендіктен жүзеге аспады.

Репрессиялар …

Қаңтар қақтығысынан кейін жағдайды қалыпқа келтіріп, Тоқаев репрессияға жол бермеді, бірақ оны шектеулі көлемде және қоғамның емес, элитаның кертартпа өкілдеріне қарсы қолданды (тәртіпсіздікті басқаннан бөлек). Көптеген хабарламаларға сәйкес, одан кейінгі апталарда шағын және орта кәсіп жұмыстарындағы еңбек жағдайы жақсара бастады, жемқорлық деңгейі мен шенеуніктердің басынуы едәуір азайды. Бұл институциялық реформалар жүргізуге дайын екендігін дәлелдеді.

Бұрынғы президентпен саяси, іскери және отбасылық байланыстағы адамдарға қатысты тазалаудың бірінші толқыны 5 қаңтарда басталды. Ең алдымен ҰҚК басшысы әрі бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімов жұмысынан босатылып, соңынан қамауға алынды, ал оның орынбасары Самат Әбіш (Назарбаевтың немере інісі) қызметтен қуылды.  Тоқаев сонымен қатар осыдан бірнеше ай бұрын тағайындалған Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты лауазымынан босатты (кейінірек ол қызметтік міндеттемелерін орындамағаны үшін күдікті ретінде қамауға алынды). Келесі апталарда жұмыстан босатылғандар немесе кетуге мәжбүр болғандар қатарында болған азаматтар: QazaqGaz компаниясының төрағасы, БАҚ айтуынша, Назарбаевтың үлкен қызы Дариғаның (ол парламент депутаты өкілеттігінен кетуді өзі ұйғарды, ал оның ұлының қайын атасы Орталық сайлау комиссиясының басшылығынан өрз еркімен кетті) серіктесі Қайрат Шәріпбаев; «ҚазТрансОйл» директорлар кеңесінің төрағасы әрі кіші қызы Әлияның күйеуі Димаш Досанов; миллиардер, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы, бұрынғы президенттің ортаншы қызы Динараның күйеуі Тимур Құлыбаев (ол сондай-ақ ресейлік «Газпром» директорлар кеңесінен де шықты). Сонымен қатар, Қайрат Сатыбалды (бұрынғы президенттің немере інісі және Әбіштің туған ағасы) және оның бұрынғы әйелі ысырап қылғаны үшін қамауға алынды [7].

Ұсталғандардың сотта дәлелдеуі тиіс күнәсінен тыс – бірыңғайлау жұмысы элитадағы оппозициялық топты, ең алдымен, саяси ықпалынан ажыратып, қаржы активтерін шектеу арқылы бейтараптандыруға бағытталды. Олардың қаржы активтері Qazaqstan Halqyna қорын (аудармасы — «Қазақстан халқына») құру арқылы жүзеге асты. Қорға Назарбаевпен байланысы бар компаниялар мен жекеше компаниялар қаржы аударды [8]. Грузиядағыдай «қызғалдақ революциясынан» кейін ірі төлем жасау арқылы іс қозғаудан бас тарту жағдайын қалыптастырып, елден біршама активімен біржола кетуге және т.б. рұқсат алуы мүмкін екенін болжауға болады.

Жеке есеп процесіне Назарбаев қана қатыспады (себебі ол тұңғыш президент ретінде заң жүзінде қорғалған, сол себепті тыс қалды). Тоқаев өзінің ізашары әрі ұстазымен байланысып отырды. Мысалы, Назарбаев өз ұшағымен Анталияда өткен Дипломатиялық форумға барып (11-13 наурыз), бұл кездесудің жеке сипатта еместігін көрсетті. Сонымен қатар бұрынғы президенттің жеке мүлкін тәркілеуге де ешқандай бұйрық болған жоқ, бұл оның қорғаныс қолы ұзын екенін білдіреді. Осы уақытта ізбасары оны өзге лауазымдарынан: Қауіпсіздік Кеңесі басшылыған босатты, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағалығынан айырды, одан бұрын өзі басқарып отырған партия құрамынан шығарды (бұл партияның «Нұр Отан» деген атын «Аманат» деп өзгертті). Тұңғыш президент туралы заңға түзетулер енгізу және ол туралы конституциядағы ескертпелердің күшін жою жұмыстары арқылы «назарбаевшылдыққа» нүкте қойылады.

…және реформалар

16 наурызда Тоқаев  қазіргі таңдағы өз қызметіне қорытынды жасап, екінші жағынан жасалып жатқан жүйелі реформалар туралы мәлімдеп,  халыққа жолдауын жолдады. Ол «танымал, жоғары лауазымды адамдардың» атын атамай, олардың мемлекеттік опасыздық жасағанын айтты. Ол сондай-ақ жаудың басынан өткеруі тиіс жеңілісі туралы да атап өтті. Сөзінің негізгі бөлімінде ол елдің алғашқы даму сатысында мақұлданған, алайда жаңа шақыру кезеңіндегі тұлғаларға әрекет етпейтін «суперпрезиденттік» түсініктен арылу жөніндегі бағдарламасын түсіндірді. Ол атап өткен қажетті реформалардың тізімі келесі ай ағымында әзірленген конституциялық түзетулердің кешенді пакетіне енді. Президент оны бекіту үшін 29 сәуірде референдум өтетінін мәлімдеді.

5 маусымда бекітілген жаңа шешімдер мемлекеттің басқару жүйесі мен жұмысын реттеуге мүмкіндік береді, атап айтқанда: шешім қабылдау әрекеттерін орталықтандыру (мысалы, президенттің бұдан былай биліктің жергілікті органдарының  қаулыларын жеке басымен жоюға мүмкіндігі жоқ); теріс пайдаланушылық пен жемқорлық мүмкіндіктерін шектеу (мысалы, Конституциялық сот құру, мемлекет басшысының саяси партияларға мүше болуына және оның отбасы мүшелерінің мемлекеттік секторда лауазымды қызметтерге тағайындалуына тыйым салынды); парламентте қоғам өкілдерінің басым болуын қамтамасыз ету (сайлау шегін төмендету, аралас сайлау жүйесі және партияларды тіркеудің оңайлауы). Ақыр соңында, өлім жазасы алып тасталды (2003 жылдан бері  оны пайдалануға мораторий әрекет еткен, 2021 жылдың соңында Қылмыстық кодекстің барлық баптарынан алынды). Алайда, соңғысынан бөлек, өзгерістер «техникалық» сипатта ғана, оның саяси жүйені жуық арада қаншалықты демократияландыратыны белгісіз (жекелеген өзгерістер тізім Қосымшада берілген).

Енгізілген өзгерістер аясының кеңдігіне қарамастан, президент жаңа конституция қабылдамай, қолданыстағы нұсқасына түзетулер енгізу туралы шешімге келгенін айта кеткен жөн. Ол билікті жүзеге асырудың бұрынғы тәжірибесінен және осы жүйенің негізін қалаушы Назарбаевтың өзінен ара қашықтық сақтап, мемлекеттік институттардың сабақтастығын көрсетпек ниетте болған секілді. Назарбаев элитасынан шыққан Тоқаевтың өзі ескі sensu largo  жүйесіне тиесілі (бұрынғы мемлекет басшысының «отбасынан» емес), ол сабақтастық элементінің бірі болып табылады.

Мәскеуден әрі қарай?

Қазақстандағы Конституциялық реформа Ресейдің Украинаға қарсы басқындығына сәйкес келді. Тоқаев ешбір түсініксіз және ескертусіз 16 наурызда Жолдауын жариялап, халықаралық жағдайды, яғни соғыс туралы және Қытай араласқан Батыс пен Ресей арасындағы қарама-қайшылықты «теңдессіз қысым» ретінде бағалады. Сөз соңында ол осыдан шығатын қауіп пен одан сақтану тәсілдеріне тоқталды. Ішінара, ол өндірістік және сауда тізбегінің ажырауы сияқты дағдарыстың экономикалық салдарын атап өтті. Елде санкциядан (Ресейге қойылғаннан бөлек) әлеуетті шығындар туғызған мәселелердің ішінде жергілікті валютаның (теңге) құнсыздану тәуекелі мен азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төніп отырғанын айту орынды. Қолға алынған шешімдерге сәйкес, ол, ішінара, дағдарысқа қарсы штаб құрып, шетелдік валюта экспортын шектеу керектігін айтты. Президент ең басты құндылық – тәуелсіздіктен ажыратуға әкеп соғатын тоқыраудың алдын алу үшін реформалар жасау керектігін ескертті.

Қаңтар қақтығысынан кейін Қазақстанды елеңдеткен оқиға —  Ресей-Украина соғысының басталуы еді. Ол елді тығырыққа тіреген тағы бір экзистенциалдық наразылықтың ұшын көрсетті (әсіресе Мәскеу ҰҚШҰ механизмін пайдаланып, Тоқаевқа жағдайды қалыпқа келтіруге көмектесіп, оны өзінің борышкеріне айналдырып, ықпал ету күшін көрсеткеннен кейін). Бір жағынан, бұл екі ел одақтас торапта тығыз байланысты, бұл олардың елеулі сауда-саттық саласында анық байқалады (әсіресе қазақстандық экспортпен). Қазақстан бүкіл посткеңестік интеграциялық форматқа кіреді: Тәуелсіз мемлекеттер Ынтымақтастығы, OUBZone және Еуразиялық экономикалық одақ. Бұған қоса, ресейлік ұстанымға ие, үлкендігі жағынан екінші орындағы көршісі — Қытай.  Екінші жағынан, ол өзін бұрыннан диалог және өзара түсіністік жақтасы ретінде танытып үлгерген (Астаналық формат және 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағалық ету) және әлем экономикасына мықтан дендеген – елдің ең ірі сауда серіктесі  — тұтастай Еуропалық одақ (Қазақстан экспорты шешуші рөл атқарады, әсіресе энергия ресурстары тұрғысынан; Қосымшаны қараңыз). Осыған орай билік АҚШ пен ЕО Ресейге салған санкциялардан туындайтын салдардан қауіптенеді де, оның алдын алу шараларын қабылдайды.

Жоғарыда айтылған жағдайлардың арқасында Қазақстан ресейлік бизнеске ашық қалпында қалады, осылайша ол Ресеймен ынтымақтастықтың нәтижесінде көзге көрінетін пайда табады (мысалы, ресейлік азаматтарға компания құру мүмкіндігін береді). Алайда соңғы уақытта, мәселен, қазақстандық банкте банк шотын ашып, Mastercard немесе Visa картасын иеленгісі келетін адамнан жұмысқа тұруға рұқсаты бар-жоғын немесе тұрақты мекенжайын талап ете бастаған  [11]. Тоқаевтың бұл әрекеті негізгі ойыншылардың (Батыс, Қытай мен Ресей) бір де бірінің мүддесіне нұқсан келтірмеуге деген пиғылын білдіреді. Мұндай шұғыл шешім Қазақстанның өз басына қауіп төнген жағдайда қабылданады – мәселен, ресейлік мұнайды танкермен экспорттауға шектеу енгізілгеннен кейін келесі күні осы бағытта ресейлік порттардан (шатасудың алдын алу үшін) әлемдік нарыққа жөнелтілетін қазақстандық мұнайдың сауда маркасын алмастыру туралы хабар берілді.

Украинаға соғыс ашудан туындаған жағдайға мемлекеттің көзқарасы сақтық пен әліптің артын бағуға негізделіп отырғаны байқалады, бұл, әсіресе, қазақстандық-ресейлік байланыстарлың ауқымы мен осы жылдың қаңтарындағы ҰҚШҰ интервенциясынан анық байқалды. Тоқаев Мәскеумен дистанция сақтайды, бұл оның 16 наурыздағы жолдауында белгілі болды, әйтсе де оған нақты зиян келтірмеуге тырысады – дегенмен Қазақстан Украинаның аумақтық бүтіндігін мойындап отыр (халықаралық қауымдастықтың ұстанымы осындай деп түсіндірілді), 7 сәуірде ол Адам құқықтары жөніндегі кеңесте БҰҰ Бас Ассамблеясының Ресейдің мүшелігін тоқтатуға қарсы дауыс берді. Мұндай сақтық  ірі әлемдік астаналармен байланыс теңгерімін ескерумен қатар, ішкі тұрақтылықты бұзбаудан (азаматтардың үштен бір бөлігі соғысқа қатысты ресейлік көзқарасты қолдайды) туындаған. Осыған байланысты Украинаны қолдауға наразылық акциясын өткізуге рұқсат таңдаулы күйде беріледі, ал «Z» белгісімен адамдарды ұстау акция сипатына ие. Дегенмен, 2022 жылы 9 мамырда Жеңіс күніне арналған парадты тойлаудан бас тартуы (бюджеттегі тапшылық сылтауымен) сияқты «антиресейлік» әрекеттері Ресей, Қытай және Батыс арасындағы дәстүрлі бұлтару аясынан шығып кеткен сыңайлы, осылайша ол жаңа сапа қалыптастырып, соңғы төрт айдағыдай емес, Ресейден біршама алыстады. Дегенмен бұл әрекет қайта айналмайтын өзгеріс емес.

Қорытынды

Президент қаңтар дағдарысынан кейінгі жағдайды қалпына келтірді әрі Украинаға қарсы ресейлік басқындық алдында тәуелсіз саясатын сақтай білді.  Конституциялық реформаға дайындық және оны өткізу «қос билік» кезеңінен кейін оның мемлекетті басқаруды нақұты қолға алғанын көрсетті және де ол Назарбаев құрған шектеулі жүйеден, сондай-ақ оның қоршаған ортасының ықпалынан арылды. Клерикал аппараттың адалдығы ғана күмәнді болуы мүмкін, әсіресе ұзақ мерзімді келешекте  (оған Ресейдің қаншалықты ықпал етуін және де бұл топтың мемлекетпен қаншалықты байланысы барын, ал рулық қауым іспетті бейресми құрылымдардың көшбасшыларымен қандай байланыста екенін тап басып айту қиын).  Соған қарамастан Тоқаев өз ізашарының саяи «ұлы» болып қала береді – ол институттардың мираскерлігін сақтауға ұмтылады, ал енгізілген өзгерістер Назарбаевтың «қайта құруын» еске салады.

Реформаның мақсаты – ұзақ мерзімді стратегиялық өлшемде қазақстандық мемлекеттілікті нығайту және оны дамыту, ал қысқа мерзімді келешекте мемлекеттік құрылымдарды жетілдіруге күш салу. Осылайша, «қайта құру» – бұл «мемлекетті қайта меншіктеуге» (арнайы мүддемен басқаратын бейресми құрылымдарды қандай да бір шешім қабылдау әрекетіне араласу құқығынан айыру) және Назарбаев (оның жеке басына қол сұғылмайтын» қалыпта қала беруі ықтимал) тірегі болған жүйені реттеуге кезекті ұмтылыс жасалғанын білдіреді. Оның әрекеті саяси жүйені демократияландыруға және адам құқығын қорғауды күшейтуге ұмтылыс екендігінің дәлелі, дегенмен жаңа заңнама осы салада болатын келесі өзгерістерге кепілдік бермейді. Өлім жазасынан біржола бас тарту немесе жекелеген азаматтарға қолжетімді Конституциялық сот құру Президенттің отбасын өз өкілеттігін шамадан тыс пайдалану мүмкіндігінен шектеу ережелерін жүргізу сияқты батыс стандарттарына жасалған қадам болып табылатыны даусыз. Мұның барлығы қазіргі басқарушы биліктің легитимділігін нығайтады.  Тоқаев еңбегінің мөлшері туралы мәселе халыққа айдан анық – қаңтар қақтығысынан кейін және оның «тәуелсіздікке өрлеуіне» халықтың оң баға бергені сөзсіз.

Қазақстанды үздіксіз алаңдататын мәселенің бірі — Мәскеудің неоимпериялық ұмтылысынан туындайтын саясаты. Өткен жылдары ресейлік истеблишмент — негізінен парламент өкілдері, сонымен қатар президент Владимир Путин – бұл мемлекеттің шекаралық тұтастығына қатысты бірнеше мәрте күмәнді ойларын ортаға салды, ол жасанды құрылым және оның солтүстік бөлігі Ресейге тиесілі деп жатты. Украинаға басып кіргеннен кейін мұндай пікірлерге Қазақстан бүркемелі қауіп және әскери қақтығыс туралы мәлімдеп отыр деп қабылдады. Жаңа жағдайға сәйкес, бұл ел  Мәскеумен жақсы қарым-қатынас сақтауға тырысып, өзінің оған қатысты ұстанымын да нығайтып отыр. Алайда, Тоқаевтың көзқарасы тұрғысынан, украиналық шиеленіске араласпау және өз мүддесін қорғау аса маңызды. Қабылданған шаралардың сомасы, Қазақстанды Ресейден (және Қытайдан) алшақтатып және Батысқа жақындатып бара жатқан тәрізді, бірақ бұл тұста бірмағыналы ұсыныс немесе аса қатты өзгеріс күтудің қажеті жоқ. Осы қатынастың өзі-ақ, оның қазіргі аяқ алысына қарай посткеңестік интеграциялық форматта одан әрі қызмет ету мәселесін күн тәртібіне қойғанмен, ол қанша жерден драмалық жағдайда болғанына қарамастан, президент өз ізашары салған жолмен жүріп келеді.

 

ҚОСЫМША

2022 жылы 5 маусымда референдумда мақұлданған конституцияға енгізілген жекелеген түзетулердің қысқаша мазмұны. 

Президент:
— қандай да бір саяси партия құрамына кірмейді;
— оның отбасының мүшелері мемлекеттік басқару органдары немесе мемлекеттік кәсіпорындардың басқарушы қызметіне тағайындалмайды.

Парламент:
— Мәжіліс депутаттарының саны (төменгі палата) 107-ден 98-ге дейін қысқарады;
— Депутаттар аралас жүйе бойынша сайланады (бұрын тек көп дауыс жинағанына қарай сайланатын).

Сот билігі:

— Конституциялық сот құрылды (бұған дейін Конституциялық кеңес болған, алайда азаматтар оған жеке сауалдарын қоя алмайтын – енді мүмкіндіктері бар);
— Конституциядан өлім жазасы алып тасталды.

Қазақстанның 2021 жылғы саудасы

  • 2021 жылы Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі тұтастай Еуропалық одақ болды. Оған Қазақстанның сыртқы саудасының  29,4%-ы  — немесе 26,1 млрд еуро тиесілі (Ресейге — 18,2% және 20,5 млрд еуро, Қытайға — 15,9% және 17,9 млрд еуро).
  • Экспорт 52,9 млрд. еуроға артты, оның ішінде ЕО елдеріне экспортталғаны 20,7 млрд. еуро (39%), Қытайға — 9,9 млрд. еуро (18,8%) және Ресейге — 5,5 млрд. еуро (10,4%).
  • Импорт 35,9 млрд. еуроны құрайды. Ресейдің үлесі 12,7 млрд. еуро (35,5%), Қытай — 6 млрд. еуро (16,6%), ЕО — 5,5 млрд. еуроны (15,3%) құрайды. Қазақстанның маңызды серіктестері: Оңтүстік Корея, Түркия, Өзбекстан, Индия, Швейцария, АҚШ және Жапония.

Дереккөз: OSW

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *