Перейти к содержанию

Қазақстан және тарихи жады: Ферғанадағы армян диктатурасы

Жүз жыл бұрынғы құжаттарда дәлелденгендей, сол уақыттарда Ферғана облысында, орталығы Әндіжан қаласында орналасқан армян диктатурасы болған. Қоқан, Наманған және Ферғанада да дашнақтардың үлкен контингенттері бар болған.

7 қаңтардан бері Армения қарулы күштерінің контингенті Қазақстанда. Премьер-министр Никол Пашинян бір күн бұрын өзінің Facebook парақшасында жазғандай, операцияның мақсаты – «елдегі жағдайды тұрақтандыру және ретке келтіру».

Жүз жылдан сәл астам уақыт бұрын да армян әскери бөлімдері Орталық Азияда «тұрақтандырумен» айналысты, бірақ ол кезде бұл жас Кеңес үкіметінің мүддесіне сай болған. Олар армян ұлтшыл Дашнакцутюн партиясы тарапынан құрылған және Қызыл Армияның қатарында болған. Олардың аймақтағы негізгі тірегі Ферғана аңғары болған.

Ресейдің «Иран-Наме» ғылыми Шығыстану журналында атап өтілгендей, армян «жауынгерлік жасақтары Ферғана облысының негізгі қалаларында революциялық диктатураның қарулы қанатын құраған.» [1:269]. Ал қазіргі итальяндық зерттеуші Буттино негізінен, Ферғана өлкесіндегі кеңестік диктатура туралы емес «армян диктатурасы» туралы айтады [2:280, 283].

1919 жылы мамырда өткен Түркістан Компартиясының Мұсылман Ұйымдарының Бірінші Өлкелік Конференциясының Қарарында «Мұсылман пролетариатының құқығы бұзылған Ферғанадағы жағдай, ұлттық араздықты шектен тыс ушықтыра отырып, өзінің арандатушылық рөлін толығымен атқарған «Дашнакцутюн» армян ұлттық партиясының оларды келеке ету үшін қаруланғаны» ерекше атап өтілген… » [3:18].

Бұған дейін бір ай бұрын түркі-коммунисттер партия жиналысында «Ферғанада жасалып жатқан жүгенсіздіктерге» баса назар аударылған [4:88].

1919 жылы қыркүйекте түркі-коммунистерінің көсемі Тұрар Рысқұлов былай деп мәлімдеген: «Кеңес үкіметінің сенімі мен қару-жарағын алып, Кеңес Одағының мекемелеріне сызып, Ферғананың барлық қалаларында бөлек ұлттық партиялық штабтарын ұйымдастырған дашнақтар, Мұсылман халқын бұрын-соңды естілмеген мазаққа ұшыратып, өздерінің қорқынышты қорлықтарын жасауда…» , [4:58].

Ал Кеңестік Қырғызстан үкіметі тарапынан жариялаған тарихи очеркте дашнақтардың мұсылмандарға «бұрын соңды болмаған зорлық-зомбылық жасалды» деп атап өтілген[5:70].

«Армяндар тарапынан жүргізілген репрессиялар аса қатыгез болған» [2:285], — деп толықтырды жоғарыда аталған итальяндық тарихшы. Мұрағат құжаттарына сүйене отырып, ол былай деп түсіндіреді: «Армяндар өздерінің қатыгездіктерін ақтау үшін, Ферғанадағы бүкіл мұсылман халқын өлтіргеннің өзінде, Түркиядағы мұсылмандар тарапынан өлтірген армяндардан көп болмайды, деп айтқан» [2:283].

Ферғана облысындағы армян диктатурасының орталығы қызметін Әндіжан атқарған. 1918 жылы желтоқсанда Түркістан Кеңестік Республикасының ішкі және сыртқы істер комиссариаттарының арнайы тапсырмалар жөніндегі агенті Сейдалин, Ташкентке « «Дашнакцутюн» ұлттық армян партиясы коммунистердің туы астында Әндіжанда жергілікті коммунистік партиямен бірігіп, басым рөл атқаруда және кеңестегі негізгі орындарды иемденіп, өздерінің (ұлттық) желісін басқаруда …», деп баяндаған [6].

Жоғарыда атап өтілген «Иран-Наме» Шығыстану басылымында [1:266] «1919 жылдың ортасына дейін Дашнақтар үстемдік еткен Әндіжанда орнаған революциялық диктатура, оларға қала маңындағы ресурстарға қол жеткізуге жол ашып, мұсылман шаруаларынан мақта мен азық-түлік қалдықтарын тартып алуға мүмкіндік берді», деп белгіленген

Ферғана облысындағы кеңес жұмысшыларының бірінің мәлімдемесі бойынша, 1919 жылы ақпанда армян әскерилері ескі Әндіжан қаласында бір апта бойы «тонау, кісі өлтіру, зорлаумен» ілескен «тінту» жүргізген [4: 107].

Көрші Қоқанда армян қарулы жасақтары бір жыл бұрын Орталық Азиядағы түркі халықтарының демократиялық негізде тәуелсіз мемлекет құруға жасаған алғашқы әрекеті «Түркістан мухториятын» талқандауда үлкен рөл атқарды [2:260; 5:55; 7:104; 8:107; 9:17; 10:69; 11:204].  Қоқан басып алу барысында «барлық дүкендер қиратылып, мүмкін болғанның бәрі қоймаларға апарылып, қалғандары өртенді.  Жаппай адам өлтірулер болды», – деп түркі коммунистерінің жетекшісі Рысқұлов өз көзімен көрген куәгердің сөзінен үзінді келтіреді [4:107].

Бұл қалада «алдағы он екі айда қарулы армян жасақтары жергілікті халыққа қарсы аяусыз соғыстың таптырмас құрамдас бөлігіне айналды» [11:204].  Ресми құжаттар бойынша 1918 жылдың жазында Қоқандағы армян әскери контингент саны 475 адамға жеткен [12:421].

1919 жылдың алғашқы айларында «дашнақтар партиясының армян жасақтары» Әндіжан мен Қоқаннан басқа Наманған мен Скобелевке де (қазіргі Ферғана қаласы) тұрақты түрде орналасты [3:10]. Олардың операциялары бүкіл Ферғана облысын қамтыды.

Бұған тән мысал — Қырғызстанның қазіргі Жалал-Абад облысындағы Созаққа армян әскерилерінің 1919 жылғы ақпандағы шабуылы. 1925 жылы Ташкентте басылып шыққан «Революция және Түркістанның жергілікті халқы» жинағына енген«Дашнақтар Ферғанада не істеді? », атты құжатта [4:108].- «Созақ қоршалып, атқыланды. Далаға шығып, өзен арнасын паналаған халық, сол жерге атқыланған пулеметтермен толығымен жойылды, содан кейін бір ай бойы олардың мәйіттерін иттер сүйреп жүрді», деп мәлімделген. Осы дереккөзге сәйкес, жақын жерде орналасқан Қоқанд қыстағын дашнақтар толығымен өртеп жіберген.     

Сол жағдайдан бір жыл бұрын, Қоқан кеңесінің төрағасы армян Сааковтың басшылығымен 60 армян солдаты Бачкир қыстағын талқандауға қатысқан: жасақ «жазықсыз, дәрменсіз диқандарды атып, кейбір әйелдер мен қыздарды қорлап, олардың үй ыдыстарын тонап кеткен» 

Дәл сондай операциялар 1918 жылы маусымда Армян әскерлері тарапынан Жалал-Абад пен Ош маңында да жүргізілді [1:268; 2:284].

Жүз жылдан өткен соң армян әскери күштері Орта Азияға «оралды». Бұл жолы бітімгерлер қатарында.

Дереккөздер

  1.  Қадырбаев А.Ш.  Тұрар Рысқұловтың Дашнакцутюнмен және Түркістандағы орыс коммунистерінің «отаршылдығымен» күресі туралы (1917-1922) // Иран-Наме (ғылыми шығыстану журналы) №4 (24) 2012 ж.
  2. Буттино М. Керісінше Революция (итальян тілінен аударылған).  Мәскеу, 2007 ж.
  3. Түркістандағы РКП-ның Мұсылмандық Бюросы (б.): РКП-нің 1, 2 және 3 Түркістан өлкелік конференциялары 1919-1920 жж.  Түркістан мемлекеттік баспасы, Ташкент.
  4. Т. Рысқұлов Төңкеріс және Түркістанның байырғы халқы. I бөлім. 1917-1918 ж. Өзбекстан Мемлекеттік Баспасы. Ташкент, 1925 ж.
  5. Ниалло Азиз.  Қырғызстан мен Орта Азиядағы революция және азамат соғысы тарихының очерктері. Қырғыз АКСР ХКК қарауындағы Ғылымдар Комитетінің редакциясы. Фрунзе, 1941 ж
  6. Түркістан Түркістан Кеңес Республикасының ішкі және сыртқы істер комиссариаттары қарауындағы ерекше тапсырмалар жөніндегі агент С.Сейдалиннің Түркістан Кеңес Республикасының Халықтық Комиссарлар Кеңесіне жолдауы. 
  7. Молчанов Л. «Түркістанда Кеңес үкіметі осы уақытқа дейін теңдесі жоқ ұлттық езгі орнатты» // РМГУ-нің Хабаршысы 2017 ж., №3. 
  8. ХХ ғасыр басындағы Түркістан: ұлттық тәуелсіздіктің бастауы болған тарихқа.  Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясы, Тарих институты. Ташкент, 2000 ж.
  9. Козловский Е. Орта Азиядағы Қызыл Армия: әскери-тарихи очерк. Орта-Аз Саяси Басқармасының Басылымы. Ташкент, 1928 ж.
  10. Алексеенков П.  Қоқан автономиясы. Қазан Төңкерісі Және Коммунистік Партия Тарихы Жөніндегі Комиссия – Орта Азия бөлімі Бүкілодақтық коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Орта Азиядағы партия мен Қазан революциясының тарихын зерттеу жөніндегі бюросы.  Ташкент, 1931 ж.
  11. Халид А. Түркістан 1917-1922 жылдар: Ресей төңірегінде билік үшін күрес // Ұлы державаның қасіреті: ұлттық мәселе және Кеңес Одағының ыдырауы.  Мәскеу, «Қоғамдық-саяси ой» баспасы, 2005 ж.
  12. Орта Азия мен Қазақстандағы шетелдік әскери интервенция және азаматтық соғысы. КСРО-дағы азамат соғысы тарихынан: құжаттар мен материалдар.  Қазақ КСР Ғылым академиясының баспасы, Алматы, 1963 ж.