Перейти к содержанию

Митингтер мен ереуілдер: тарифтің өзгеруі, биліктің ауысуы

Қарастырылған елдердің ішінде ең көп наразылық орын алған мемлекет – Түркия. Мұнда 39 наразылық акциясы және/немесе ереуіл орын алған. Бұл митингтердің басым бөлігі Стамбул, Анкара және Аданада ұйымдастырылған. Көпшілігінің басты себебі — украиналық дағдарыс, кәсіподақтардағы мүшеліктерімен байланысты жұмысшылардың жұмыстан босатылуы, электр қуаты мен газ бағасының көтерілуі, жалақы деңгейінің төмендігі.

Бір ай ішінде Иранда 35 наразылық акциясы болған, оның 6-ы бір уақытта үш және одан көп қалаларда ұйымдастырылған. Тұрғындардың көшеге шығуының басты себебі — ауыр тұрмыс жағдайы. Наразылық білдірушілердің саны орта есеппен 200-250 адамға жетті. Наразылық білдірушілердің дені — зейнеткерлер, мұғалімдер мен жұмысшылар.

Әзірбайжанда 27 наразылық акциясы өтті. Өткен аймен салыстырғанда саны едәуір азайған, басым бөлігі ел астанасында болған. Акцияларға шыққан адам саны да көп емес, ең ірі акцияның өзіне 50-ге жуық адам шыққан. Митинг ұйымдастырудың басты себептері – сот жүйесіне көңіл толмау, Украина соғысы, Әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігінің жұмысына наразылық. Наразылық акцияларының басым бөлігін ІІ Қарабах соғысының қатысушылары мен ардагерлері ұйымдастырып отыр.

Қазақстанда өткен акциялар саны — 11. Олар көбінесе ірі қалаларда, ішінара Алматы мен Жаңаөзенде орын алды. Қатысушылардың саны 1000 адамнан асты. Наразылық акцияларының ең басты себебі ретінде наразылық білдірушілер жұмыссыздарды мұнай саласына жұмысқа орналастыру, сондай-ақ Ресейдің әскери озбырлығын тоқтату, зейнет жасын төмендету туралы талаптар қойды.

Түркия

1) 01.03.22

Өткен орны: Стамбул (Бейоглу)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Лозунгтер: «Соғыс болмасын, орыстар біздің бейкүнә сәбилерімізді өлтіруде, Украинада соғыс болғанын қаламаймыз».
  • Қатысушылар саны: шамамен 50 адам
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Стамбулда тұратын украиналықтар.
  • Себебі: Ресейдің Украинаға қарсы әскери операцияларына қарсылық.

2) 02.03.22

Өткен орны: Стамбул (Yemeksepeti компаниясының бас кеңсесі алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: ереуіл.
  • Қатысушылар саны: 100 адам (ерлер).
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Yemeksepeti/Banabi курьерлері.
  • Себебі: еңбек ақысын жеткіліксіз деңгейде көтеруі.
  • Негіз: түрлі компания курьерлерінің көптеген акция ұйымдастыруы.
  • Талаптары:
    — Жалақыны 5500 лираға дейін көтеру;
    — Кәсіподақ ұйымдарына мүмкіндік беру.

3) 04.03.22

Өткен орны: Кадыкей

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Қатысушылар саны: шамамен 70 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Түркияның Коммунистік партиясы.
  • Себебі: АҚШ пен НАТО-ға қарсы.
  • Талаптары:
    -Түркияны  НАТО құрамынан шығару;
    — Түркия аумағындағы НАТО мен АҚШ-тың бүкіл базаларын жабу;
    — Түркияның Қарулы Күштерін НАТО-ның бүкіл міндеттерінен шығару;
    — НАТО-ны кеңейтуді тоқтату;
    — Украинадан НАТО-ны кетіру;
    — Монтрё конвенциясын сақтау.

4) 05.03.22

Өткен орны: Адана, Анкара (Сейхан ауданы, Ататүрк паркі (Адана), Ататүрк ескерткіші (Анкара))

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг
  • Қатысушылар саны: белгісіз
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Украиналықтар, Қырым-татар түріктері
  • Себебі: Ресейдің Украинадағы әскери операциясына қарсы.

 

5) 06.03.22

Өткен орны: Бурса (Телеферик базары)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Қатысушылар саны: 56 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: тұрғындар.
  • Себебі: Бағаның өсуі, шоттар қымбат.
  • Талаптары:
    -Газ бен электр қуаты бағасының көтерілуін доғару;
    -Энергетикалық мекемелердің экспроприациясы;
    -Ауыл шаруашылығы саласын қолдауды күшейту;
    -Ата-аналар мен зейнеткерлердің кірісін арттыру.

6) 06.03.22

Өткен орны: Бірнеше қалаларда (Анкара, Стамбул, Анталья, Мерсин, Адана, Кемалпаша, Самсун)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Қатысушылар саны: белгісіз.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: ЛГБТ өкілдері, әйелдер.
  • Себебі: Құқықты бұзу және әйелдерге қарсы зомбылық, жұмыссыздық, Стамбул конвенциясының тоқтауы.

7) 06.03.22

Өткен орны: Стамбул (Кадыкей)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг
  • Лозунгтері:
    -Біз сөйлейміз, қорықпаймыз, біз бағынбаймыз!
    -Фашизмге бәріміз қарсымыз!
    -Фетваларыңыз құрып кетсін, әйелдер өмір сүрсін!
    — Еркектер басымдық ететін капиталистік жүйе жойылсын!
    -Бірігіңдер, біз біріксек, жеңеміз!
  • Қатысушылар саны: белгісіз.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Әйелдердің жиналыстары, Революциялық жұмысшы партиясы, Әйелдер қарсыласуда — Ерікті әйелдер ынтымақтастығы, Озық әйелдер ынтымақтастығы қауымдастығы, Теңдік үшін әйелдер ұйымы, Социалистік әйелдер қозғалысы, Озық әйелдер қауымдастығы, Қызыл газет, ЛГТБ өкілдері.
  • Себебі: Құқықты бұзу және әйелдерге қарсы зомбылық, жұмыссыздық, Стамбул конвенциясының тоқтауы.

