Перейти к содержанию

Түркиядағы 2022 жылғы қаңтардағы наразылық оқиғалары

 

Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ мемлекеттері желтоқсан-қаңтар айларында «қайнап» жатты. Соңғы екі ай ішінде түркі және иран-түркі халықтары шоғырланған 7 елде (Түркия мен Иранды қоспағанда) бұрын-соңды болмаған наразылық белсенділігі артты.

Дегенмен шекараны кеңейтіп, наразылық сипатын толық қарастыруға, ең алдымен, наразылық таратудың аймақтық ауқымын айқындауға негіз бар.   

Қаңтара айында Түркияда 19 акция және/немесе ереуіл оқиғалары тіркелді. Көп жағдайда бұл  бейбіт шерулер 10 елді мекенді қамтыды, оның үшеуі – елдің ең ірі қаласы. Ең көп наразылық болған аймақ — Стамбул: 19 акцияның 10-ы осы қалада өтті.  

Жалпы, географиялық тұрғыдан алғанда, наразылықтар Түркияның батыс және оңтүстік-батыс бөлігінде, жағалау немесе онымен көршілес қалаларда өткен.  

Наразылық акциясына қатысушылардың саны 100 адамнан аспаған. Тек жануарларға қастандық жасаушылармен күресетін белсенділердің саны ғана шамамен 2000-ға жуық болды.  

Наразылықтың негізгі «толқыны» айдың екінші жартысында қатты өршіді. 21.01.22ж. елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға көңілі толмаушылардың наразылығы күшейді: 11 акцияның 9-ы осы тақырыпқа сәйкес өрбіді. Наразылық білдірушілер жалақыны көбейтуді талап етіп (5), электр қуаты бағасының артқанына жаппай шағымданды (4).

 

2022 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАРДАҒЫ НАРАЗЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША ДЕРЕК  

1) 09.01.22

Өткен орны:  Кадыкей (Стамбул)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: транспарантармен митинг. Наразылыққа қатысушылар «Көше жануарлары қараусыз қалмайды» деген мазмұндағы лозунгтер алып шықты.
  • Қатысушылар саны:  шамамен 2000 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: жануарларға қатыгездік танытушылармен күрес жүргізуші белсенділер мен жануарларды жақсы көрушілер.
  • Негіз: Р. Эрдоганның қала көшелерінен қаңғыбас иттерді «құрту» туралы шешімі.
    Құқық қорғау органдары наразылық білдірушілерге кедергі келтірмеді. 
  • Соңы — акция қатысушылары тарқады. 

2) 11.01.22

Өткен орны:  Элязыг, Fırat университеті алдында.

  • Наразылық белсенділігінің түріFırat университеті ғимараты алдындағы митинг.
  • Қатысушылар саны: 50-ге жуық студент.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: медицина факультетінің студенттері.
  • Себебі:  жастарға қоғамдық қысым көрсетуге қарсылық білдіру.  
  • Негіз: университет жатақханасы және ата-аналар тарапынан көрсетілген қысымнан студент Энес Караның өз-өзіне қол жұмсауы.  
  • Соңы: Энес Караның өліміне қатысты және жастардың содан шығатын талаптары қамтылған баспасөз хаты оқылды. Студенттер тарқады. Полиция бұл наразылыққа араласпады.   

3) 13.01.22

Өткен орны:  Мерсин (Енишехир)

  • Наразылық белсенділігінің түріТүркияның 2021 жылы Стамбул конвенциясынан шығуы аясындағы транспаранттармен митинг. Лозунг үндеулері:
    -Біз бас көтердік!
    -Әйелдерді жаппай өлтіру доғарылсын!
    -Қару алған еркектерді мемлекет қорғайды.
    -Өлтірілген қыздар — бұл біздің көтерілісіміз.
  • Негіз: Мерсиндегі (Разия Оскай) және Стамбулдағы (заңгер Дилара Йылдыз) қыздардың өлімі.
  • Қатысушылар саны: 30-45 жас шамасындағы 19 қыз-келіншек.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Мерсин қалалық «Әйелдер платформасы» белсенділері.
  • Ұйымдастырушылар: “Мимоза” әйелдер қауымдастығы.
  • Соңы: акция қатысушылары тарқасты. 

4) 14.01.22

Өткен орны:  Стамбул (ВВС ғимараты алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түріереуіл
  • Қатысушылар саны: 19 журналист, Түркиядағы Журналистер одағының төрағасы (TGS) Гекхан Дурмуш және Түркияның Лейбористік партиясының депутаты Ахмет Шик.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: ВВС стамбулдық қызметінің қызметкерлері.
  • Себебі: Түркиядағы жоғарғы құнсыздану және журналистердің сатушылық қабілетіне әсер ететін өмірдің құны. Қатысушылар ВВС журналистері ретіндегі құқықтары Ұлыбританияда және ВВС басқа да бюроларында сақталмағандығын осы наразылық шарасы барысында білді.  
  • Негіз: Түркиядағы Журналистер одағы (TGS) мен ВВС ұжымдық келіссөздер жүргізу барысында ортақ мәмілеге келе алмады.  
  • Соңы: Акцияның соңында наразылық білдірушілер үйді-үйіне тарқады.   

5) 14.01.22

Өткен орны: Стамбул (Истиклал)

  • Наразылық белсенділігінің түрішеру. Енді Стамбулдағы Fırat университетінің медицина факультеті студенттерінің наразылық акциясын жалғастыруы.   
  • Белсенді хештег: #EnesKara.
  • Қатысушылар саны: шамамен 100 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы:  Fırat университеті медицина факультетінің студенттері.
  • Себебі: жастарға қоғамдық қысым көрсетуге қарсылық білдіру. Негіз: университет жатақханасы және ата-аналар тарапынан көрсетілген қысымнан студент Энес Караның өз-өзіне қол жұмсауы.  
  • Күш қолдану: Полиция наразылық білдірушілерді күшпен тарқатты (қол қайыру, дубинка). 83 адам ұсталды, оның ішінде тілшілер де бар (2).
  • Ұйымдастырушылар: «Біз сыйыса алмаймыз» (Barınamıyoruz) және «Үйсіздер» (Yurtsuzlar) қозғалысы.

6) 17.01.22

Өткен орны:  Стамбул, Бейкоз (әнші Сезен Аксудың үйінің алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түрімитинг.
  • Қатысушылар саны: 20 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы:  діндар азаматтар.
  • Себебі: діни қоғамның танымал бейнебаянды дінді қорлау ретінде қабылдауы.  
  • Негіз: Аксудың 2007 жылғы әнінің ремейкінің шығуы, әннің мәтінінде «надан Хауа мен Адамға дұғай сәлем» деген тіркес қолданылған.  
  • Күш қолдану: Байқалмады. Полиция қатысты, бірақ олар акцияға шыққандардың жол қозғалысына кедергі келтірмеуін қадағалады.   
  • Соңы: наразылық білдірушілер арыздарын оқыған соң тарқасты.  

7) 17.01.22

Өткен орны:  Анкара (Чанкайдың Туналы Хилми көшесінде)

  • Наразылық белсенділігінің түрішеру. Fırat университетінің медицина факультеті студенттерінің наразылық акциясын жалғастыруы, енді Анкарада. «Энес Кара – біздің көтерілісіміз» деген лозунгпен шықты.
  • Белсенді хештег: #EnesKara.
  • Қатысушылар саны: анықталмады.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы:  Fırat университетінің медицина факультеті студенттері.
  • Себебі: жастарға қоғамдық қысым көрсетуге қарсылық білдіру.  
  • Негіз: университет жатақханасы және ата-аналар тарапынан көрсетілген қысымнан студент Энес Караның өз-өзіне қол жұмсауы.  
  • Күш көрсету: Транспарантты ашу барысында полиция араласты. Көптеген жастар қолға түсті.   

Өтіп бара жатқан жүргіншілер полицияны сынға алып, «Бұл не бассыздық? Олар әлі бала ғой» деп айқай салған. 

8) 20.01.22

Өткен орны: Стамбул, Босфор университеті. 

  • Наразылық белсенділігінің түріуниверситет алдындағы митинг.
  • Қатысушылар саны:  70-ке жуық адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы:  Стамбулдағы Босфор университетінің (Boğaziçi) профессорлық құрамы.
  • Себебі:  Эрдоганның доктор Начи Инджиді ректор ғып тағайындауы.
  • Негіз: Бұған бірнеше фактор әсер етті:
    -ректорды осы ЖОО бұрын қалыптасқан дәстүр бойынша университеттің профессорлық құрамының сайлауы арқылы емес, тағайындау арқылы қоюы.
    -үш таңдаулы деканның жұмыстан шығарылғандығы. Инджи бұл декандардың «тәртіптік» іс қозғауына қарсы болғандары үшін өз міндетінен босатылғандығын мәлімдеді.
  • Соңы:  Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

Шын мәнінде, бұл 2021 жылғы қаңтарда басталған наразылықтың жалғасы, ол кезде университет ректоры болып Мелих Булу тағайындалған еді. Бұл алғашқы қадам наразылықтың жаппай акцияларының басталуына себеп болды, соның салдарынан жыныстық азшылықтардың құқығын қорғау жөніндегі акциялар көбейді.
Бір айта кетерлігі, үш декан да 2021 жылы университет тәуелсіздігін қолдау бойынша наразылық акцияларына қатысқан.  

9) 21.01.22

Өткен орны:  Самсун

  • Наразылық белсенділігінің түріYEPAŞ ғимаратының алдында митинг.
  • Қатысушылар саны: 19 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы:  қала тұрғындары.
  • Себебі:  электр қуаты бағасының өсуі.  
  • Ұйымдастырушылар: Азаттық пен ынтымақтастық партиясы (SOL).
  • Соңы: Наразылық тобы арыздары оқылғаннан кейін тарқады.  

10) 23.01.22

Өткен орны: Стамбул (Бакыркёй)

  • Наразылық белсенділігінің түріСтамбулдағы олимпиада орталығы алдындағы митинг.  
  • Қатысушылар саны: 70 адам. 
  • Қатысушылардың негізгі құрамы:  ұйғыр өкілдерінің тобы.
  • Себебі: Қытайдағы 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындары.  
  • Ұйымдастырушылар: Шығыс Түркістанның спорт және даму қауымдастығы. Тахир Гёкбайрак — президент. 
  • Соңы:  Наразылық білдірушілер арыздары оқылғаннан кейін тарқады.  

11) 24.01.22

Өткен орны: Стамбул (Trendyol кеңсесі алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түріереуіл.
  • Қатысушылар саны: шамамен 100 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы:  Trendyol сауда платформасының курьерлері. 
  • Себебі:  Құнсызданудың ресми деңгейі 36%-ға артқанына қарамастан, жалақының жеткіліксіз мөлшерде көтерілуі (11%).
  • Соңы: Наразылық акциясынан кейін қызметкерлердің жалақысы 38,8%-ға артты.

12) 25.01.22

Өткен орны: Стамбул (аэропорт). 

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг. Наразылық білдірушілер қонақ үйлерден номер беруді талап етіп, лозунгтерін көтере шықты.  
  • Қатысушылар саны: 100-ден аса адам. 
  • Қатысушылардың негізгі құрамы:  Стамбул әуежайында қалып қойған туристер.  
  • Себебі:  Қалың қар жауғандықтан рейс уақытынан кешіктірілген.
  • Соңы: Turkish Airlines әуе компаниясы өздерінің халықаралық рейсімен ұшуы тиіс 5420 адамды  қонақ үйлерге орналастырғанын хабарлады.  
  • Күш қолдану: Әуежай ғимаратына полиция келді, бірақ олар күш қолданбады.    

13) 27.01.22

Өткен орны: Анталья

  • Наразылық белсенділігінің түріереуіл.
  • Қатысушылар саны: анықталмаған.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы:  HepsiJet курьерлері.
  • Себебі:  бір жөнелтілімді жеткізу бағасының 1TL көтерілуі. 
  • Негіз: Trendyol курьерлері наразылығының сәтті акциясы.  
  • Талаптары:
    -жалақыны 12.500 TL дейін өсіру + ҚҚС;
    -50-ші км бастап әрбір километр үшін жанармай ақысын төлеу;
    -Өз құқықтарын талап еткен HepsiJet қызметкерлеріне қысым көрсетуді тоқтату;
    -Наразылық салдарынан келісімшартын бұзған қызметкерлерді қабылдап, қайта келісімшарт орнату.  

14) 27.01.22

Өткен орны: Денизли

  • Наразылық белсенділігінің түріереуіл. 
  • Қатысушылар саны: 60 адам. 
  • Қатысушылардың негізгі құрамы:  Aras Kargo курьерлері.
  • Себебі:  жалақының 10%-ға көтерілуі.
  • Негіз: Trendyol курьерлері наразылығының сәтті акциясы.  

15) 29.01.22

Өткен орны:  Стамбул (Trump Tower ғимаратының ауласы)

  • Наразылық белсенділігінің түріереуіл, наразылық акциясы шеңберінде курьерлер жерге монета (1 TL) лақтырған. 
  • Қатысушылар саны: шамамен 50 адам. 
  • Қатысушылардың негізгі құрамы:  HepsiJet курьерлері.
  • Себебі: бір жөнелтілімді 1TL дейін ғана көтеру.  
  • Талаптары:
    -жалақыны 12.500 TL дейін көтеру + ҚТС (НДС);
    -жұмыстан босатылған жұмыскерлердің бәрін қайта қабылдау;
    -барлық жұмысшылармен қайтадан жылдық келісімшарт орнатып, қол қою.  
  • Негіз: Trendyol курьерлері наразылығының сәтті акциясы.  

16) 30.01.22

Өткен орны:  Измир (Байраклы)

  • Наразылық белсенділігінің түрібос кәстрөлдер маршы. Лозунгтері: «Электр қуатының бағасын қайтарыңдар!».
  • Қатысушылар саны: 20-ға жуық. 
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: қала тұрғындары.
  • Себебі:  электр қуаты бағасының жоғарылауы.  
  • Соңы: тарқады.  

17) 31.01.22

Өткен орны: Стамбул (Scotty компаниясының бас кеңсесінің алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түріереуіл
  • Қатысушылар саны: 40 адамға жуық. 
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Scotty компаниясының курьерлері.
  • Себебі:  жалақыны жеткіліксіз деңгейде көтерген.  
  • Талаптары: жалақыны 40%-ға арттыру.
  • Соңы: талаптарын оқығаннан кейін тарқаған. 

18) 31.01.22

Өткен орны: Бодрум (Коначик)

  • Наразылық белсенділігінің түрімитинг. Лозунгтері: басқа лозунгтермен қатар үкіметті отставкаға жіберу туралы лозунгтер болды.  
  • Қатысушылар саны: шамамен 100 адам. 
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: қала тұрғындары, Республикалық Халықтық  партиясы (СНР) оппозициялық партиясының өкілдері, «Жақсы» партиясы (İYİ), Демократия мен прогресс партиясы (DEVA), Түркияның жұмысшылар партиясы (TİP), Еңбек партиясы (EMEP), Халықтардың демократиялық партиясы (HDP), Азаттық және ынтымақтастық партиясы (SOL).
  • Себебі:  электр қуаты бағасының көтерілуі.  
  • Талаптары: тарифтің көтерілген бағасын түсіру. 
  • Соңы:  арыздарын оқығаннан кейін тарқаған. 

19) 31.01.22

Өткен орны: Ризе

  • Наразылық белсенділігінің түрімитинг. 
  • Қатысушылар саны: шамамен 70 адам. 
  • Қатысушылардың негізгі құрамы:  қала тұрғындары.
  • Ұйымдастырушы: Республикалық халықтық партия (СHP)
  • Себебі:  электр қуаты, газ бағасының қатты қымбаттауы, сондай-ақ азық-түлік өнімдері бағасының артуы.  
  • Талаптар: көтерілген тарифтердің күшін жою. 
  • Соңы:  электр қуаты тарифінің көтерілуіне қатысты наразылық акциялары көбейгендіктен Түркия президенті 31 қаңтарда министрлер кабинеті мәжілісінен соң осы мәселе бойынша мәлімдеме жасады. Эрдоган тиісті мекемелерге электр қуаты тарифін қайта қарастыруды тапсырғанын хабарлады. Айлық лимит 150 киловаттан 210 киловатқа дейін көтерілді.   

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *