Тұтас елді мекендерді қирату, жаппай қырғынға ұшырату, зорлау, тонау – бұл ресми құжаттарға сәйкес, Орта Азиядағы армян әскери контингенттерінің қызметінің нәтижесі.
7 қаңтардан бастап Армения Қарулы күштерінің бөлімшелері Қазақстан аумағында. Армян әскерлері Орта Азияда тұңғыш емес. 1918-1919 жылдары көптеген қалалар мен ауылдарда Кеңес үкіметі армян «Дашнакцутюн» партиясының қарулы күштеріне сүйенген. Оның әскери контингенттері қазіргі Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстан аймақтарының едәуір бөлігінде әрекет еткен. Дашнақтардың негізгі тірегі Ферғана аңғары болған.
Осы бағытта, 1918 жылы ақпанда Қоқанда бұл қарулы құрамалар Орта Азиядағы түркі халықтарының демократиялық негізде дербес мемлекеттілігін құрудағы алғашқы әрекеті «Туркистон Мухториятының» жойылуында маңызды атқарды. Қоқанды басып алу кезінде «барлық дүкендер қиратылып, мүмкін болғанның бәрі қоймаларға жеткізіліп, қалғандары өртенген. Жаппай адам өлтірулер болды», – деп, 1925 жылы жарияланған «Төңкеріс және Түркістанның байырғы халқы» (107 бет) жинағында түркі коммунистерінің жетекшісі Тұрар Рысқұлов өз көзімен көрген куәгердің сөзінен үзінді келтіреді.
2005 жылы Мәскеуде жарияланған «Ұлы державаның қасіреті: ұлттық мәселе және Кеңес Одағының ыдырауы» монографиясында, «…Кейінгі он екі айда қарулы армян отрядтары жергілікті халыққа қарсы аяусыз соғыстың таптырмас құрамдас бөлігі болды», — деп атап өтілген. Кеңес дәуірінде Алматыда жарияланған азаматтық соғысы кезеңінің ресми құжаттарынан белгілі болғандай, 1918 жылдың жазында Қоқандағы армян әскери контингентінің саны 475 адамға жеткен.
Сонымен қатар, сол құжаттарда куәландырылғандай, Самарқандтағы армян гарнизоны «жергілікті Кеңес өкіметінің тірегі» болған.
1918 жылы маусымда дашнақ қарулы жасақтары Ошқа шабуыл жасады. Қараша айында олар Жалал-Абад аймағында әрекет етті. Ал бір айдан кейін, итальяндық зерттеуші Буттино атап өткендей, Ханул-Абад ауылында «армяндар барлық әйелдерді ұрлап әкетіп, Әндіжан бекінісіне олжа ретінде жеткізді».
1918 жылы желтоқсанда Ташкент арнайы тапсырмалар жөніндегі агент Сейдалин — : «Коммунистер туының астындағы «Дашнакцутюн» ұлттық армян партиясы Әндіжанда басым рөл атқаруда…» деп хабарлады.
1919 жылы ақпанда дашнақтар қазіргі Қырғызстанның Жалалабад облысы аумағындағы Созақты басып алды. 1925 жылы Ташкентте басылып шыққан «Революция және Түркістанның жергілікті халқы» жинағына енген бір құжатта. Бұл ауыл «қоршалып, атқыланған. Далаға шығып, өзен арнасын паналаған халық, сол жерге атқыланған пулеметтермен толығымен жойылды, содан кейін бір ай бойы олардың мәйіттерін иттер сүйреп жүрді-», деп мәлімделген Дәл сол құжаттар бойынша, жақын маңдағы Қоқан ауылы толығымен өртенген. «Ауылдың қашқан халқы 20 мильдей қуғындалып, толығымен жойылған».
1919 жылы қыркүйекте Түркістан коммунистерінің жетекшісі Тұрар Рысқұлов «Дашнақтар, мұсылман халқын бұрын-соңды болмаған мазаққа ұшыратып, өздерінің қорқынышты қорлықтарын жасауда…», -деп мәлімдеген.
«Мұсылмандардан барлық мүлкі тартып алынуда, оларды тартып алып қана қоймай, өлтіруде», — деп сол жылы Түркістандағы көрнекті кеңес қайраткері Карп Сорокин жария етті.
«Мен іссапармен барған барлық қалаларда армяндар туралы шағымдарды тыңдауға тура келді. Соңғылардың мұсылмандарға жасаған қарым-қатынасы, шағымданушылардың айтуы бойынша, қожайындардың құлдармен қарым-қатынасын білдіреді: Мұсылмандарды азамат ретінде болмақ түгілі, адам ретінде де санамайды, олардың адамдық қадір-қасиеті әр қадам сайын жойылуда, соның салдарынан бір-біріне деген өшпенділік, туындауда», — деп, арнайы тапсырмалар жөніндегі агент Сейдалин Ферғана облысы іссапарынан, жоғары мәртебелі басшыларына хабарлады.
«Армяндар тарапынан жүргізілген репрессиялар аса қатыгез болған», — деп баса айтуда Қазіргі итальяндық тарихшы Бутинно.
1919 жылы ақпанда армян жасақтары ескі Әндіжан қаласында тінтулер жүргізді. «Тінтулер бір аптаға дейін созылып, тонау, кісі өлтіру және зорлаумен қатар жүргізілді. Жас қыздарды армяндар ескі қаладан бекініске қарай арбамен әкетіп жатты..Мұрағат құжаттарына сүйене отырып, жоғарыда атап өтілген итальяндық тарихшы, 2007 жылы орыс тілінде аудармасы жарияланған «Керісінше Революция» атты зерттеуінде келесідей мәлімдеуде: «Армяндар өздерінің қатыгездіктерін ақтау үшін, Ферғанадағы бүкіл мұсылман халқын өлтіргеннің өзінде, Түркиядағы мұсылмандар тарапынан өлтірген армяндардан көп болмайды, деп айтқан»,
Рысқұловтың жинағындағы кеңестік ресми құжаттардың бірінде «армяндардың мұсылман әйелдерін зорлауы» да атап өтілген.
Тұтас елді мекендерді қирату, жаппай қырғынға ұшырату, зорлау, тонау – армян контингенттерінің Орта Азияға бұрынғы келуінен есте қалғаны осы. Ал енді олар бітімгерлер қатарында оралып отыр.