Қазақстан Әскери бюджетті арттыру және жаңа әскери заң
Қазақстан 2022 жылы қорғаныс секторына бір триллион теңге бөлді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда, 303,7 миллиард теңгеге артық. Қорғаныс шығындарының елеулі деңгейде өсуі аясында үкімет әскери заңға өзгеріс енгізуді ұйғарды. Республика бюджетінің 02.12.21 жылғы 2022-2024 жж. арналған алғашқы нұсқасында Қазақстан қорғаныс секторына 858,8 млрд теңге бөлген. Бұл қаражаттың 61%-ы Қорғаныс министрлігіне, қалған бөлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлікке және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне бағытталған. Жалпы бюджеттің жартысы — 494,6 млрд теңге – Қорғаныс министрлігіне бөлінеді. Бірақ 2022 ж. мамырда қорғаныс бюджеті 162,6 млрд теңгеге артты (оның ішінде 56,9 млрд теңге Қорғаныс министрлігіне бөлінді) және ол бір триллион 21 млн теңгеге жетті. Бұл өткен жылғы бюджетпен салыстырғанда, 303,7 миллиард теңгеге көп.