Перейти к содержанию

2022 жылдың тамызында бірқатар елдердегі тұрақсыздықты талдау

2022 жылдың 1-31 тамыз аралығында ОА елдерінде, Түркияда, Иран мен Әзірбайжанда, жалпы алғанда, 233 наразылық акциясы өтті. 2022 жылғы шілдемен салыстырғанда, ең көп наразылық танытқан ел — Түркия (87), ал қатысушылар саны жағынан ең ауқымды наразылық акциясы Өзбекстанда өрбіді (шамамен 1000 адам).

Орталық Азиядағы бұқаралық наразылық акциялары

7 елде бір ай ішінде 210 наразылық акциясы және/немесе жаппай тәртіпсіздіктер орын алды. Наразылық саны бойынша 2022 жылы шілдеде Түркияда 75 наразылық акциясы,  Иранда — 67, Әзірбайджанда — 50, Қазақстанда -31, Қырғызстанда — 13, Өзбекстанда – 2 акция өтті. Ең көп наразылық танытқан қатысушылар саны жағынан Өзбекстан алда тұр. Өзбекстанның конституциясынан Қарақалпақстанның автономиясын алып тастау туралы өзгеріс енгізуі  20-25 мыңға жуық адам қатысқан жаппай наразылық тудырды.