Орталық Азиядағы бұқаралық наразылық акциялары
7 елде бір ай ішінде 210 наразылық акциясы және/немесе жаппай тәртіпсіздіктер орын алды. Наразылық саны бойынша 2022 жылы шілдеде Түркияда 75 наразылық акциясы, Иранда — 67, Әзірбайджанда — 50, Қазақстанда -31, Қырғызстанда — 13, Өзбекстанда – 2 акция өтті. Ең көп наразылық танытқан қатысушылар саны жағынан Өзбекстан алда тұр. Өзбекстанның конституциясынан Қарақалпақстанның автономиясын алып тастау туралы өзгеріс енгізуі 20-25 мыңға жуық адам қатысқан жаппай наразылық тудырды.
Француз бұқаралық ақпарат құралдарының Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдеріне қатысты маусым айындағы жаңалықтарына шолуы
Наразылық, тәртіпсіздік және ереуілдер — маусым 2022
Қазақстанның сыртқы саясатындағы Оңтүстік Кавказ, мүддесі мен келешегі
Оңтүстік Кавказ аймағы үш елді, яғни Әзірбайжан, Армения және Грузияны қамтиды. Географиялық және экономикалық факторлардың салдары Қазақстанның сыртқы саяси әлеуетінің екінші деңгейіне жатады. Мұнымен қатар республика аталған елдердің әрқайсысымен өзара тиімді қатынас орнатып, алға жылжуда. Бұған қоса биыл Қазақстан мен Оүстүстік Кавказ елдерінің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнаған уақытқа 30 жыл толады.
Орталық Азия, Түркия және Әзірбайжандағы «өткір бәсекелестік» кезеңіндегі Қытайдың стратегиясы
ОА, Түркия мен Әзірбайжан елдерінде болып жатқан оқиғалар қытайлық БАҚ беттерінде жарияланып жатады, ақылмандар сарабының талдау нысанына айналады. 2022 жылдың наурызынан бастап қарастырылатын елдер жөнінде мамыр айының соңына дейін қытайлық масс-медианың (соның ішінде сараптамалық орталықтар) жариялаған материалдарының саны төмендегідей: Орталық Азия -48, Әзірбайжан- 57, Түркия — 61.
Пикеттер мен қамауға алу – 2022 жылғы мамыр айы қалай өтті
Ағымдағы жылдың мамыр айында наразылық толқыны бірқатар елдерді шарпып өтті. Бұл қатарда Орталық Азия елдері, Иран ислам мемлекеті, бауырлас Түркия мен Әзірбайжан мемлекеттері де бар. Жалпы алғанда, наразылық 90 елді мекенде болған. Саны жағынан ерекшеленген Түркияның Стамбулы (100 мың адам) және Иранның Абаданы (500 адамнан аса). Қақтығысты басу қатыгездігі – Түркиядағы наразылық акциялары барысында туындады (5 жиналыста наразылық білдірушілерді жаппай ұстау әрекетімен аяқталды).
Париж Орталық Азия, Түркия мен Әзірбайжандағы оқиғаларды жіті бақылауда
Митингтер мен ереуілдер: тарифтің өзгеруі, биліктің ауысуы
Қытай баспасөзінің «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасына қатысушы елдер туралы мақалаларына шолу
Соңғы бірнеше жыл ішінде Қытай әлемдік аренада өзін жоғары деңгейде көрсетуді әдетке айналдырды. Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, Қытай «Белдеу және жол» бастамасының көмегімен Еуразияны қайта құруды қолға алған. Осылайша азиялық алыптың мүдделік шеңбері осы бағдарламаға қатысушы елдердің мүддесімен түйіндеседі. Қытайлық БАҚ өкілдерінің төменде аталатын елдерге қатысты көзқарасы осы жайтқа негізделіп отыр. 2022 жылдың 15 ақпанынан бастап 5 наурызға дейінгі аралықта қытайлық баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар саны жөнінен, ОА мен Иран елдеріне арналған мақала — көп, ал Әзірбайжан бойынша — аз.