8) 08.03.22

Өткен орны: Стамбул (Бейоглу)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Феминистердің түнгі маршы.
  • Лозунгтері:
    -Тұзақты әйелдерге емес, қылмыскерлерге қою керек!
    — Біз сөйлейміз, қорықпаймыз, біз бағынбаймыз!
  • Қатысушылар саны: белгісіз.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Әйелдер, ЛГТБ өкілдері.
  • Себебі: Құқықты бұзу және әйелдерге қарсы зомбылық, жұмыссыздық, Стамбул конвенциясының тоқтауы.
  • Күштер қолдану: Көзді жасаурататын газ және полиция күштерін қолдану.

9) 08.03.22

Өткен орны: Измир («Республика» паркі)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Қатысушылар саны: шамамен 50 әйел.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Қоджаелідегі әйелдер кеңесі.
  • Себебі: Кедейлік, жұмыссыздық, әйелдерге қарсы зомбылық.

10) 08.03.22

Өткен орны: Анталья («Üç kapılar» алаңы)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг, отыру акциясы.
  • Қатысушылар саны: белгісіз.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Анкараның әйелдер платформасы.
  • Талаптары: теңдік, бостандық және әділдік.
  • Күштер қолдану: Көзді жасаурататын газ және полиция күштерін қолдану, 30 әйел қамауға алынды.

11) 09.03.22

Өткен орны: Зонгулдак (Шахтерлер ескерткіші)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Қатысушылар саны: 50 адамнан аса.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: «Saadet» партиясының өкілдері.
  • Себебі: Израильмен қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге қарсы.

12) 09.03.22

Өткен орны: Стамбул (Израиль елшілігі ғимаратына қарсы)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Қатысушылар саны: 100 адамнан аса.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Ахли Бейт ғалымдарының қауымдастығы.
  • Себебі: Израильмен қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге, Герцогтің Түркияға келуіне қарсы.

13) 10.03.22

Өткен орны: Анкара (Анкараның қалалық муниципалитеті ғимаратының алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг, байланысты өшірді
  • Қатысушылар саны: шамамен 150
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Жекеше қоғамдық көлік және шағын автобус жүргізушілері. Шағын автобус жөндеушілерінің палатасы.
  • Себебі: Жанар-жағар май бағасының өсуі.

14) 11.03.22

Өткен орны: Орду (Каякёй Акчакесе ауданында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Қатысушылар саны: 28 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Жергілікті тұрғындар, Мәдениет және ынтымақтастық қауымдастығы.
  • Себебі: Аумақта кен орнын ашуға қарсы.

15) 11.03.22

Өткен орны: Анкара (Туналы Хилми көшесі)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: шеру.
  • Қатысушылар саны: 14 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Halkevcileri мүшелері.
  • Себебі: Украиналық дағдарыс кезіндегі Түркияның саясатына наразылық.

16) 13.03.22 — 15.03.22

Өткен орны: Бірнеше қалаларда (Стамбул (Кадыкей), Адана, Мерсин, Хатай, Османие, Трабзон, Ризе, Бурса, Бодрум, Эдирне, Денизли, Зонгулдак)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: ереуіл
  • Қатысушылар саны: белгісіз.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Дәрігерлер, Түрік медициналық қауымдастығы, Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жұмыскерлерінің кәсіподағы (SES) және дәрігерлердің кәсіподағы, СНР партиясының өкілдері,  Акушерлер мен мейірбикелер отбасылық денсаулық сақтау қауымдастығы федерациясы, Отбасы дәрігерлері қауымдастығы, Кәсіподақ және Ынтымақтастық одағы, Отбасы медицинасы қауымдастығы.
  • Себебі: Ауыр еңбек жағдайы, жалақы деңгейінің төмендігі және Ердоғанның «Кетсе кетсін, біз жаңа түлектермен жалғастыра береміз» деген сөзі.

17) 13.03.22

Өткен орны: Маниса (Сома ауданы)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: шеру
  • Қатысушылар саны: 63 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Madem-İş ұйымының шахтерлері.
  • Себебі: Зейнетақыны көтеру.

18) 16.03.22

Өткен орны: Стамбул (Кадыкей)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Қатысушылар саны: 18 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Демократиялық халықтар партиясы (HDP), Кампус әйелдері платформасы,  Қызылкүрең ынтымақтастық платформасы, Әлеуметтік бостандық партиясы.
  • Себебі: Соғысқа, кедейлікке, теңсіздікке және қанаушылыққа қарсы.

19) 16.03.22

Өткен орны: Стамбул (Бейоглу Одакуле алаңы)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Қатысушылар саны: белгісіз.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Украиналықтар.
  • Себебі: Ресейдің Украинаға қарсы әскери операцияларына қарсылық.

20) 18.03.22

Өткен орны: Адана (Хасан Өзтүрік ет базарында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Қатысушылар саны: 20 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Қасапшылар қауымдастығы.
  • Себебі: Бағаның өсуі.

21) 19.03.22

Өткен орныАйдын (Дидем ауданы)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Қатысушылар саны: 20 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Дидем экологиялық платформасы және Дидем қауымдастығы.
  • Себебі: Зәйтүн егістігінде тау-кен өнеркәсібі қызметін жүргізу туралы Ереженің күшін тез арада жою керек.
  • Талаптары: зәйтүн егістігін пайдалы қазбалар өндіру аймағына айналдыру тәжірибесінен бас тарту.

 

22) 20.03.22

Өткен орны: Адана (Джевват Йурдакөл көшесі)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: шеру.
  • Қатысушылар саны: белгісіз.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: «Фуркан» ірі оппозициялық діни қоғам.
  • Себебі: қатысушылардың ішінен ешбір айыпсыз қамауға алынған 8 адамның құқығы үшін [қозғалыстың негізін қалаушы Алпарслана Куйтуланы қосқанда].
  • Күштер қолдану: Полиция қызметкерлері тарапынан күш қолданылды, жараланғандар саны көп.

23) 21.03.22

Өткен орны: Мугла (Милас муниципалитеті алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Қатысушылар саны: белгісіз.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Мугланың экологиялық платформасы және түрік инженерлері мен сәулетшілерінің одағы, Мугла мен Бодрум провинцияларының Үйлестіру кеңесінің мүшелері.
  • Себебі: Муниципалитет ұйымдастырған жобадан қалаға көп залал келуі мүмкін.
  • Күштер қолдану: Полиция қызметкерлері тарапынан күш қолданылды.

24) 23.03.22

Өткен орныМугла (Бодрум, Қызылағаш селосы)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Қатысушылар саны: 10 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Бодрумның Сол партиясының округтік ұйымы.
  • Себебі: Зәйтүн егістігінде тау-кен өнеркәсібі қызметін жүргізу туралы Ереженің күшін тез арада жоюға талап қою.
  • Талаптары: зәйтүн егістік алқабы мен ауылшаруашылық жерлерін тонау және тиімсіз пайдалануға ықпал ететін нормативтік актілерден бас тарту.

 25) 25.03.22

Өткен орны: Мугла (Милас)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Қатысушылар саны: 14 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Икизкёйлюлер және Ақбелен ормандарын қолдау тобы, Климаттық әділдік одағы.
  • Себебі: Зәйтүн егістігінде тау-кен өнеркәсібі қызметін жүргізу туралы Ереженің күшін тез арада жоюға талап ету.
  • Соңы: Жиналған топ баспасөз релизі мен акциядан кейін тарқады.

26) 26.03.22

Өткен орны: Бірнеше қалаларда (Стамбул, Синоп, Самсун, Измир, Мерсин)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: атом электр станцияларына қарсы әрекет етуге шақырған митингтер.
  • Қатысушылар саны: белгісіз.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Ядроға қарсы платформа.
  • Себебі: Синоп қаласында атом электр станциясы құрылысын жүргізу жобасына қарсы, құрылыс барысында 480 мың ағаш сүрілген.

27) 26.03.22

Өткен орныБурса (Acarsoy Tekstil зауытының алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Қатысушылар саны: 25 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Acarsoy Tekstil жұмысшылары.
  • Себебі: Кәсіподаққа мүше болғаны үшін жұмысшылардың қыспаққа алынуына байланысты.
  • Талаптары:
    -Жұмысшылардың еркіндігін құрметтеу;
    -Деспоттық ұстанымнан бас тарту.

28) 26.03.22

Өткен орны: Стамбул (Стамбулдың Чаглаян соты ғимаратының алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Қатысушылар саны: 5 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Қамауға алынғандардың туыстары.
  • Себебі: Түрмелерде жиі орын алатын құқық бұзушылыққа қарсы.
  • Талаптары: Науқас тұтқындарды босату.

29) 27.03.22

Өткен орны: Стамбул (Есенжұрт)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Қатысушылар саны: шамамен 40 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: қала тұрғындары, Есенжұрттың халықтық бастамасы.
  • Себебі: Бағаның өсуі.
  • Талаптары:
    -Негізгі тұтыну тауарларының бағасын өсірмеу, әсіресе электр қуаты мен табиғи газдың;
    — Халықты тонайтын энергетикалық монополиялардың емес, қарапайым жұмысшылар мен қызметкерлердің қажеттіліктеріне арналған қоғамдық ресурстарды пайдалану.
    — Жалақыны көтеру.

30) 27.03.22

Өткен орны: Анкара (Ұлыс алаңы)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Қатысушылар саны: шамамен 30 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: мұғалімдер.
  • Себебі: Мұғалімдердің қызметке тағайындалмауына орай.
  • Талаптары:  Билікке 50000 адамды қызметке орналастыру туралы өтініш.

31) 27.03.22

Өткен орны: Бурса (Тұрғын үй алаңы)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Сельчукбей көшесінен Тұрғын үй алаңына дейін шеру.
  • Қатысушылар саны: шамамен 150 адам
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Йылдырым тұрғындары.
  • Себебі: Бағаның өсуі, жалақы деңгейінің төмендігі.
  • Негіз: Yemek Sebeti наразылық акциялары аясында.
  • Талаптары:
    -Жанар-жағар май, электр қуаты мен газ бағасын өсіруден бас тарту;
    — Қаржылай қиындық салдарынан электр қуаты, табиғи газ бен су шоттарын төлей алмай отырған тұрғындардың электр қуаты, газ бен суы өшірілмеуі тиіс;
    -Энергетикалық мекемелерді мемлекет меншігіне өткізу;
    -Ауыл шаруашылығын қолдауды арттыру;
    -Зейнетақы мен жалақыны арттыру.

32) 28.03.22 — 29.03.22

Өткен орны: Черкезкей-Текирдаг (Қызылпынар ауданы муниципалитеті ғимаратының алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Қатысушылар саны: 40 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: таксистер.
  • Себебі: таксистердің тұраққа тұру құқық болғанына қарамастан, номер белгілері мен рұқсат берілмеген.
  • Талаптары: Муниципалитет теңдік принципі негізінде құқық берсін.

33) 18.03.22- 28.03.22

Өткен орны: Стамбул (Авджилар)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Лозунгтері: Жұмыстан қуылған жұмысшыларды қайтарыңдар!
  • Қатысушылар саны: белгісіз.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Xiaomi жұмысшылары.
  • Себебі: Xiaomi зауытынан 110 жұмысшының қуылуы.
  • Талаптары: 110 қызметкерді бұрынғы жұмыс орнына қайта қабылдау.

34) 28.03.22

Өткен орны: Анкара (Башкент электроэнергетикасы Бас басқармасы ғимаратының алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Лозунгтері:
    — Жұмыстан қуылған жұмысшыларды қайтарыңдар!
    -Басшылық, сары кәсіподақпен ынтымақтастықты доғарыңдар!
    -Жұмыстан босатуды тоқтатыңдар!
  • Қатысушылар саны: 17 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Enerji-Sen компаниясы, CHP өкілдері.
  • Себебі: Жұмысшылардың жұмыстан негізсіз босатылуына орай.
  • Талаптары: Жұмыстан себепсіз босатылған жұмысшыларды 24 сағат ішінде қайтадан қабылдау туралы талапты орындау.

35) 29.03.22

Өткен орны: Анкара (Түркия парламенті ғимаратының алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Қатысушылар саны: 10 адамға жуық.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Көру қабілеті нашарлаған адамдар.
  • Себебі: Көру қабілеті нашарлаған адамдарға өз бетінше дауыс беруге ықпал ететін ережелер енгізу.

36) 30.03.22

Өткен орны: Конья (Бейшхир, Adidas ғимаратының алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Қатысушылар саны: 20 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Türk-İş мүшелері (Түркияда еңбек ететін кәсіподақтар конфедерациясы) және TEKSİF (Түркияның тоқыма, трикотаж, тігін және тері өнеркәсібі жұмысшыларының кәсіподағы), Akkanat Holding компаниясының 9 қызметкері.
  • Себебі: Adidas компаниясы жұмысшыларының кәсіподаққа мүше болуына орай жұмыстан қуылуы.

37) 30.03.22

Өткен орны: Стамбул (Yemeksepeti компаниясы бас кеңсесінің алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Қатысушылар саны: 15 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Студенттік және университеттік феминистік ұжым.
  • Себебі: Жұмысшылардың кәсіподаққа мүше болуына орай жұмыстан қуылуы.
  • Талаптары: EnerjiSA компаниясы жұмысшыларының жұмысқа қайта қабылдануын талап ету.

38) 31.03.22

Өткен орны: Маниса (Pilenpak зауыты ғимаратының алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Қатысушылар саны: 80 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Basın-İş кәсіподағы, жұмыстан босатылғандар.
  • Себебі: Basın-İş кәсіподағына мүшелікке өткен жұмысшылардың жұмыстан босатылуы.

39) 31.03.22

Өткен орны: Стамбул (Кадыкей)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Қатысушылар саны: 34.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: DİSK/Enerji-Sen өкілдері.
  • Себебі: Жұмысшылардың кәсіподаққа мүше болғаны үшін жұмыстан босатылуы.
  • Талаптары: EnerjiSA компаниясы жұмысшыларының жұмысқа қайта қабылдануын талап ету.
Иран

1) 02.03.22

Өткен орны: Тегеран — прокуратура ғимараты

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Қатысушылар саны: 100-150 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы:  Badran Gostaran акционерлік компаниясының құрбандары.
  • Себебі:  активтердің ұрлануы, сот билігінің компания қожайындарын жауапкершілікке тартудан бас тартуы.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

2) 02.03.22

Өткен орны: Шуш — Шуш губернаторының кеңсесі

  • Наразылық белсенділігінің түрі: ереуіл
  • Мәнерлі  лозунгтері: Қорықпаңдар, қорықпаңдар, біз біргеміз!
  • Қатысушылар саны: 50-100 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Pars Haft Tappeh Paper жұмысшылары.
  • Себебі: жалақының төленбеуі, жұмысшылар санатының дұрыс жіктелмеуі.
  • Талаптары:
    -қызметтерді жіктеу жоспарын енгізу;
    -жалақыны көтеру.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

3) 03.03.22

Өткен орны: Тебриз — әкімшілік ғимараты

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Мәнерлі  лозунгтері: Денсаулық сақтау қорғаны, қызметке баратын жолдағы тұтқын!
  • Қатысушылар саны: 70-80 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Медициналық құрам.
  • Талаптары:
    — корпоративтік дәрежені ресми дәрежеге алмастыру;
    — қарыздарды өтеу.
  • Себебі: алты айдың жалақысын төлеу, дәрежені өзгертпеуі.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

4) 03.03.22

Өткен орны: Сангруд — Sangrood көмір шахтасы

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Қатысушылар саны: 20-30 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Күзетшілер.
  • Себебі: үш айлық жалақының төленбеуі.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

5) 05.03.22

Өткен орны: Абадан — Abadan Petrochemical компаниясының аумағы.

  • Наразылық белсенділігінің түрі: ереуіл
  • Мәнерлі  лозунгтері:
    — Қанаушыға өлім!
    — Жұмысшы өлуде, ол басынуға жол бермейді!
  • Қатысушылар саны: 50-70 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: жұмысшылар.
  • Талаптары:
    — жалақыны көтеру;
    — берешектерді төлеуді іске асыру.
  • Себебі: жалақының төленбеуі.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

6) 05.03.22

Өткен орны: Бүкіл Иран бойынша — Дәрігерлер ішкі медицина, психиатрия, кардиология, урология, акушерлік, офтальмология, педиатрия және т.б. салаларда қызмет етеді

  • Наразылық белсенділігінің түрі: ереуіл
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Жоспарға сай мамандандырылатын дәрігерлер.
  • Себебі: төмен деңгейлі жалақы, аймақтың қолайсыз жағдайы.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

7) 06.03.22

Өткен орны: Керман, Тебриз, Шуштар, Казвин, Керманшах, Арак — Әлеуметтік қамсыздандыру ұйымы

  • Наразылық белсенділігінің түрі:  Митинг.
  • Мәнерлі  лозунгтері:
    -Уәде беруді доғарыңдар, дастарқанымыз бос!
    -Біз өз құқығымыз өтелмейінше, отырмаймыз!
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: әлеуметтік қамсыздандыру зейнеткерлері.
  • Себебі:  жалақының теңсіздігі, зейнетақы қорларын мемлекеттің тонауы.
  • Қатысушылар саны: 50-100 адам.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

8) 06.03.2022

Өткен орныИсфахан мен Альборза — Құрыш құятын қор

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Мәнерлі  лозунгтері: Қанауды доғарыңдар, біздің дастарқанымыз бос»!
  • Қатысушылар саны: 50-100 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Isfahan Steel зейнеткерлері.
  • Себебі:  төмен деңгейлі жалақы.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

9) 06-07.03.2022

Өткен орны: Шуш —муниципалитет ғимараты

  • Наразылық белсенділігінің түрі: ереуіл
  • Қатысушылар саны: 30-50 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: муниципалитет жұмысшылары.
  • Себебі: жалақының уақтылы төленбеуі.
  • Талаптары: қарызды өтеу.
  • Соңы: Наразылық білдіруші жұмысшылары митингті олардың талаптарын губернатор орындауға уәде бергеннен кейін аяқтады. Алайда губернатор уәдені орындамаған соң муниципалитет алдына қайта жиналды.

10) 07.03.2022

Өткен орны: Кут Абдалла — Қала муниципалитеті

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Қатысушылар саны: 30-50 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Муниципалитет жұмысшылары.
  • Себебі: 6 айдың жалақысы мен сақтандырудың төленбеуі.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

11) 07.03.2022

Өткен орны: Тегеран — электр тораптарын басқару жөніндегі Тегеран компаниясы

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Қатысушылар саны: 50-70 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Электр қуатын таратумен айналысатын зейнеткерлер.
  • Себебі: айлық төлеудегі кемсітушілік, жалақы деңгейінің төмендігі.
  • Соңы:  Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

12) 07.03.2022

Өткен орны: Чахармахал және Бахтиари провинциясы — губернатор кеңсесі

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Қатысушылар саны: 50-60 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Жол жұмысшылары.
  • Себебі: жалақының төленбеуі.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

13) 07.03.2022

Өткен орны: Бушир — Busher Petrochemical

  • Наразылық белсенділігінің түрі: ереуіл
  • Себебі: қаңтар және ақпан айларына жалақының төленбеуі.
  • Қатысушылар саны: 70-100 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Жұмысшы компаниялар.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

14) 08.03.2022

Өткен орны: Хузестан — Ахваз революциялық соты

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Қатысушылар саны: 40-50 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы:мұғалімдер.
  • Ұйымдастырушылар: Хузестан мұғалімдер одағы.
  • Себебі: Хузестан мұғалімдер одағының үш мүшесі қамауға алынды.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

15) 08.03.2022

Өткен орны: Тегеран, Альборз, Хорасан-Разави, Тебриз, Кум, Шираз, Исфахан, Ахваз, Илам, Чахармахал және Бахтиари, Зенджан, Лорестан, Маркази провинциясы, Мазендаран, Ардебиль, Йезд — Телекоммуникациялық компаниялар ғимараты

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Қатысушылар саны: 50-100 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: телекоммуникациялық компания зейнеткерлері.
  • Себебі:  нашар тұрғын үй жағдайы, төменгі зейнетақы деңгейі.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

16) 08.03.2022

Өткен орны: Тегеран — парламент ғимараты

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Қатысушылар саны: 50-100 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Homa Airlines компаниясының зейнеткерлері.
  • Себебі: Homa зейнетақы қорының Ұлттық зейнетақы қорына өткізу.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

17) 08.03.2022

Өткен орны: Тегеран — Иран медицина ғылымдары университеті  

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Мәнерлі  лозунгтері: Біліксіздік үшін жауапкершілік алғымыз келмейді!
  • Қатысушылар саны: 50-60 шақты адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: стажер дәрігерлер.
  • Себебі: 11 айлық жалақының төленбеуі, Денсаулық министрлігі бекіткен 25 пайыздық үстеме ақшаның төленбеуі.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

18) 09.03.2022

Өткен орны: Керманшах — стоматологиялық мектеп

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Мәнерлі  лозунгтері: Ақылы стажер — тегін жұмысшы емес!
  • Қатысушылар саны: 40-60 шақты адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: студенттер.
  • Талаптары: жалақыны 900 мың томанға дейін көтеру.
  • Себебі: сабақтардың өтпеуі, көптеген оқытушылардың жұмыстан босатылуы.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

19) 09.03.2022

Өткен орны: Тегеран — Иран медицина ғылымдары университеті  

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг
  • Мәнерлі  лозунгтері: Біліксіздік үшін жауапкершілік алғымыз келмейді!
  • Қатысушылар саны: 50-60 шақты адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: стажер дәрігерлер.
  • Себебі: 11 айлық жалақының төленбеуі, Денсаулық министрлігі бекіткен 25 пайыздық үстеме ақшаның төленбеуі.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

20) 09.03.2022

Өткен орны: Карадж — Saipa Industrial Forms

  • Наразылық белсенділігінің түрі: ереуіл
  • Мәнерлі  лозунгтері Дастарханымыз бос!
  • Қатысушылар саны: 40-50 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: жұмысшылар.
  • Себебі: төмен деңгейлі жалақы.
  • Талаптары: жалақыны өсіру.
  • Соңы: Негізгі талаптары орындалмайынша ереуілді жалғастыра беретіндіктері хабарланды.

21) 10.03.2022

Өткен орны: Шираз —Фарс губернаторының кеңсесі

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг
  • Қатысушылар саны: 40-60 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: медициналық қызметкерлер құрамы
  • Талаптары: Денсаулық сақтау министрлігіне ресми түрде жұмысқа орналасу.
  • Себебі:  кемсіту, мәжбүрлеп шығарамыз деп қорқыту.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

22) 12.03.2022

Өткен орны: Тегеран — Күзет кеңесінің ғимараты

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Қатысушылар саны: 50-70 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: бюджет саласы жұмысшылары
  • Себебі: жалақыны бар болғаны 10%-ға ғана өсіруі.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

23) 12.03.2022

Өткен орны: Ассалуйе — Jahanpars компаниясының аумағы

  • Наразылық белсенділігінің түрі: ереуіл
  • Қатысушылар саны: 20-30 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: жұмысшылар.
  • Себебі:  жалақының төленбеуі.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.    

24) 13.03.2022

Өткен орны: Тегеран, Исфахан, Дамган — зейнетақы орталықтары

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Қатысушылар саны: 30-40 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Құрыш құю өнеркәсібінің зейнеткерлері.
  • Себебі:  төменгі зейнетақы, биліктің бұлардың талаптарын елемеуі.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

25) 13.03.2022

Өткен орны: Тебриз, Решт, Ардебиль, Керманшах, Шуштер, Арак — Әлеуметтік қамсыздандыру басқармасы

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Себебі:  тең құқықтың сақталмауы, төменгі зейнетақы.
  • Қатысушылар саны: 50-70 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Зейнеткерлер.
  • Талаптары:
    — зейнетақы мөлшерін күнкөріске жұмсалатын нақты қаражат негізінде анықтау, тиімді тегін медициналық сақтандыру қызметін көрсету;
    — зейнетақыны толық теңестіруді жүзеге асыру.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

26) 13.03.2022

Өткен орны: Тегеран — Иранның ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар министрлігі

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг
  • Қатысушылар саны: 50-60 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: телекоммуникациялық компаниялардың зейнеткерлері.
  • Себебі:  төменгі зейнетақы, талаптарын биліктің елемеуі.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

27) 16.03.2022

Өткен орны: Тегеран — Күзет кеңесі ғимараты

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Қатысушылар саны: 70-100 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: бюджет саласы қызметкерлері.
  • Себебі:  жалақыны бар болғаны 10%-ға ғана өсіруі.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.    

28) 17.03.2022

Өткен орны: Казвин — компания аумағы

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Қатысушылар саны: 30-50 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Qazvin Pars Pamchal жұмысшылары.
  • Себебі:  6 айлық жалақының және сақтандырудың төленбеуі.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

29) 17.03.2022

Өткен орны: Тегеран — Президенттің бас кеңсесі

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Қатысушылар саны: 20-30 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Гечсаран қаласындағы Падук селосының тұрғындары.
  • Себебі:  су құбырларын жүргіземіз деген желеумен жерді тартып алу.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

30) 19.03.2022

Өткен орны: Лорестан провинциясы

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: мұғалімдер.
  • Себебі: жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың берілмеуі.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

31) 19.03.2022

Өткен орны: Кередж — Shahab Khodro жөндеу шеберханасы

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Қатысушылар саны: 15-20 адам
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: «Вахед» компаниясының жеке секторының автобус жүргізушілері
  • Себебі: «Шахаб Ходро» компаниясының жөндеу шеберханасында үлкен өрт шығуына байланысты 14 автобус тұтастай өртенген, пайдалануға мүлде жарамсыз. Автобус иелері автокөліктерінің газ баллондарын ауыстыруға жөндеу шеберханасына әкеліп өткізген, компания өрт себептері туралы жарияламаған.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

32) 25.03.2022

Өткен орны: Мианкале

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Қатысушылар саны: 20-30 адам
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Шаруалар мен белсенді экологтар.
  • Себебі: Мианкале жартылай аралында мұнай химиялық зауыты жобасын салуға қарсы.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

33) 26.03.2022

Өткен орны: Исфахан — Исфахан сумен жабдықтаушы аймақтық компаниясы 

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг.
  • Мәнерлі  лозунгтері: Өз құқығымызды талап етеміз!
  • Қатысушылар саны: 80-150 адам
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: шаруалар.
  • Себебі: жарлықтардың, жергілікті биліктің өз уәделерін орындамауы, судың жетіспеушілігі.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

34) 30.03.2022

Өткен орны: Гилан — «Гилан» телекоммуникациялық компаниясы

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Митинг
  • Қатысушылар саны: 50-100 адам
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: жұмысшылар.
  • Себебі: Әлеуметтік қамсыздандыру ұйымына қарызды төлемеуіне орай қызметкерлерге медициналық қызмет көрсетілмеуі.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.

35) 31.03.2022

Өткен орны: Барз, Комян және Нетенз — деревняларға таяу маңда орналасқан шахталар аумағы.    

  • Наразылық белсенділігінің түрі: Шеру.
  • Қатысушылар саны: 150 — 200 адам
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Село тұрғындары.
  • Себебі: Бұл деревнялардың тұрғындары қоршаған ортаға залал келтіретін жарлауық кендерінің жұмысына қарсы наразылық танытты.
  • Соңы: Акция қатысушылардың тарқауымен аяқталды.
Әзірбайжан

АСТАНА

1) 01.03.22

Өткен орны: Баку, Жоғарғы Сот ғимаратының алдында 

  • Наразылық белсенділігінің түрі:  митинг.
  • Қатысушылар саны: 5 адам
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: «Товуз ісі» бойынша қамалғандардың туыстары.
  • Себебі: Жоғарғы соттың 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырып, түрмеге отырғызу түріндегі жазалау әдісін қалдыру шешімі.
  • Соңы: тарқады.

2) 01.03.22

Өткен орны: Баку, Ресей елшілігінің алдында

  • Наразылық белсенділігінің түрі: наразылық акциясын өткізуге ұмтылыс.
  • Қатысушылар саны: 15 адам
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Әзірбайжан демократия және молшылық қозғалысының өкілдері.
  • Себебі: Ресейдің Украинадағы әскери операциясы.
  • Соңы: Полиция қызметкерлері наразылық білдірушілерді қуып тарқатты.

3) 04.03.22

Өткен орны: Баку, Ресей елшілігінің алдында

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Қатысушылар саны: 4 адам
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: “Қорғау шеңбері” құқық қорғау ұйымының өкілдері.
  • Себебі: Ресейдің Украиндағы әскери операциясы.
  • Соңы: Арыздарын оқыған соң тарқады.

4) 05.03.22

Өткен орны: Баку, Президент Аппаратына таяу маңда

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Қатысушылар саны: 6  (оның ішінде – 4 бала).
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Губинск ауданының тұрғындары.
  • Себебі: Президент аппаратынан және Мехрибан Алиевадан көмек сұрағаны үшін наразылық білдірушіні Губинск ауданы атқарушы билігінің басшысы Зияддин Алиевтің қорқытуы, Президент аппаратының нұсқауын ескермей, Атқарушы билік тарапынан көмек көрсетілмеуі, ауыр тұрмыстық жағдай, наразылық білдірушілердің аутизммен ауыратын баласына көмек көрсетілмеуі.
  • Соңы: Тарқады.

 5) 08.03.22

Өткен орны: Баку, Низами көшесіндегі «МакДональдс» кафесі алдында – Натаван ескерткіші

  • Наразылық белсенділігінің түрі:  шеру.
  • Қатысушылар саны: шамамен 50 адам
  • Лозунгтері:
    -Озбырлық жойылсын, әйелдер жасасын!
    -Достастырма, терге!
    -Әйел өлімі – саяси қылмыс
    -Әйелдер біріксін. Үнсіздікке – жол жоқ, көтеріліске – бар!
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: феминистер.
  • Себебі: әйелдерді өлтіру, кәмелет жасына толмағандарға зорлық-зомбылық көрсету, ерте жаста үйлендіру.
  • Негіз: Халықаралық әйелдер күні.
  • Талаптары:
    -отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін жергілікті билік шаралар қолдансын;
    -әйелдер өз құқығын қорғау мақсатында ұйымдасқан күрес жүргізуі үшін барлық кедергілерді жою;
  • Күштер қолдану: Полиция наразылық білдірушілердің бірнеше палакаттарын, сонымен бірге LGBT жалауын тартып алды.
  • Соңы: арыздарын оқыған соң тарқады.

6) 10.03.22

Өткен орны: Баку, Ичери Шехер метро станциясының шыға берісінде

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Қатысушылар саны: 3 адам
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: ардагерлер.
  • Себебі: Ауыр тұрмыс жағдайы, ардагерлерге немқұрайлы қарау.
  • Соңы: тарқады.

7) 10.03.22

Өткен орны: Баку, Президент Аппаратына таяу маңда 

  • Наразылық белсенділігінің түрі:  митинг.
  • Қатысушылар саны: 12 адам
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Bank Standard салымшылары.
  • Себебі: Наразылық білдірушілер лицензиясынан 5 жылға айрылған Standard банктен өз қаржы құралдарын кері қайтара алмай отыр.
  • Соңы: тарқады.

8) 11.03.22

Өткен орны: Баку, Президент Аппараты алдында

  • Наразылық белсенділігінің түрі: жеке пикет.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: әйел
  • Себебі: мемлекеттік міндетті медициналық сақтандыру агенттігінің шешімі бола тұра, Covid-19 вакцинасынан босатпау, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік жәрдемақы беруге қатысты немқұрайлылығы.
  • Соңы: қабылданды.

9) 11.03.22

Өткен орны: Баку, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында

  • Наразылық белсенділігінің түрі: жеке пикет.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: ардагер.
  • Себебі: Мүгедектік тобының дұрыс анықталмауы.
  • Соңы: Министрлік қабылдады.

10) 11.03.22

Өткен орны: Баку, Бас Прокуратура алдында

  • Наразылық белсенділігінің түрі:  жеке пикет.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Түркия азаматы.
  • Себебі: Наразылық білдіруші азаматтың сөзі бойынша, ол Мехман Инсанов пен Асиф Джабраиловтың алаяқ әрекетінің құрбаны болып отыр, олар жәбірленушіден бизнес ашамыз деген желеумен 39 мың $ алған, әділетсіз сот жүйесі.
  • Соңы: Прокуратура қабылдады.

11) 14.03.22

Өткен орны: Баку, Бас Прокуратура алдында

  • Наразылық белсенділігінің түрі: жеке пикет.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: 2021 жылдың 1 наурызында кісі қолынан қаза тапқан спортшы Бахтияр Насибовтың анасы.
  • Себебі: қылмыстық істің әділетсіз қаралуы.
  • Соңы: Прокуратура қабылдады.

12) 18.03.22

Өткен орны: Баку, Президент Аппараты алдында 

  • Наразылық белсенділігінің түрі:  жеке пикет.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: ер адам
  • Себебі: наразылық білдіруші Гейгельге жер телімі мәселесін шешу үшін төлеген ақшаны игеру және алаяқтық, сот жүйесінің салғырттығы.
  • Күштер қолдану: Полиция қызметкерлері тарапынан күш қолданылды.
  • Соңы: ұсталды.

13) 18.03.22

Өткен орны: Баку, Қорғаныс министрлігі ғимараты алдында

  • Наразылық белсенділігінің түрі: жеке пикет.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: әйел
  • Себебі: наразылық білдірушінің ұлына шехид дәрежесін бермеу, инспектордың наразылық білдірушінің ұлы өзін-өзі өлтірген деп қылмысқа немқұрайлы қарауы.
  • Соңы: Министрлік қабылдады.

14) 19.03.22

Өткен орны: Баку, Модульді Клиника алдында

  • Наразылық белсенділігінің түрі:  митинг.
  • Қатысушылар саны: 12 адам
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: клиниканың кіші медперсоналы.
  • Себебі: Medi Style MMC тарапынан 3 айлық жалақының төленбеуі.
  • Соңы: тарқады.

15) 24.03.22

Өткен орны: Баку, Бакиханов поселкі

  • Наразылық белсенділігінің түрі:  жиналыс
  • Қатысушылар саны: 20 адам
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: ғимарат тұрғындары.
  • Себебі: Ғимараттың апатты жағдайы, Атқарушы билік ешқандай шара қолданбауда.
  • Соңы: тарқады.

16) 28.03.22

Өткен орны: Баку, Қорғаныс министрлігі алдында

  • Наразылық белсенділігінің түрі:  митинг.
  • Қатысушылар саны: шамамен 30 адам
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: II Қарабах соғысының қатысушылары.
  • Себебі: Ардагер дәрежесін бермеу.
  • Соңы: тарқады.

17) 29.03.22

Өткен орны: Баку, №3 қалалық клиникалық аурухана алдында

  • Наразылық белсенділігінің түрі:  митинг.
  • Қатысушылар саны: 3 адам
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: LGBT өкілдері
  • Себебі: Дәрігерлердің LGBT өкілдеріне біржақты қатынасы.
  • Соңы: тарқады.

18) 29.03.22

Өткен орны: Баку, Әлеуметтік қорғау және еңбек Министрлігі алдында 

  • Наразылық белсенділігінің түрі: жеке пикет.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: ардагер.
  • Себебі: Ауыр тұрмыстық жағдай, ардагерлерге немқұрайлы қарау, мүгедектік тобын алу процесінің күрделілігі.
  • Соңы: Министрлік қабылдады.

19) 30.03.22

Өткен орны: Баку, Бас Прокуратура алдында, сосын Президент аппаратына таяу маңда

  • Наразылық белсенділігінің түрі:  жеке пикет/күре тамырын кеспек болған.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: ерлер.
  • Себебі: Сот жүйесіне көңілі толмау, Гюльнар Расулованың қызметтік міндеттемелерін асыра сілтеп қолдануы (АР Президентінің Атқарушы аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлім басшысының орынбасары).

20) 30.03.22

Өткен орны: Баку, Денсаулық сақтау министрлігі алдында

  • Наразылық белсенділігінің түрі:  митинг.
  • Қатысушылар саны: шамамен 30 адам
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: дәрігерлер.
  • Себебі: Министрліктің медицина университеттерінің шетелдік дипломдарын мойындамауы.
  • Соңы:  бірнеше адамды Министрлікте қабылдады.

21) 30.03.22

Өткен орны: Баку, Баку аппелляциялық сотының алдында

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг.
  • Қатысушылар саны: 2 адам
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: әйелдер.
  • Себебі: Гянджин ісі бойынша қамауға алынғандардың туыстары ұлдарын босатуды талап етті.
  • Соңы: тарқады.

22) 30.03.22

Өткен орны: Баку, Бас Прокуратура алдында

  • Наразылық белсенділігінің түрі: жеке пикет.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: ерлер.
  • Себебі: Сот жүйесіне және Әлеуметітк қорғау және Еңбек министрлігіне наразылық.
  • Соңы: тарқады.

23) 31.03.22

Өткен орны: Баку, Әділет министрлігі ғимараты алдында

  • Наразылық белсенділігінің түрі:  жеке пикет.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: журналист/белсенді.
  • Себебі: атқарушылық сот бөлімінің 4 жыл бойы сот шешімін орындамау салдарынан Ясамал аудандық сотының шешіміне наразылығы.
  • Соңы: ұсталды.

 

АУДАНДАР

1) 07.03.22

Өткен орны: Нефтчала, Банка поселкі

  • Наразылық белсенділігінің түрі:  жиналыс.
  • Қатысушылар саны: 11 адам
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: поселок тұрғындары.
  • Себебі: Кура өзенінде су деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, ИВ ауданының немқұрайлылығы.
  • Соңы: тарқады.

2) 10.03.22

Өткен орны: Хырдалан, 28-ші көше

  • Наразылық белсенділігінің түрі: жиналыс.
  • Қатысушылар саны: 10 адам
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: ғимарат тұрғындары.
  • Себебі: Коммуналдық мәселелер.
  • Соңы: тарқады.

3) 12.03.22

Өткен орны: Шамкир

  • Наразылық белсенділігінің түрі жиналыс.
  • Қатысушылар саны: 20 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: кәсіпкерлер.
  • Себебі: Ресей-украиналық шиеленіске және рубль бағамының төмендеуі салдарынан кәсіпкерлердің жағдайының ауырлауы.
  • Талаптары: АР Экономика министрлігі тарапынан қолдау.
  • Соңы: тарқады.

4) 22.03.22

Өткен орны:  Хырдалан

  • Наразылық белсенділігінің түрі:  жиналыс
  • Қатысушылар саны: шамамен 20 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: ғимарат тұрғындары.
  • Себебі: Azərişıq Xırdalan тарапынан электр жарығына есептеу құралдарының орнатылмауы және соның салдарынан 184 пәтердің электр қуатын өшіруі.
  • Соңы: тарқады.
Қазақстан

1) 06.03.22

Өткен орны: Алматы (Сары-Арқа кинотеатрының артында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг
  • Қатысушылар саны: шамамен 300 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: азаматтардың өз бетімен ұйымдастыруы.
  • Себебі: Украина соғысына және Ресейдің әскери ұстанымына қарсы.

2) 08.03.22

Өткен орны: Алматы (Шоқан Уәлиханов атындағы сквер)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: митинг
  • Қатысушылар саны: шамамен 1000 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: феминистік топтар.
  • Себебі: қамауға алынғандарды азаптау.
  • Талаптары:
    -әйелдердің зейнеткерлік жасын 63 жастан 58 жасқа дейін төмендету;
    -әйелдерге амнистия жариялау;
    -әйелдерге отбасында күш көрсетуге қарсы лозунгтер.

3)  08.03.22

Өткен орны: Ақтөбе (қалалық Мәдениет үйінің алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: жиналыс.
  • Қатысушылар саны: 8 адамға жуық.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: 30-64.
  • Талаптары: зейнеткер жасын төмендету.

4) 10.03.22

Өткен орны: Жаңаөзен (әкімдік ғимараты алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: жиналыс.
  • Қатысушылар саны: шамамен 100 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: жұмыссыздар.
  • Талаптары:  мұнай саласына жұмысқа орналастыру.

5) 14.03.22

Өткен орны: Алматы (полиция департаменті алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: жиналыс.
  • Қатысушылар саны: шамамен 20 адам
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: белсенділердің жақтастары.
  • Талаптары: белсенді Жанболат Мамайды босату.

6) 15.03.22

Өткен орны: Ақтөбе (Ақтөбе облысының прокуратурасы)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: жиналыс.
  • Қатысушылар саны: шамамен 15 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: белсенді әрі кәсіпкерҚуат Шамұратовтың туыстары.
  • Талаптары: қаңтар қақтығы оқиғасы бойынша полиция қызметкерлерін қамауға алу.

7) 15.03.22

Өткен орны: Жаңаөзен (Жаңаөзен әкімдігі алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: ереуіл/аштық.
  • Қатысушылар саны: шамамен 10 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: жұмыссыз тұрғындар.
  • Талаптары: Өзенмұнайгаз компаниясына тұрақты, жоғары жалақылы жұмысқа орналастыру.

8) 15.03.22

Өткен орны: Қарағанды

  • Наразылық белсенділігінің түрі: жеке пикет.
  • Қатысушылар саны: 1 адам (зейнеткер ер адам).
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: азаматтық белсенді.
  • Талаптары: Н.Назарбаев атындағы даңғылға бұрынғы Бейбітшілік бульвары атын қайта қайтару.

9) 17.03.22

Өткен орны: Жаңаөзен (өрт сөндіру бөлімі маңында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: видеоүндеу.
  • Қатысушылар саны: шамамен 25 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: өрт сөндіру қызметі қызметкерлері.
  • Себебі:
    -төмен деңгейлі жалақы;
    -қауіпті қызмет;
    -әлеуметтік қамсыздандырудың жеткіліксіздігі, тұрғын үй мәселесі.
  • Талаптары:
    — әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің дәрежесін әскери қызметкерлердің дәрежесімен теңестіру;
    — мұнай өндіру аймағындағы экологиялық жағдайды ескере отырып, үстеме ақы төлеу;
    -2022 жылғы есептік көрсеткіштерді ескере отырып, коммуналдық қызмет ақысын төлейтін жәрдемақыны арттыру.

10) 28.03.22

Өткен орны: Жаңаөзен (әкімдік ғимараты алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: ереуіл/аштық.
  • Қатысушылар саны: 2 адам
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: жұмыссыздар.
  • Себебі: мұнай саласына жұмысқа орналастыруды талап ету; биліктің наразылық білдірушілерді елемеуі.

11) 30.03.22

Өткен орны: Жаңаөзен (әкімдік ғимараты алдында)

  • Наразылық белсенділігінің түрі: мерзімсіз аштық.
  • Қатысушылар саны: 1 адам.
  • Қатысушылардың негізгі құрамы: Өзенмұнайгаз компаниясының бұрынғы жұмысшысы.
  • Себебі: мұнайгаз саласына жұмысқа орналастыруға талап қою.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *