Перейти к содержанию

Иран наразылық білдірді: 2022 жылғы қаңтар хроникасы

Аймақтың түркі және иран-түркі халқымен наразылық сипатын зерттеу аясын кеңейте отырып, Иранды айналып өтуге болмайды.   

Ислам елі, ғасырлар бойы Шығыста маңызды орын алатын, Орталық Азия елдерімен көршілес ірі аймақтық ойыншы әлемдік наразылық күресінен қалыс қалмады.   

2022 жылдың қаңтар айының өзінде Иранда 24 наразылық акциясы және/немесе ереуіл оқиғалары тіркелді. Оның сегізі бірден үш және одан көп қалаларда өтті.    

Халықтың көшеге шығуының басты себебі – әлемдік экономикалық санкциялар аясында қатты сезілген ауыр тұрмыстық жағдай.   

Географиялық тұрғыдан Тегеран мен Тебриздегі ереуілшілер саны басым болды. Решт, Систан және Белуджистан, Урми мен Ахвазда наразылық акциялары сирек орын алды.   

Наразылық білдірушілердің саны орта есеппен 200-250 адамды қамтиды.  

«Сегменттік» фактордың ерекшелігі басым. Бір ай ішінде наразылық акциясына кәсіби белгілеріне қарай қалыптасқан 8 топ шықты, атап айтқанда:  

  1. Зауыт және фабрика жұмысшылары 
  2. соттар
  3. жүргізушілер
  4. мұғалімдер
  5. өрт сөндірушілер
  6. муниципиалды қызмет жұмысшылары
  7. денсаулық сақтау саласының қызметкерлері  
  8. қор биржаларының жұмысшылары

Сондай-ақ ардагерлер мен зейнеткерлер де жеке шықты. 

2022 жылғы ҚАҢТАРДАҒЫ НАРАЗЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША ДЕРЕК  

1) 01.01.22

Өткен орны: Тебриз (Тебриз плита зауыты)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: ереуіл
  • Себебі: жалақы бойынша қарыз төлемдерін уақтылы төлемеу және төмен жалақы деңгейі.  
  • Ереуілшілер саны: 250-300 адам
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Тебриз плита зауытының жұмысшылары  
  • Соңы: Ереуіл соңында ресми өкілдер кәсіподақ талаптарын орындауға уәде берді. Бірнеше сағаттан соң жұмысшылар жұмыстарына қайта кірісті.  

2) 01.01.2022

Өткен орны: Систан мен Белуджистан (Нимруз қаласындағы мыс кен орны)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Себебі: Аймақтың ауыр тұрмыстық деңгейі, жергілікті тұрғындардың Кэйч мыс кен орнына жұмысқа қабылданбауы.  
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Сефидабех Нимроз селолық округіндегі Омар елді мекенінің тұрғындары.
  • Соңы: Систан мен Белуджистан провинциясының губернаторына өз наразылықтарын білдіргеннен кейін қатысушылар үйлеріне тарқады.   

3) 01.01.2022 

Өткен орны: Тебриз (Боньян-Дизельдегі командасының стадионы)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Себебі: Тебриз  футбол  клубының нашар ойыны (Трактор).
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: футбол жанкүйерлері
  • Қатысушылар саны: 100-ден аса
  • Соңы: Акция соңы қатысушылардың тарқауымен аяқталды.   

4) 02.01.2022

Өткен орны: Хузестан, Гилян, Исфахан (Әлеуметтік қамтамасыз ету қызметі)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Мәнерлі лозунгтер:
    — Тегін ем – біздің жігі ажырамас құқығымыз!
    — Парламенттің де, биліктің де халықпен ісі жоқ!
    — Құрғақ уәдемен құқығымызды таптағандар!
    — Ассимиляцияның жүзеге асуы, алдап-арбаусыз.
  • Себебі: Тұрмыстық жағдайдың төмендігі, зейнетақы жоспарының толық өтелмеуі, тегін медициналық көмек көрсетілмеуі және биліктің уәделерін орындамауы.  
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: зейнеткерлер
  • Қатысушылар саны: 100-ден аса
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.  

5) 08.01.2022 

Өткен орны: Тегеран, Карадж және 20-дан аса қалада (қалалық сот ғимараттарының алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг
  • Себебі: Төмен жалақы.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Сот және сот ісі саласының жұмыскерлері   
  • Қатысушылар саны:  30-50 адам
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.   

6) 08.01.2022

Өткен орны: Тегеран (Тегеранның қоғамдық көлік жолдары)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: «Жарықты қосу және 30 км/с жылдамдық қозғалысы» принципі бойынша өткен наразылық. Қалалық автобус жүргізушілері қала ішінде жарықты қосып, сағатына 30 км жылдамдықпен жүруге мәжбүр. Бұл қала қозғалысына едәуір қиындықтар туындатады, соның салдарынан рейстер уақытынан кешіктіріледі.  
  • Себебі: Қызметтің жіктелуін қайта қарастырмау және еңбекақыны тиісті уақытта төлемеу.  
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: «Вахед» көлік компаниясының жүргізушілері.  
  • Қатысушылар саны:  50-100 адам.
  • Соңы: «Вахед» көлік компаниясының күзет бөлімі мен басшылары  «Жарықты қосу және 30 км/с жылдамдық қозғалысы» принципі бойынша наразылық акциясы қалыптасуын болдырмау мақсатында өз автобустарымен наразылықты ұйымдастырған басты жүргізушілерді автобус аялдамасынан жүргізбей,  жолды бөгеді.   
  • Құқық қорған органдарының әрекеті: Автобус компаниясының ондаған жұмыскерлері Тегеран полициясы бөлімшесіне шақыртылды.

7) 09.01.2022 

Орны: Тегеран (Азапталушылар мен ардагерлер қоры ғимаратының алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Отырып ереуілдеу.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Иран-ирак соғысының ардагерлері мен олардың отбасы мүшелері.  
  • Мәнерлі лозунгтері: «Біз де басиджиміз», «Біздің күйеулеріміз басиджи болған».
  • Себебі:  иран-ирак соғысы ардагерлері мен олардың отбасының тұрмыс деңгейінің төмендеуіне көңіл толмауы, сондай-ақ оларға қызметінің аяқталғанына орай бөлінген 445 миллион томан көлеміндегі бонус төленбеген.  
  • Қатысушылар саны:  100-150 адам.
  • Соңы: Полицейлер наразылық білдірушілерді тарқауға үндеді. Акция наразылық білдірушілердің тарқауымен аяқталды.  

8) 09.01.2022 

Өткен орны: Тебриз ( «Иран Ходро Тебриз» компаниясы алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Ереуіл
  • Себебі: Ходро Тебриз компаниясы жеңіл автокөліктерді мердігер компанияларға тапсырған. Бұл компаниялар, өз кезегінде, жүргізушілермен күмәнді келісімшарттар орнатқан. Нәтижесінде – мердігер компания бір жылға жуық уақыт ішінде  жүргізушілерге жалақы төлемеген. 
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: «Иран Ходро» компаниясына тиесілі көлік жүргізушілері   
  • Қатысушылар саны:  25-40 адам.
  • Соңы:  Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

9) 10.01.2022 

Өткен орны: Тебриз (Экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі кешен)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Себебі: Наразылық білдірушілер бір жыл бұрын тапсырыс берген автокөліктерді уақтылы жеткізбеу.  
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: «Азвико автокөлік өндірісінің» тапсырыс берушілері.  
  • Қатысушылар саны:  Қатысушылардың саны белгісіз, бірақ компанияға 3000 көлік жеткізуге тапсырыс берілген деген дерек бар.  
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

10) 13.01.2022 

Орны: Мешхед, Нека, Керманшах, Сари, Тегеран, Рашт, Йезд, Исфахан, Изех және Мариван және 50-ден аса қалада өтті (Ислам консультациялық ассамблеясы ғимараты)  

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Ұйымдастырушылар: Иран мәдени қауымдастығының үйлестіру кеңесі.  
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Мұғалімдер мен білім саласы қызметкерлері. 
  • Мәнерлі лозунгтер:
    -Мұғалім, басыңды көтер — құқығыңды қорға;
    -Революциялық жиналыс — құрғақ уәделер;
    -Қамаудағы мұғалім босатылуы тиіс.
  • Себебі: Балдық жүйе бойынша кәсіби біліктілікті саралау және салыстыру жоспары орындалмаған (қызметті, еңбекақыны және локацияны ішкі бөлу жүйесі).
  • Қатысушылар саны:  Қалаларға байланысты қатысушылар саны 200-300 адам аралығында болды.  
  • Талаптары:
    -ИИР Конституциясының 30-бабын сақтау;
    -Оқытушылық қызметті аяқтаған соң сыйақы беру;
    -Мұғалімдерді қосымша білім беру қызметіне тарту.  
  • Соңы:  Үш адам ұсталды: Мохсен Омрани және Махмуд Малаки, Пируз Нами.

11) 15.01.2022 

Өткен орны: Ховейза (қала муниципалитеті алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Муниципалитет қызметкерлері
  • Себебі: Үш ай бойы жалақы төлемеу және 7 ай бойы сақтандыру жарналарын ұстап қалу.  
  • Қатысушылар саны:  30-50 адам.
  • Соңы:  Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

12)  16.01.2022 

Өткен орны: Тегеран, Тебриз, Исфахан, Рашт, Хоррамабад, Керманшах, Казвин және Ахваз (Реакциялық парламент алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Әлеуметтік қамсыздандыру зейнеткерлері.  
  • Мәнерлі лозунгтер:
    -Зейнеткер өлсе де, құқығын таптатпайды;
    -Парламент те, билік те ұлт жағдайын ойламайды;
    -Өз құқығымызды қорғағанша кері шегінбейміз 
  • Себебі: Құнсыздану, қымбатшылық және төмен жалақы.   
  • Қатысушылар саны:  200-250 адам. 
  • Соңы:  Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

13) 17.01.2022 

Өткен орны: Тебриз (Экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі кешен)  

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг. 
  • Себебі: Наразылық білдірушілер бір жыл бұрын тапсырыс берген автокөліктердің жеткізілмеуі.  
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: «Азвико автокөлік өндірісі» автокөлігіне тапсырыс берушілер.   
  • Қатысушылар саны:  Қатысушылардың саны белгісіз, бірақ компанияға 3000 көлік жеткізуге тапсырыс берілген деген дерек бар.  
  • Соңы:  Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

Бұл қаңтар айында болған екінші наразылық акциясы. Сот билігі жәбірленушілерді қолдауға қатысты еш әрекет етпеді. 

14) 19.01.2022 

Өткен орны: Тегеран (Тегеран муниципалитеті алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Өрт сөндірушілер
  • Себебі: Еңбекақы мен сақтандыру төлемін уақтылы жасамау мәселелері. Шенеуніктердің бұлардың кәсіби біліктілігіне немқұрайлы қарауы.  
  • Қатысушылар саны:  300-400 адам. 
  • Талаптары:  Махид Давариді жұмыстан шығару (Тегеранның өрт сөндіру қызметінің директоры) және Тегеран мэрін жауапқа тарту.  
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнероликтерде өрт сөндірушілер мұндай акциялар осы мәселе шешілгенше қайталана беретіндігі туралы ескерткен.  

15)  20.01.2022 

Өткен орны: Урмия (Урмия қаласы муниципалитеті алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Урмия қаласындағы автобус жүргізушілері. 
  • Себебі: Муниципалитет билеттерінің ақысын төлемеу. Урмия муниципалитеті мол табыс табуды көзейді. Осыған байланысты ол жүргізушілерге билеттерге қойылған бағалар арасындағы айырмашылық бонустарын төлемейді. «Урмия» автобус жүргізушілері алып отырған жалақы деңгейінің елдегі қазіргі инфляция деңгейімен сәйкес келмейтіндігін алға тартып отыр.  
  • Қатысушылар саны:  100-150 адам. 
  • Соңы:  Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

16) 20.01.2022

Өткен орны: Тегеран (Ислам консультациялық ассамблеясының алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Тегеран қор биржасының акционерлер тобы. 
  • Себебі: Тегеран қор биржасы индексінің құлдырауының салдарынан акционерлердің активтері төмендеген.  
  • Қатысушылар саны:  шамамен 200 адам.
  • Соңы:  Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

17)   23.01.2022 

Өткен орны: Тегеран (Country Steel Central Fund ғимаратының алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Болат құю қорының зейнеткерлері.
  • Себебі: Зейнеткерлерге жалақыны теңестіру туралы заңды орындамау және үкіметтің олардың өмір сүруі мен медициналық мәселелеріне көңіл бөлмеуі.  
  • Мәнерлі лозунгтер: Ұрлауды доғарсаң, біздің мәселеміз шешіледі!
  • Қатысушылар саны:  100 — 150.
  • Соңы:  Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

18) 24.01.2022 

Өткен орны: Тегеран, Дараб, Мамасани және Решт (түрлі қалалардағы Мемлекеттік зейнетақы қорлары ғимараттарының алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Зейнеткерлер.
  • Салдары: 19 қаңтарда Мохаммад Таги Фаллахидің тұтқындалуы (Иран ұстаздар Одағының бас хатшысы) және алдыңғы наразылық шаралар барысында ұсталған әріптестерін  бостандыққа шығару туралы. 
  • Себебі: Алалау, әділетсіздік, деңгейі төмен жалақы, алдыңғы митингілер барысында қамауға алу, қатысушыларды ақылы оқыту, төмен тұрмыстық жағдай және аз мөлшерлі зейнетақы.   
  • Мәнерлі лозунгтер: Мамасаниде зейнеткер-ұстаздардың жиналысында сөз сөйлеген бір мұғалім Иранда тегін мектеп табу қиын және де Ирандағы білім таптық сипат алып отырғандығын айтқан.  
  • Талаптары:  Әріптестері Фаллахи мырзаны және оның алдыңғы наразылық шараларында ұсталған басқа да мұғалімдерді бірауыздан босату.
  • Қатысушылар саны:  100-150 адам.
  • Соңы:  Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

19)  26.01.2022 

Өткен орны: Тегеран (Tondgooyan мұнай өңдеу зауыты аумағында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: ереуіл. 
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Tondgooyan мұнай өңдеу зауытының жұмысшылары.
  • Себебі: Заңды құқықтарын төлемеу және жұмыс орындарын жіктеу жүйесін орындамау.  
  • Талаптары:
    -Уақытша еңбек келісімшарттарын бұзу;
    -Жалақыны нақты күнкөріс деңгейіне сәйкес көтеру;
    -Мердігер компаниялар мен формалды жұмыс орындарын жою;
    -Қызмет классификациялары жоспарын жүзеге асыру;
    -Шартты жұмысшылар мен формалды жұмысшылар арасындағы құқық таптаушылықты жою;
    -Жалақы мен жәрдемақыны уақтылы төлеу;
    -Тәуелсіз кәсіподақтарды құруға рұқсат беру;
    -Мердігерлерді мемлекеттік қолдау.
  • Қатысушылар саны:  1800 жұмысшыдан аса.
  • Соңы:  Ереуіл барысында жұмысшылардың бірқатар талаптары орындалды. Алайда олардың мердігер компанияларды жоюға қатысты ең маңызды талаптары шешілмей қалды.

20)  28.01.2022 

Өткен орны: Систан мен Белуджистан (иран-ауған шекарасындағы Милак шекарааралық терминалы және Захедандағы Ауғанстан елшілігінің алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг 
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Систан мен Белуджистан солтүстік провинциясының азаматтары.
  • Себебі: Гильменд өзенінен алынатын судың жетіспеуі және Ауғанстан шекарасындағы Камаль-Хан бөгетін өткізбеу.  
  • Талаптары:  Су тоғын губернатордың уәдесіне сәйкес қамтамасыз ету.  
  • Қатысушылар саны:  500 адамнан аса.
  • Күш қолдану: Шекарада тұрған бірнеше жүк көлігі талқандалды. Әлеуметтік желілерде жарияланған хабарламаларға сәйкес, наразылық білдірушілер транзит көліктерді Иранға өткізбеді, бірнеше жүк көліктерінің терезелерін таспен атқылап сындырды.  
  • Соңы: Шекарааралық аудандағы митингке назар аударған Иранның Ішкі істер министрлігі министрінің орынбасары  Маджид Мирахмади Гильменд өзенінен алынатын су мәселесі келіссіөздер жүргізу арқылы шешілетіндігін, сондай-ақ аймақтағы су мәселесі келесі жылы шешілетіндігін мәлімдеді.  

