Перейти к содержанию

Орталық Азия, Түркия және Әзірбайжандағы «өткір бәсекелестік» кезеңіндегі Қытайдың стратегиясы

Соңғы екі онжылдық КСРО ыдырағаннан кейін бастау алып, ішінара аймақта бес жаңа мемлекеттің туындауына себепкер болған Орталық Азиядағы іргелі өзгерістер кезеңіне айналды. Осы аймақта маңызды ойыншы ретінде Қытайдың төбе көрсетуі — аймақтық өзгерістің негізгі аспектілерінің бірі. Қауіпсіздік мәселесі — ОА қытайлық қатысуының негізін құрайды, бірақ ынтымақтастықтың негізгі платформасы – экономика. Бұл экономикалық ақиқатқа: ынтымақтастыққа, және де саяси қатынастарға ірі масштабпен, нақты дайындыққа: серіктестер тарапынан өзара сақтық және өзін шектеу, ең алдымен, Ресей тарапынан қарама-қайшылыққа негізделген.

Орталық Азия елдерімен жасалған өзара стратегиялық құндылық сияқты Қытайға Түркия да экономикалық серіктес болып табылады. Елде белең алған экономикалық дағдарыс салдарынан Түркия Қытай сияқты ірі инвесторын жоғалтудан қорқады. Пекинмен ара-қатынаста Ердоған Пекинмен дипломатиясында күрделі ұйғыр мәселесі мен өз экономикасын қорғау және мұсылман елдері, Батыспен қарым-қатынас аралығындағы тепе-теңдікті сақтауы тиіс. Түркиямен экономикалық және әскери ынтымақтастық орнатуда Пекин Азияға ықпалын күшейтуді және Еуропаға қақпа ашуды көздейді, ал Түркияның стратегиялық жағдайы Қытай үшін «Бір белдеу, бір жол» бастамасын дамыту тұрғысынан шешуші рөл атқарады.

Қытай-әзірбайжандық қатынасқа тоқталсақ, бұл қатынастың негізін саяси деңгей құрайды. Сондай-ақ екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық кеңінен дамуда. Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қытай-Әзірбайжан үкіметаралық комиссиясының құрылуына орай 1999 жылы институционалды негіздер қаланды. Соңғы жылдары Әзірбайжан Қытайдың Оңтүстік Кавказдағы маңызды экономикалық серіктесінің мәртебесін иеленді, оның үлесінің аймақтағы жалпы сауда көлемінің 43%-ын құрауы – осының айқын дәлелі. Әзірбайжанның тиімді географиялық орны Баку билігіне үлкен мүмкіндіктер беріп отыр, мәселен оның аумағы арқылы ең ірі өндірушінің экономикасын қабілетті еуропалық нарықпен байланыстыратын әлемдегі ең қысқа әрі арзан теміржол бағыты өтеді. Транскаспийлік көлік дәлізі (BRI) Шығыс Қытайдан Еуропаға ашылған қақпа болып саналатын Қазақстан, Каспий теңізі, Әзірбайжан мен Грузия арқылы тасымалданады.

ОА, Түркия мен Әзірбайжан елдерінде болып жатқан оқиғалар қытайлық БАҚ беттерінде жарияланып жатады, ақылмандар сарабының талдау нысанына айналады.

2022 жылдың наурызынан бастап қарастырылатын елдер жөнінде мамыр айының соңына дейін қытайлық масс-медианың (соның ішінде сараптамалық орталықтар) жариялаған материалдарының саны төмендегідей:

  • Орталық Азия -48;
  • Әзірбайжан- 57;
  • Түркия — 61.

Негізгі тақырыптар:

Орталық Азия

  • Антиресейлік санкциялардың Орталық Азия елдеріне ықпалы;
  • Қазақстандағы реформалар;
  • ОА елдерінің Қытай/Батыспен қарым-қатынасының нығаюы.

Әзірбайжан

  • ӘР экономикалық көрсеткіші;
  • Әзірбайжан газы – ресейлік газдың баламасы;
  • ӘР-Армения қарым-қатынасын реттеу;
  • ӘР мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына        30 жыл.

Түркия

  • Түркияның ресейлік-украиналық соғысындағы делдалдық рөлі;
  • Түркиядағы экономикалық дағдарыс;
  • Түркияның Израильмен қатынасының қалыпқа келуі.

 

НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫ

1) ОА мемлекеттерінің антиресейлік санкцияларға ықпалы мәселелерін Қытайлық БАҚ кеңінен насихаттауда

Экономикалық жаһандану кезеңінде Ресейге қарсы қатаң батыстық санкциялар Орталық Азия елдерінің экономикасына көп шығын келтіруде.   Ресейдің қаржылық және валюталық нарығындағы сілкінісі көрші мемлекеттердің экономикасына әсерін тигізуде, бұдан Қырғызстан да қалыс қалмады. Қырғыз валютасы, сом, доллар мен еуроға қатысты соңғы аптада  құлдырауда. Елде азық-түлік пен тауарлардың бағасы күннен күнге өсуде, ал инфляция шамамен 13%-ды құрайды. Осы қарқынды ұстап қалу үшін Қырғызстанның Орталық банкі базалық проценттік бағамын 10%-ға көтерді.

Қазақстанда «теңге депозиті үшін күрес» те ұлттық валюта төңірегінде болып жатыр.

Тәжікстан, Қырғызстан мен Өзбекстанда үш үкімет жоғарғы жұмыссыздық пен бюджет тапшылығына дайындалуда. Мигранттардың маусымдық жұмыстары бұл елдер үшін экономикалық құтқару шеңбері болып саналады, мәселен былтыр олар Ресейге 7,8 миллион жұмысшы жіберген, бұл елдегі жұмыссыздық санын елеулі түрде қысқартты және жұмыс істейтін отбасыларға алғашқы қажетті заттарын сатып алуға мүмкіндік беріп, мемлекеттік қызметтерге қатысты қысымды әлсіретті. Дүниежүзілік банк Орталық Азиядағы жетекші экономикасы бар Қазақстан мен Өзбекстанға арналған экономикалық болжамын қайта қарастырып, жыл басында 3,7% және 6% құрайтын өсім болжамын 1,8% және 3,6% дейін қысқартты.

Ұзақмерзімді келешекте санкциялар Орталық Азия мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты экспорт мен импорт тұрғысынан өзгертеді. Бұл әсіресе Қазақстан мен Қырғызстанға, Еуразиялық экономикалық одаққа қатты әсер етеді. Өзбекстан мен Тәжікстан да зардап шегеді, себебі Ресей олардың маңызды сауда серіктесі болып табылады.

 

2) Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасының орнауына 30 жыл толуы аясында Қытай-Әзірбайжан ара-қатынасының нығаюы   

1992 жылы 2 сәуірде Қытай мен Әзірбайжан ресми түрде дипломатиялық байланыс орнатып, достық қарым-қатынастың жаңа дәуіріне даңғыл жол салды.

Соңғы 30 жылда Әзірбайжан-Қытай қатынастары бірнеше сынақты бастан өткеріп, халықаралық өзгерістерге ұшырады, мұның барысында өзара саяси сенім тереңдей түсті, практикалық ынтымақтастық өз жемісін берді, күн өткен сайын гуманитарлық байланыстар нығайып, дәстүрлі достықтың тамыры тереңдеді. Әзірбайжан-Қытай қатынастары бүкіл тарихында өте жоғары деңгейге көтерілді. Екі елдің даму стратегиясы жоғары деңгейде сәйкес келеді, сонымен қатар «Белдеу және жол» құрылысындағы ынтымақтастық үздіксіз алға жылжуда, ал экономика, сауда, көлік, энергетика және коммуникация салаларындағы практикалық ынтымақтастық нығайып келеді. 30 жыл ішінде екіжақты сауда көлемі 1200 есе өсті, газ және мұнай барлау мен өңдеу, машина құрылысы және жеке парктер құрылысы салаларындағы ынтымақтастық жобалары дамыды, Транскаспийлік көлік дәлізі арқылы өтетін Қытай-Еуропа жүк пойыздарының саны едәуір артты, екі тараптың да ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, жасыл экономика және жаңғырмалы энергия көздерін дамыту салаларындағы ынтымақтастығының әлеуеті зор.

Қытай мен Әзірбайжан аймақтық және халықаралық қатынастарға белсене қатысады, БҰҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымымен, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңеспен және басқа да көпқырлы платформалармен тығыз байланыста, біржақты әдіске және гегемонистік үркітуге батыл түрде қарсы, тәуелсіздік, егемендік және аумақтық тұтастық сияқты негізгі мүдделерін қорғауда бір-бірін қатты қолдайды, бір-бірінің ынтымақтастық негізгі бастамаларын қолдайды және халықаралық әділетті батыл түрде ұстанып, дамушы елдердің көпшілігінің іргелі мүдделерін қорғай отырып, бірлесіп көпқырлылық тәжрибесін жүзеге асырады.

3) Түркия мен Израиль қарым-қатынасты қалпына келтіру жолында 

9 наурызда ел астанасы Анкарада Израиль президенті Герцогты қарсы алған Түркия президенті Режеп Тайып Ердоган деп мәлімдеді: 

«Біздің мақсатымыз – ортақ мүдде мен бір-бірімізге деген құрмет негізінде екі ел арасындағы саяси диалогты қайта қалпына келтіру»

Бұл кездесу – Израиль көшбасшысының Түркияға 2008 жылдан бері бірінші рет келуі, және де онжылдық немқұрайлылықтан кейінгі екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарға жылымық орнауының айқын дәлелі.

Түркия Израильмен он жылдан бері серіктестік қатынасты қолдап келеді, екі ел әскери және барлау мәселелерінде тығыз байланыста. Алайда Түркияның үкімет басына Ердоған келген уақыттан бастап түркиялықтар палестиналықтардың қолдауына көбірек сүйенді, ал түрік-израильдік қатынастар күннен-күнге шиеленісе түсті.

Ердоған экономикалық салада өткен жылы Түркия мен Израиль арасындағы сауда көлемі 36%-дан асып, 8,5 млрд. долларға жеткенін мәлімдеді, оның айтуынша, бұл көрсеткіш 10 млрд. долларға дейін өседі. Ол сондай-ақ Израильмен энергетикалық секторда ынтымақтасатынын, сонымен бірге жуырда Түркияның сыртқы істер министрі мен энергетика министрі ынтымақтастықты нығайту жөнінде келіссөздер жүргізу үшін Израильге баратынын айтты. Шығыс Жерорта теңізінің газ құбыры арқылы Түркияға израильдік газ жөнелту мүмкіндігін Израиль екі ел арасындағы қарым-қатынасты қайта қалпына келтірудің негізгі стимулы ретінде қарастырады. Ердоған өз мәлімдемесінде Түркия Израиль мен Палестина арасындағы шиеленісті төмендетуге және палестиналық-израильдік мәселенің «қосмемлекеттілік шешімін» қолдауға дайын екенін көрсетті. Ол сондай-ақ Түркия «Иерусалимнің тарихи мәртебесін бағалайтынын әрі «Әл-Ақса мешітінің діни бірегейлігі мен қасиетін сақтауға» мүдделі екенін  атап өтті.

Израиль мен Түркия бейбіт кездесуден кейін қол алысып, кезекті татуластық бойынша жұмыстар жүргізуде. Таяу Шығыстағы ортақ проблемалардан басқа, Түркия мен Израильдің Украинада ортақ мүддесі бар: Израиль үлкен украиналық және ресейлік диаспораның үйі болып саналса, экономикасы біраз қиындықты бастан өткеріп отырған Түркия өзінің ресейлік және украиналық іскери серіктестерінің бір де біреуін жоғалтқысы келмейді.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *