Тоқаевтың қайта құруы. Қазақстан сыртқы және ішкі өзгерістер алдында
5 маусымда Қазақстанда конституциялық референдум өтті. Сайлаушылардың 80%-ы (68%-ы қатысты) Конституция баптарының үштен бірін қамтитын түзетулер пакетінің (барлығы 56 түзету енгізілді) қабылдануын қолдады. Реформаның мәлімделген мақсаты «суперпрезиденттік» жүйеден президенттік республикаға көшу, мұнда мемлекет басшысының басымдығы қуатты парламентпен шектеледі. Бұл елді басқаруды жақсартады, және стратегиялық көзқарас тұрғысынан қазақстандық мемлекеттілікті нығайтады. Жаңа конституция емес, қолданыстағы конституцияны өзгерту фактісі, өзгерістер ауқымы қаншалықты кең болуына қарамастан, оны жасаушы – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың – жаңа жүйе құруға емес, кезекті реконструкциялауға («қайта құру»)ұмтылысын білдіреді.