Алдыңғы айлармен салыстырғанда, Орталық Азия елдерінде маусымда өткен оқиғалар туралы француз БАҚ беттерінде аса кеңінен талқыланбады. Бір айда небары 15 материал жарияланды, оның 11-і Қазақстанға арналған.
Ағымдағы жылдың көктем айларында француз жаңалықтар порталында 44 материал –Орталық Азия елдеріне, 373 мақала — Түркия, 207-сі – Әзірбайжан еліне арналды. Көпшілік жағдайда бұл материалдар ірі жаңалық порталдарында бейтарап сипатта жарияланды.