Перейти к содержанию

2022 жылдың тамызында бірқатар елдердегі тұрақсыздықты талдау

2022 жылдың 1-31 тамыз аралығында ОА елдерінде, Түркияда, Иран мен Әзірбайжанда, жалпы алғанда, 233 наразылық акциясы өтті. 2022 жылғы шілдемен салыстырғанда, ең көп наразылық танытқан ел — Түркия (87), ал қатысушылар саны жағынан ең ауқымды наразылық акциясы Өзбекстанда өрбіді (шамамен 1000 адам).

Пикеттер мен қамауға алу – 2022 жылғы мамыр айы қалай өтті

Ағымдағы жылдың мамыр айында наразылық толқыны бірқатар елдерді шарпып өтті. Бұл қатарда Орталық Азия елдері, Иран ислам мемлекеті, бауырлас Түркия мен Әзірбайжан мемлекеттері де бар. Жалпы алғанда, наразылық 90 елді мекенде болған. Саны жағынан ерекшеленген Түркияның Стамбулы (100 мың адам) және Иранның Абаданы (500 адамнан аса).  Қақтығысты басу қатыгездігі – Түркиядағы наразылық акциялары барысында туындады (5 жиналыста наразылық білдірушілерді жаппай ұстау әрекетімен аяқталды).