21) 29.01.2022 

Өткен орны: Мешхед, Нека, Керманшах, Сари, Тегеран, Рашт, Йезд, Исфахан, Изех және Мариван және 50-ден аса қалаларда (білім беру мекемелерінде)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: ереуіл. 
  • Ұйымдастырушылар: Иран мәдени қауымдастығының үйлестіру комитеті.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Мұғалімдер.
  • Себебі: Саралау жоспары, мәдениет зейнеткерлерінің төмен жалақысы.   
  • Талаптары:
    -ИИР Конституциясының 30-бабын сақтау;
    -Оқытушылық қызметті аяқтаған соң сыйақы беру;
    -Мұғалімдерді қосымша білім беру қызметіне тарту;
    -Рейтинг жоспарын жүзеге асыру.
  • Қатысушылар саны:  150 – 200 адам.
  • Соңы:  Мұғалімдер 31 қаңтарда жалпыұлттық митинг өткізетіндіктерін мәлімдеді.   

22)  29.01.2022 

Өткен орны: Тегеран, Исфахан, Мешхедеһ, Шираз және басқа да қалаларда (Түрлі қалалардағы Денсаулық сақтау министрлігі өкілдіктерінде)  

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Денсаулық сақтау саласының жұмысшылары.   
  • Себебі: Жұмыс тұрақсыздығы және төмен жалақы деңгейі. Көптеген ауруханалар мен медицина университеттері жалға алудың қазды мүмкндіктерін пайдаланудың орнына мейірбикелермен 89 күндік келісімшарт орнатады. Еңбек келісімшарттарының мұндай түрі короновирус дертімен күресудің алдыңғы шебінде тұрған медицина қызметкерлерімен жасалады, осылайша оларды жұмыспен қамтуға минималды мүмкіндік береді.  
  • Қатысушылар саны:  150-200 адам.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

23)  29.01.2022 

Өткен орны: Ахваз (Ахваз муниципалитеті ғимаратының алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: ереуіл. Наразылық белгісі ретінде жұмысшылар жұмыс істеуден, сонымен бірге қаладан қоқыс шығарудан бас тартты, соның нәтижесінде қоқыс едәуір үйіліп қалды.  
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Ахваз қаласы муниципалитетінің жұмысшылары.   
  • Себебі: Ереуілдің басты себебі айлық еңбекақының және сақтандыру жарналарының төленбеуі, сондай-ақ шенеуніктердің жұмысшылардың талабына атүсті қарауы.  
  • Қатысушылар саны:  50-100 адам.
  • Соңы: Ереуіл сейсенбіден басталды, 29 қаңтарда қауіпсіздік күштері бірнеше жұмысшының үйіне басып кіріп, ереуілді тоқтатыңдар деп ескерткен.

24) 31.01.2022 

Өткен орны: Тегеран, Илам, Хамадан, Керманшах, Шираз, Шахиншахр, Тебриз және тағы басқа қалалар (Тегеранда – Ислам консультациялық ассамблеясы ғимаратының алдында, басқа қалаларда – Білім беру Департаменті ғимаратының алдында).  

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Ұйымдастырушылар: Иран мәдени қауымдастығының үйлестіру кеңесі.  
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: мұғалімдер.
  • Себебі: Балдық жүйе бойынша кәсіби біліктілікті саралау және салыстыру жоспары орындалмаған (қызметті, еңбекақыны және локацияны ішкі бөлу жүйесі).
  • Мәнерлі лозунгтер:
    -Мұғалім, басыңды көтер — құқығыңды қорға;
    -Революциялық жиналыс — құрғақ уәделер;
    -Қамаудағы мұғалім босатылуы тиіс.
  • Талаптары:
    -Саралау жоспарына қарсы;
    -Мәдени зейнеткерлердің зейнетақысын теңестіру;
    -Түрлі мәдени топтардың кепілдемелерін қамтамасыз ету.  
  • Қатысушылар саны:  Қалаға байланысты, қатысушылар саны. 200-300 адам төңірегінде болды  
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *