Перейти к содержанию

Тұран: екі айлық теңдессіз наразылық көрсету белсенділігі

Небары 60 күннің ішінде түркі және иран-түркі халықтары шоғырланған 7 мемлекетте наразылық акциялары және/немесе тәртіпсіздіктер белең алды. Оның залалы 34 елді мекенге тиді, 13 аймақта жаппай тәртіпсіздіктер немесе қарулы қақтығыстар болды. Шекара аумағындағы аудандардың басым бөлігінің наразылық көрсету белсенділігі артты.   

Қазақстанда қаңтардағы бейбіт шеру акцияларының соңы тәртіпсіздікке ұласты, соның нәтижесінде көршілес түркі мемлекеттер көптеген бақылаушыларға ықтимал тұрақсыздықтың үлгісі болып көрінді. Алайда оның аясында аймақтық көрініс тұтастай елеусіз болып шықты. Оның түйіні: соңғы екі айда халқының басым бөлігін түркі немесе иран халықтары мен түріктер құрайтын мемлекеттердегі наразылық белсенділігінің ауқымы мен жиілігі теңдессіз қалыпқа көшті. Түркия мен Иран мемлекеттерін былай қойғанда, біз Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ мемлекеттерінің бірегей түркі-иран аймағын қарастырамыз, атап айтқанда: Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан, Түркменстан, Әзербайжан. Барлығы – 7 мемлекет.

2021 жылдың қарашасының соңынан бастап 2022 жылдың қаңтар айының соңына дейін – осыншама қысқа уақыттың ішінде аталған мемлекеттердің бір де біреуі нарызылық белсенділігін болдырмаудың алдын ала алмады. Аталған аймақтар ауқымында жалпы есеппен 32 қала мен 2 ауылдық мекен наразылық акцияларынан зардап шекті. Оның ішінде үш мемлекеттің, яғни Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжанның астаналары бар.

Наразылық белсенділігіне тап болған 34 елді мекеннің 13-нде жаппай тәртіпсіздіктер орнап, қарулы қақтығыстар болды – Қазақстан, Тәжікстан, Ауғанстан мемлекеттерінде.

7 мемлекеттің бесеуінде – Қазақстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Түркменстан, Қырғызстанда наразылық немесе тәртіпсіздік акцияларының қатысушылар саны бір тәуліктің ішінде 100 адамнан асты.

Халықтың түрлі санаты бойынша наразылықтың ушығуына бейімділігі жағынан ерекшеленген – 20-35 жас шамасындағы ауылдан шыққан ер азаматтар. Олар Қазақстандағы 4-11 қаңтардағы тәртіпсіздік қатысушыларының арасында да, Хорог қаласындағы (Тәжікстанның Таулы-Бадахшан өңірі) 25-28 қарашада болған наразылық пен қақтығыстар барысында да үстемдік етті.

Кәсіби ерекшеліктері бойынша қалыптасатын топтар мыналар:

  1. Жекеше жүк тасумен айналысатын (көбінесе заңсыз) автокөлік иелері – 27 қарашада Өзбекстанның Шырақшы (Чирокчи) ауданында наразылық акцияларының қатысушылары арасында бой көрсетті, және де олардың 2-3 қаңтарда Қазақстанның Маңғыстау облысындағы  алғашқы митингілеріне қатысқаны белгілі болды.
  2. Мұнай өндірісінің жұмыскерлері – 2-8 қаңтарда Қазақстанның Маңғыстау облысындағы шеруге, сондай-ақ 19 және 21-23 қаңтарда осындағы (Жаңаөзен)  наразылық акцияларына қатысты.
  3. Базар саудагерлері – 21-22 және 27 желтоқсанда, сонымен бірге 24 қаңтарда Қырғызстандағы үш наразылық оқиғаларын ұйымдастырумен ерекшеленді. Бұл наразылықтың барлығы ел астанасында өткенімен, оны ұйымдастыруға тек жергілікті базар жұмысшылары ғана емес, елдің солтүстігіндегі (Тоқмақ) әріптестері де атсалысқан.
  4. БАҚ өкілдері – 23 қаңтарда Қырғызстанның солтүстігі мен оңтүстік өңірінде бірден үш наразылық акциясын өткізді (Бішкек, Ош, Қаракөл). Қатысушылардың жалпы саны 300 адамға жетеді.

Көрсетілген аймақтағы наразылық белсенділігін талдау барысында соңғы екі айда «географиялық фактор» ерекше қызығушылық туғызып отыр. Мәселен, наразылық шаралары өткен 34 елді мекеннің ішінде 26 елді мекен көршілес мемлекеттермен шекаралас орналасқан әкімшілік бірлік (облыстар мен аудандар) құрамына кіреді. Мұндай заңдылық аймақтың бүкіл елдеріндегі жағдайлардан байқалады. Бұл әрекет әсіресе Қазақстан бойынша наразылық акциялары өткен өңірлерге қатысты: 2-11 қаңтарда бейбіт наразылық акциялары және/немесе тәртіпсіздіктердің эпиорталығына айналған 24 елді мекеннің 19-ы шекаралас әкімшілік бірліктер аумағында орналасқан. Бұған қоса, наразылық акциялары шекаралас (Түркменстанмен) Маңғыстау облысында басталған еді.

Географиялық контекске сүйенсек, тағы бір қызықты деректі бақылауға негіз бар:  наразылық қарқыны бір мемлекеттің шекаралас облысынан келесі мемлекетке «ойысқан»:

  1. 27 қарашада наразылық акциясы Өзбекстанның Қашқадар облысында өтсе, 10 қаңтарда – Түркменстанның Лебап облысында, ал 13-15 қаңтарда наразылық акциялары мен қарулы қақтығыстар солтүстіктік жағынан Лебап облысына іргелес ауғанның Фарьяб елді мекенінде белең алды.
  2. 4-11 қаңтарда Қазақстанның оңтүстігіндегі Алматы облысында тәртіпсіздік әрекеттері өрбісе, 23 қаңтарда наразылық акциясы көршілес Қырғызстан мемлекетінің Ыстықкөл облысында өтті.
  3. 25-28 қарашада Тәжікстанның Таулы-Бадахшан автономиялық облысының астанасында болған наразылық акциясында полициямен қақтығыс өршісе, 23 қаңтарда көршілес Қырғызстанның Ош облысында да наразылық акциясы өтті.

2021 ЖЫЛДЫҢ ҚАРАША АЙЫНЫҢ СОҢЫ МЕН 2022 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАРЫНЫҢ СОҢЫ АРАЛЫҒЫНДАҒЫ КЕЗЕҢ БОЙЫНША АЙМАҚ ЕЛДЕРІНДЕГІ НАРАЗЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР 

Тәжікстан (қараша)
  • Уақыты: 25-28.11.21
  • Орны: Хорог қаласы – Таулы-Бадахшан автономиялы облысының әкімшілік орталығы (республиканың шығыс бөлігі, Қырғызстанмен, ҚХР  Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы және Ауғанстанмен шекаралас); тұрғындарының басым бөлігін памир халықтары құрайды.
  • Наразылық белсендігінің сипаты: облыстық әкімшілік ғимараты алдындағы митинг және оның барысында ғимаратты басып кіруге ұмтылыс; құқық қорғау органдары қызметкерлерімен қақтығыстар; оқиға орнына келген Тәжікстан парламенті депутатына бүлікшілер тас лақтырған, нәтижесінде депутат жеңіл жарақат алған.
  • Қатысушылар саны: бірінші күні 2000-ға жуық адам, екінші күні —  4000-ға жуық.
  • Қатысушылардың негізгі бөлігі: жас ер азаматтар – облыстық орталық пен көрші ауыл тұрғындары.
  • Себебі: жергілікті зиялы қауым мен тұрғындардың орталық тарапынан автономиялық облысты бақылауды күшейтуіне қатысты қордаланған наразылығы; бұл әсіресе күштік құрылымның жаппай қатысуына және облыстық деңгейдегі құзіретті тұлғалардың орталықтан тағайындалуына қатысты.
  • Сипаты: құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жақын маңдағы елді мекеннің заңға қайшы әрекет жасаған деген күдікпен іздестірілу үстіндегі тұрғынын өлтіруі; марқұмның мәйітін туыстары облыстық әкімшілік ғимаратының алдына әкеліп, кінәлілерді жазалауды талап етуі.
  • Талаптары: Таулы-Бадахшан облысына нақты автономия дәрежесін беруге бағытталған саяси талаптар.
  • Ұйымдастырушылар – өздігінен.
  • Соңы – билік пен жергілікті белсенділердің өзара келіссөздер жүргізуінің арқасында болған оқиғаны зерттеуге қатысты бірлескен топ құрылды; билік наразылық акциясы қатысушыларының талаптарын (негізінен, саяси сипаттағы) ішінара орындады.
  • Салдары: шеруге қатысқан екі адам қайтыс болды, 17 адамға оқ тиіп, дене жарақатын алды (азаматтық қоғам белсенділерінің тұжырымы бойынша), құқық қорғау органдарының 12 қызметкері жараланған (билік дерегі бойынша).
Өзбекстан (қаңтар)
  • Уақыты: 27.11.21
  • Орны: республиканың оңтүстігіндегі Қашқадар облысының Шырақшы (Чирокчи) ауданы (бұл облыс Түркменстан және Тәжікстанмен шекаралас); халықтың едәуір басым бөлігін өзбек ұлтының өкілдері құрайды.
  • Наразылық белсенділігінің түрі: автотрассаны жабу.
  • Қатысушылар саны – ондаған адам.
  • Қатысушылардың негізгі бөлігі: көлік жүргізушілері.
  • Себебі: жол полициясы қызметкерлерінің қарсы құқықтық әрекеттері.
  • Талаптары: талап қоймаған.
  • Ұйымдастырушылар – өздігінен.
  • Аяқталуы – жол полициясы қызметкерлерінің күш қолдану әрекеттерінің нәтижесінде аяқталды.
  • Салдары: жол полициясы қызметкерлерінің газ баллонын тозаңдату нәтижесінде үлкен жастағы әйел жеңіл жарақат алды.
Қазақстан (қаңтар)
  • Уақыты: 02-11, 19, 21-23 қаңтар 2022 ж.
  • Орны: 02.01.22 жылы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында наразылық басталды, бұл аймақтың оңтүстік бөлігі Түркменстанмен, ал шығыс бөлігі Өзбекстан мемлекеті құрамындағы Қарақалпақстан республикасымен шекараласады. 03-04 қаңтар күндері наразылық елдің 14 облысының 11-де болды. Өте кең ауқымдағы әрі радикалды наразылық бастамаларының соңы Алматы облысында жаппай тәртіпсіздікке ұласты, бұл өңір шығысы ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр ауданымен, ал оңтүстік бөлігі Қырғызстанмен шекаралас. Дереккөздер бойынша жаппай тәртіпсіздік орын алған екінші аймақ (Бас прокуратураның 15.01.22 мәлімдеген деректері бойынша) – Түркістан облысы, нақты айтқанда, оның бұрынғы әкімшілік орталығы – Шымкент қаласы. Бұл облыс Өзбекстанмен іргелес жатыр, халқының 17%-ын өзбектер құрайды.19 және 21-23 қаңтарда Жаңаөзенде бейбіт наразылық акциялары қайта жалғасты.
  • Наразылық белсенділігінің түрі: жергілікті билік органдары ғимараттарының алдында шеру, митингтер, көлік магистральдарын жабу; 4-5 қаңтарда бейбіт наразылық акциялары бүлік пен ойран салушылық сипатындағы тәртіпсіздікке ұласты, бүлікшілер әкімшілік ғимараттарына, ауруханаларға, полиция бөлімшелеріне және Ұлттық қауіпсіздік комитеті мекемелеріне шабуыл жасап, полицейлерге қол көтерген, қаруларын тартып алған, күштік құрылымдар және әскерилермен қарулы қақтығыстар орын алған (соңғы бейбіт наразылық акциялары 7-8 қаңтарда аяқталды).
  • Қатысушылар саны: Қазақстанның Бас прокуратурасының мәлімдеуі бойынша, наразылық белсенділігі 05.01.22ж. қатты өршіген, наразылыққа қатысушылар саны елде 50 000 адамға жуықтаған.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: 02.01.22 Жаңаөзендегі алғашқы наразылық акцияларына қатысқандар ішінде автокөлік жүргізушілерінің саны басым болған;  одан әрі ел бойынша, тұтастай алғанда, әртүрлі жастағы және әртүрлі әлеуметтік топтағы өкілдер қатысқан, батыс өңірде мұнай өндірісінің жұмысшылары көтерілген (олар Жаңаөзенде 19 және 21-23 қаңтарда бейбіт наразылық акцияларының арасынан табылды). Тәртіпсіздікке шамамен 20-30 жас аралығындағы ерлер, елеулі деңгейде ауылдан шыққан азаматтар қатысқан.
  • Себебі: билік жүйесіне қарсылық; экс-президент Н.Ә.Назарбаевтың туыстарының мемлекеттік көптеген құрылымдардағы және экономика салаларындағы алатын орны; байлар мен кедейлер арасындағы едәуір алшақтық; халықтың, әсіресе ауыл тұрғындарының елеулі бөлігінің кедейленуі.
  • Сипаты: сұйытылған газ бағасының екі рет көтерілуі.
  • Талаптары: 02.01.22ж. наразылық әлеуметтік-экономикалық сипатқа ие (газ бен азық-түлік бағасын төмендету, жалақыны көтеру), соңғы екі күнде саяси талаптар да қойыла бастады. Оның ішіндегі басты талаптардың бірі: Назарбаевты саясаттан біржола кетіру, саяси реформалар жүргізу және парламент сайлауын әділ өткізу, саяси партиялардың тіркеу ережелеріне өзгеріс енгізу, жергілікті билік басшыларын сайлап тағайындау, 1993 жылғы конституцияны қолданысқа қайтару, жемқорлықпен күрес. 19 және 21-23 қаңтардағы Жаңаөзенде болған бейбіт наразылық акцияларының қатысушылары мұнай өндірісі қызметкерлері құқығының сақталуын, сондай-ақ ай басында бейбіт наразылық шеруіне қатысқан қатысушыларды аңдуды және қудалауды  доғаруды талап етті.
  • Ұйымдастырушылар –  03.01.22 бастап наразылық акцияларын ұйымдастыруда беделді жергілікті тұрғындардың (мысалы, Ақтау мұнайшылары), сонымен бірге қаңтар оқиғаларына дейін билікті сынаған азаматтық қоғам белсенділердің  атсалысқаны анықталды. Олар, әсіресе, саяси талаптарды қалыптастыруға, ерікті шешендердің сөздерін басқаруға, шатырлар мен киіз үйлер орнатуға қаражат жинауға, азық-түлік сатып алуды ұйымдастыруға жұмыла кіріскен.17.01.22 жылы «Қазақстанның демократиялық таңдауы» оппозициялық қозғалысының жетекшісі, Франциядан саяси баспана алған Мұхтар Әблиязов  ресейлік «РИА новости» агенттігіне  берген сұхбатында: «…2 қаңтарда болған наразылық шеруінде тұрғындар сұйытылған газ бағасын төмендетуге қатысты талаптарымен шықты, біздің оған ешқандай қатысымыз жоқ… Үшінші қаңтарда мен тікелей эфирге шықтым. Мен де халықты осы шеруге қосылып, қолдауға шақырдым… 4 қаңтарда наразылықтың күшейіп бара жатқанын аңғарып, соған сәйкес, қалай әрекет ету керектігіне бағыт-бағдар бердік» — деді. Әблиязов алғашқы наразылықтан кейін бірден Киев қаласынан «Үйлестіру штабының» қызмет көрсетіп бастағаны туралы айтты.    «Шеруге шыққандар штабқа хабарласып, әрі қарай қалай әрекет ету керектігіне нұсқаулар алып отырды. Біз оларға әкімшілік ғимараттарын басып алу керектігін айттық», — деп атап көрсетті Әблиязов.

    21.01.22ж. Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстандағы наразылық пен тәртіпсіздіктерге қатысты былай деп мәлімдеді: «…Жекелеген мемлекеттердің арнайы қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеген…   арнайы қызмет көрсету өкілдерінсіз мұндай акциялар үйлестірілмеген күйде бір тәулікке жетпей аяқталар еді».

  • Аяқталуы – 5 қаңтардан бастап 19 қаңтарға дейін республикада төтенше жағдай режимі енгізілді, сонымен бірге «контртеррористік операциялар» жүргізілді; билік наразылық танытушылардың бірқатар талаптарын орындады, 180 күнге дейінгі мерзімге сұйытылған газ бағасы арзандады; Маңғыстау облысындағы бейбіт шерулердің алдын алу үшін билік жасырын түрде жас адамдарды, әсіресе спортшыларды топтастырып, елді үйді-үйіне аман-есен тарқасуға үндеуді тапсырды, олар шатырларын өз еріктерімен жинап тарқасты.
  • Салдары (құрбандар, жапа шеккендер, шығын): 227 адам қайтыс болды, оның 19-ы — құқық қорғау органдарының қызметкерлері; 4.500 адам әртүрлі деңгейдегі дене жарақатын алды; 3300-ден аса адам қамауға алынды (Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің 22.01.22 дерегі); тәртіпсіздіктер барысында 351 жылжымайтын мүлікке нұқсан келтірілген, оның ішінде мемлекеттік органдарға тиесілісі — 45 ғимарат, 306 коммерциялық нысан, жалпы алғанда, елдегі шығын көлемі 313 млн доллар шамасында болып отыр (Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 22.01.22ж. мәліметі бойынша).
  • Саяси салдары: президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың билігі нығая түсті; экс-президент Назарбаев мемаппараттағы соңғы лауазымы – Қауіпсіздік кеңесі хатшысы қызметінен босатылды, оның мемқұрылымда негізгі қызметтерді иеленген жақындары қыспаққа алына бастады; Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы 2002 жылы құрылған сәтінен бастап алғашқы бітімгершілік операциясын өткізді:  мүше мемлекеттердің ұйым құрамындағы елдердің билік құру режимін сақтау үшін әскери сипаттағы бірлескен қызметін қамтамасыз етуге дайындығы мен мүмкіндігі көрсетілді; Орталық Азияның басқарушы элитасының алдында Ресей мемлекетінің позициясы күшейді, алайда халық арасында антиорыс ықпалы артты, бұл посткеңестік кеңістіктегі түркі халықтарының ұлттық болмысын нығайтуға  ықпал етеді.
Түркменстан (қаңтар)
  • Уақыты: 10.01.22
  • Орны: Түркменстан шығысындағы Лебап уәләяты (облысы) Фарап атырабы (ауданы); шығыс пен оңтүстікте бұл Фарап ауданы Өзбекстанның Қашқадар облысымен (мұнда 27.11.21 наразылық акциясы өткен), шығысында – ауғанның Фарьяб аймағымен шекараласады, мұнда 13-15.01.22ж. өзбектер мен түркмендер пуштун билігіне қарсы шықты. Лебап облысының да, Фарьяб аймағының да тұрғындарының елеулі бөлігі – өзбектер.
  • Наразылық белсенділігінің түрі: аудан әкімшілігі ғимаратының жанындағы митинг.
  • Қатысушылар саны: 200-ге жуық
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: белгісіз.
  • Себебі: Халықтың, соның ішіндегі Өзбекстанның көршілес аудандарындағы жағдайлармен салыстырғандағы әлеуметтік-экономикалық ауыр жағдайы.
  • Сипаты: 01.01.22ж. бірқатар қаражаттандырылған азық-түлік бағасының көтерілуі.
  • Талаптар: талап қойылмады, дегенмен жергілікті тұрғындар билікке өздерінің тұрмыстық төменгі ахуалын, мемлекет тарапынан көмек көрсетілуін қарастыруды жеткізуге ұмтылды.
  • Ұйымдастырушылар – ұйымдастырушлар болғаны айқын, себебі алдын ала хабарландыру бермей, жоспарланған акцияға – өз әрекеттерін әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің көмегінсіз үйлестіру мүмкіндігін тауып, бір жерде, бір уақытта соншама адам жинау мүмкін емес.
  • Соңы – жиналғандарды полиция тарқатты.
  • Салдары: Лебап және оған көршілес, Ауғанстанмен шекаралас орналасқан Мары облысында наразылық акцияларын алдын алудың шаралары күшейтілді.
Ауғанстан (қаңтар)
  • Уақыты: 13-15.01.22
  • Орны: Меймене қаласы – Түркменстанның Лебап облысымен (10.02.22ж. наразылық акциясы өткен) шектесетін Фарьяб солтүстік-батыс өңірінің әкімшілік орталығы; тұрғындарының басым бөлігі – өзбектер мен тәжіктер.
  • Наразылық белсенділігінің түрі: демонстрациялар, Талибан қозғалысының орталық үкіметінің күштерімен қарулы қақтығыстар.
  • Қатысушылар саны: бірнеше мың адам.
  • Қатысушылардың негізгі бөлігі: өзбектер мен түркмендер.
  • Себебі: Талибан қозғалысы режимі барысында мемлекеттік құрылым сипатын анықтау аясындағы пуштундар мен ұлыс өкілдерінің өзара қарсылығы.
  • Сипаты: Талибан қозғалысы орталық үкіметі өкілдерінің Фарьяб өлкесінің көрнекті әскери-саяси өзбек қайраткерін тұтқындауы.
  • Талаптары: өзбек қайраткерін тұтқыннан босату және орталық үкіметінен өзбектер мен түркмендерге өкілдік бөлу.
  • Ұйымдастырушылар  – Фарьяб провинциясының түркі әскери-саяси қауымы.
  • Соңы – Талибан қозғалысының орталық билігі өкілдерінің бітімгершілік келіссөздерінің нәтижесінде, өзбек қайраткерін босату туралы жалған ақпарат таратып, сондай-ақ өзбек дала командирлерін тұтқындау және ол жаққа ірі әскери күштерді жұмылдырумен аяқталды.
  • Салдары: қысқа – Меймене қаласы бірнеше күн бойы Талибан қозғалысының құрамына шартты түрде кіретін, алайда оның орталық басшылығына тек белгілі жағдайларда ғана бағынатын өзбек қарулы құрылымдарының бақылауында болды; жалпы алғанда – пуштундар мен ұлыстар (өзбек, тәжік, түркмендер) арасындағы қарама-қайшылықтар одан әрі ушықты.
Әзірбайжан (қаңтар)
  • Уақыты: 15.01.22 (Хырдалан), 19.01.22 (Бакудегі өтпеген акция), 22.01.22 (Баку және Габалин ауданының Kürd селосы).
  • Орны: Баку; Хырдалан – Әзірбайжан мемлекетінің ең ірі қалаларының бірі, ол мемлекет астанасынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан; елдің солтүстігіндегі, Дагестанмен шекаралас Габалин ауданындағы Kürd селосы.
  • Наразылық белсенділігінің түрі, қатысушылар саны, негізгі құрам және шерулер өткізудің себептері.

    15.01.22ж. Хырдалан қаласында нарызылық акциясы митинг түрінде пәтер сатып алған адамдардың алдында өз міндеттемелерін орындамаған құрылыс компаниясының ғимараты алдында өтті; қатысушылар саны – 30-64 жас аралығындағы 30-ға жуық адам. Бұл іске полиция араласпады.Бакудегі өтпеген акция (19.01.22): оппозициялық-саясиэмигранттардың үндеуіне құлақ асқан 10-15-ке жуық адам оқшауланып немесе екеу-үшеуден бөлініп, түс ауа әлеуметтік қорғаныс министрлігінің ғимараты алдына жиналған. Наразылық акциясына қатысатын адамдардың жиналмауына байланысты олар өздері тарқасты немесе полицияның араласуымен тарқады. Осылайша, бұл шеру қалың көпшілікке жетпеді. Оппозициялық блогер саясиэмигранттар 1990 жылғы 20 қаңтардағы қайғылы оқиғаның 32 жылдығын пайдалануды көздеді, ол оқиға барысында Баку мен Әзірбайжанның басқа да жекелеген елді мекендеріне кеңестік армияның бір бөлігін енгізу нәтижесінде жүздеген жергілікті тұрғындар қаза тапқан болатын.

    22.01.22ж. Бакудың Ясамаль ауданында наразылық акциясы митинг түрінде өтті. Оған өз міндеттемелерін орындамаған құрылыс команиясына ренжулі жергілікті тұрғындар қатысты; қатысушылар саны – 50-ге жуық адам, жастары шамамен — 30-64 жас аралығында. Полиция бұл іске араласпады.

    22.01.22 Габалин аударының Kürd селосындағы наразылық акциясына жергілікті атқарушы билікке қарсы жергілікті тұрғындар қатысты; қатысушылар саны – 17 адам: барлығы 30-64 жас аралығындағы шаруа ер азаматтар. Бұл жиынға билік өкілдері, соның ішінде полиция  қатыспады.

  • Ұйымдастырушылар:
  1. 15.01.22ж. Хырдалан қаласындағы наразылық акциясы – құрылыс компаниясы мердігерінен жапа шеккен адамдардың өзіндік ұйымдастыруы.
  2. Бакудегі өтпеген акция (19.01.22) – төрт оппозиционер-саясиэмигрант-блогерлер: Мамедов Габил (Германия), Сулейманлы Сулейман (Швейцария), Джалилзаде Манаф (Швейцария), Агаев Орхан (Германия); наразылықты ұйымдастыру және үйлестіруге қатысты жұмыстар тікелей саясиэмигрант, оппозициялық белсенді Валех Ибадовқа жүктелген, ол 28.04.21ж.  Бакудегі РФ елшілігінің алдында болған Қарабахтағы ресейлік бітімгерлердің қатысуына қарсы наразылық акциясын, және де астаналық Шехидов аллеясы маңында 17.11.20ж. Түркияны қолдауға қатысты акцияларды ұйымдастырған.
  3. 22.01.22 Бакудың Ясамаль ауданындағы наразылық акциясы – мердігер құрылыс компаниясынан жапа шеккен адамдардың өзара ұйымдастыруымен өткен.
  4. 22.01.22 Габалин ауданына қарасты Kürd селосындағы наразылық акциясы – шаруашылық адамдарының ұйымдастыруы.
Қырғызстан (қаңтар)

Уақыты: 21-22.12.21 (Бішкек), 27.12.21 (Бішкек), 17.01.22 (Бішкек), 23.01.22 (Бішкек, Ош, Қаракөл), 24.01.22 (Бішкек).

Орны: Бішкек; Қаракөл – Қырғызстанның солтүстік-шығысындағы Ыстықкөл облысының әкімшілік орталығы, оның солтүстік бөлігі Қазақстанның Алматы облысымен шекаралас жатса, шығысы – ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен шекаралас; Ош – Қырғызстанның оңтүстігіндегі Тәжікстан, Өзбекстан, ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен шекаралас жатқан Ош облысының әкімшілік орталығы.

Наразылық белсенділігінің түрі, қатысушылар саны, негізгі құрам және шерулер өткізудің себептері. 

  1. Бішкекте 21-22.12.21 күндері болған наразылық акциясы ереуіл түрінде және Салық кодексіне бақылау-кассалық машиналарын қолдануды міндеттейтін өзгерістерге қарсы базар саудагерлерінің митингі түрінде өтті.
  2. 27.12.21 Бішкектегі наразылық акциясы базар саудагерлерінің бақылау-кассалық машиналарын қолдану міндеттемесіне қарсы митинг түрінде болды.
  3. 17.01.22 жылы Бішкектегі наразылық акциясы Үкімет үйінің алдында митинг түрінде өтті, оны ұйымдастырушылар – өз ауылында мектеп жоқтығын желеу еткен Шу облысы Аламедин ауданының жиырмаға жуық тұрғыны.
  4. Бішкек, Ош, Қаракөлде 23.01.22ж. наразылық акциялары митинг және пикет түрінде, жалпы саны 300-ге жуық қатысушы (олардың 250-і – астанада белсенділік танытты; қатысушылардың басым көпшілігі — шығармашылық зиялы қауым өкілдері, БАҚ өкілдері және азаматтық белсенділер. Наразылық акцияларын өткізулерінің себебі – журналист-зерттеуші Болот Темировтің ұсталуы, оны Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік  комитеті (МҰҚК) басшысы отбасының отын бизнесін зерттеу нәтижелерін жариялағаннан кейін қарулы күштері қамауға алған.
  5. 24.01.22ж. Бішкекте наразылық акциясы митинг түрінде Үкімет үйі ғимаратының алдында өтті, оған Қазақстанның Алматы облысымен шекаралас Тоқмақ қаласының (Шу облысы) базар саудагерлері қатысты. Наразылыққа шығу себебі — Салық кодексіне бақылау-кассалық машиналарын қолдануды міндеттейтін өзгеріс.

Ұйымдастырушылар:

  1. 21-22.12.21 Бішкекте базар саудагерлерінің наразылық акциялары – базар жұмысшыларының кәсіподағы.
  2. 27.12.21 Бішкекте базар саудагерлерінің наразылық акциялары – базар жұмысшыларының кәсіподағы.
  3. 17.01.22 Бішкектегі наразылық акциясы – ауыл тұрғындарының ұйымдастыруы.
  4. 23.01.22 Бішкек, Ош және Қаракөлдегі наразылық акциялары – БАҚ қызметкерлерінің өздік ұйымдасуы.
  5. 24.01.22 Тоқмақтан келген базар саудагерлерінің Бішкектегі наразылық акциясы — базар саудагерлерінің кәсіподағы.